8 "Ә" класс оқушысы Жалғасбаев Нұрбектің орындауында
"Мерекем" әні.
1-жүргізуші:
Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене.
2-жүргізуші:
Білмегенді білгізген
Өлшеп киімді кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене
8 класс оқушылары Қуандықова Айым мен Жалинова Айғанымның орындауында
"Ананың тілі" әнінің сазымен "Математика" әні
1-Жүргізуші:
Құрметті көрермендер, математика, физика және информатика пәндерін сүйіп оқитын оқушыларға құрмет көрсетейік!
2-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, осыған орай назарларыңызға 5 "В" класс оқушылары «Математикалық ертегі» ұсынады. Қарсы алыңыздар!
Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт. Сонда:
- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?
- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді.
-Сен ше?
- Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.
- Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.
- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!
- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды.
- Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен.
- Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады.
- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?
- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
- Сағат неше болды?- деп сұрайды.
- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.
- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді?
(Көрермендерге сұрақ)
Жүргізушілер:
Ал, балалар көмектесейік пе? Мынадай сұрақтарға жауап берейік:
1. Сәуленің 2 қуыршағы, 3 алмасы, 1шоколады, 2 апельсині, 5 шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10)
2. Қиылыспайтын түзулер қалай аталады? ( параллель)
3. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
4. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш? (квадрат)
5. Жеті рет өлшеп.....(1 рет кес)
6. Сегіз қырлы...... (1 сырлы)
7. Бір санды 9 есе арттырғанда 27 шығады.Ол қай сан? (3)
8. Үстел беті төртбұрышты оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ,неше бұрыш қалады?(5бұрыш)
9. Білекті .... жығады (бірді)
Білімді..... жығады. (мыңды)
10. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)
Кейін сандардың бәрі былай деп оралады:
Бір дегенім- бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.
1-жүргізуші:
Физика жақын туыс мына бізге
Қозғалыс, энергия, қуат, күш те
Біздерсіз есептелуі мүмкін емес
Жария қылып айтайық мұны бізде..
Достарыңызбен бөлісу: |