Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі



бет51/63
Дата06.02.2022
өлшемі3,76 Mb.
#40026
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар
Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.
Сайыстың өту барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып. -деп
Ортаға бүгінгі ойынға қатысатын сыныптарды шақырайық.
6 «Ә», 6 «В» сыныптары.
Ал енді оларға әділ баға беретін әділ қазылар қатарымен таныстырып өтейік.
1-ші әділ қазы ____________
2-ші әділ қазы ____________
3-ші әділ қазы ____________

Бүгінгі сайысымыз бес кезеңнен тұрады. Олар:


1 кезең. Таныстыру.
2 кезең. Сұрақ-жауап.
3 кезең. Қатесін тап.
4 кезең. Жұмбақтар
5 кезең. Адасқан әріптер.

Мынау ұшқыр заманда,


Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе ойынымызды бастайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет