«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы



бет1/22
Дата15.05.2020
өлшемі51,59 Kb.
#68834
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Документ (1)




«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы 
Түсінік хат 
  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 


  2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады. 


  3. Оқыту міндеттері: 


  1. ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру; 


  2. есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру; 


  3. ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру; 


  4. программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету; 


  5. ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру


  6. жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу; 


  7. алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту


  8. қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру; 


  9. оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу. 


  1. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 


  1. 5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 


  2. 6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 


  3. 7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 


  4. 8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 


  5. 9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. 


  1. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады. 


  2. Математика пәнімен пәнаралық байланыс: 


  1. сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану


  2. калькулятор арқылы есептеулер жүргізу; 


  3. графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу. 


  1. Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс: 


  1. үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану


  2. электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану; 


  3. стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану; 


  4. кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану; 


  5. есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика 


  6. элементтерін пайдалану; 


  7. математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану; 


  8. программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу. 


  1. Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс: 


  1. векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану; 


  2. әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану; 


  3. геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру. 


  1. Физика пәнімен пәнаралық байланыс: 


  1. компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан 


  2. білімге тірек жасау; 


  3. дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау; 


  4. физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану


  5. алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру; 


  6. дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі. 


  1. Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс: 


  1. информатика терминдерімен сөздік қорды байыту; 


  2. мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану; 


  3. мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану; 


  4. жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту; 


  5. операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру; 


  6. программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік; 


  7. телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру. 


  1. Биология пәнімен пәнаралық байланыс: 


биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу. 


  1. Химия пәнімен пәнаралық байланыс: 


химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу. 


  1. Тарих пәнімен пәнаралық байланыс: 


дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері. 


  1. Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс: 


  1. жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру


  2. мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану. 


  1. Сызу пәнімен пәнаралық байланыс: 


мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану. 


  1. Технология пәнімен пәнаралық байланыс: 


  1. есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану; 


  2. ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру. 







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет