Графиктік файлдардың форматтары:
Графиктік формат – бейнені кодтау тәсілі.
ВМР- форматы (ағылш.тіл. Bit Map – «биттік карта»). ВМР – графиктік файлдың стандартты форматы.
PSD - Adobe PhotoShop пакетінің стандартты форматы, көп қабатты бейнелерді сақтайды.
CDR форматы - Corel Draw бағдарламасының форматы және ол векторлық бейнемен қоса, растрлік графиканы және мәтінді сақтау мүмкіндігін береді.
РNG-форматы - ағыл.т. Portable Network Graphic Format – «желі бойынша графиканы жіберу форматы», «пинг» деп оқылады).
GIF-форматы - (ағылш.т. Graphics Interchange Format – «графиканы алмастыруға арналған формат»).
JPEG-форматы - фотобейнелерді сығып сақтауға арналған аса әйгілі формат.
Екі өлшемді графикаға: растрлық, векторлық және фракталдық.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жердевектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Растрлық графикалық редакторлар пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді:
- графикалық примитивтерді (сызықтар, төртбұрыштар, эллипстер және басқаларды) қолмен (тышқанның көмегімен) салу;
- кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу, желімдеп жапсыру;
- сурет салу және бояу үшін кез келген түсті пайдалану;
- ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін кескін фрагменттерін үлкейту;
- мәтінге суреттер қоса отырып, көркем хабарландырулар даярлау;
- алынған кескіндерді сақтау және редакциялау.
Векторлық графикалық редакторларды қолданғанда қолданушы мынадай мүмкіндіктерді пайдаланады:
- обьектілермен жұмыс істеу үшін (орын ауыстыру, масштабтау, айналы бейнелеу) қажетті әр түрлі әдістер;
- обьектілерді реттеу, біріктіру, қиылыстыруға арналған құралдар;
- графикалық эффектілер көп;
- мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі мүмкіндіктері;
- алынған кескіндерді сақтау.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан). Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады). Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Векторлық кескіндер, бұл — сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы — векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады. Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады. Қысқасы қарапайым тілмен айтқанда растрлык кескін компьютерге жазылғанда әр пикселдері жеке жеке сипатталып, анықталып жазылады. Яғни былай. Бірінші қатардағы бірітнші пиксел түсі қара, бірінші қатардағы екінші пикселдің түсі сары,… оныншы қатардағы оныншы пикселдің түсі ақ. Осылай осылай сурет толықтай біткенше сипатталады. Ал векторда сурет математикалық формулалар, кесінділер арқылы сипатталып жазылады. Яғни былай. Төрт бұрышты кескін, ұзындығы 10мм, ені 10мм, түсі қара.
Өздеріңіз де байқаған шығарсыз векторлы кескінді сипаттап жазу әлдеқай оңай әрі қысқа. Сондықтан векторлы кескіннің салмағы да жеңіл, әрі оңай масштабталады.
Векторлық графиктің негізгі элементіне сызық және математикалық формула жатады. Олар осы сызықты сызады. Векторлық графикте объектінің масштабын өзгерткен кезде әр түрлі пиксельдердің орналасу карталары емес, объектінің математикалық модельдерін жадында сақтаудың арқасыда пропорция дәлме-дәл сақталады. Векторлық графикалық редакторлар — Adobe Illustratot, Macromedia Freehand және Corel Draw.
Векторлық графикте қисық үшінші реттің алуан түрлілігі болып табылатын қисық Безье кеңінен тараған. Динамикалық кескін 3D Studio MAX, Corel Draw және Animator Pro редакторларының көмегімен жасалады. 3D Studio MAX программасында кескінді қалыптастырудың мына схемалары пайдаланылады: аз ғана түйінді кадрлар беріледі, ал олардың кадрларын байланыстырушы қалғандары дестені интерполяция арқылы автоматты түрде құрады. 3D Studio MAX редакторы кескіделетін объектілерді былайша түрлендіруді орындауға мүмкіндік береді: берілген траекторияның ұзына бойымен жалжыту; айалдыру; деформация; морфинг. Десте объектіні жарықтандырудың бірнеше жарық көздерін және объектіні келесісіне жайлап трансформациялау.
Үш өлшемді графика: Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.
Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар: - 3D Studio MAX 5; - AutoCAD; Corel Draw және Animator Pro.
Достарыңызбен бөлісу: |