«Информатика» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет2/8
Дата17.02.2017
өлшемі1,6 Mb.
#9440
1   2   3   4   5   6   7   8

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНИКА


ЭЕМ Телеграф Магниттік Теледидар,

жазу радио, телефон

1.2-сурет. Ақпараттық техника құрамы

Болашақта дискретті мәліметтермен жұмыс істейтін аспаптар көбейе түсуі тиіс, өйткені олар жоғары дәлдікпен сенімді түрде тыңғылықты қызмет атқарады. Сол себепті қазіргі кезеңде цифрлы телефондар мен теледидарлар шығарыла бастады.

Халық шаруашылығында ақпаратты кең қолдану үшін оны сақтайтын, жеткізетін және өңдейтін құралдарды көптеп жасау керек болды. Соның нәтижесінде ақпараттық техника күннен-күнге көбеюде, әсіресе оның ішінде электрондық машиналарға өте көп көңіл бөлінуде, өйткені ақпаратты жылдам өңдеу үшін қолданылатын негізгі электрондық тетік есептеу машинасы болып табылады. Сонымен қазіргі кезде информатиканы кеңінен қолданатын орындарға мыналарды жатқызуға болады:

1) еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды басқару;

2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді автоматтандыру;

3) ЭЕМ-дерді халық шаруашылығында экономикалық ұйымдастыру, басқару жұмыстарына пайдалану;

4) ЭЕМ-дерді оқыту және халық шаруашылығына керекті мамандар даярлауда қолдану;

5) ЭЕМ-дерді халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге пайдалану (медицина, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, энергетика т.б.).

Информатиканың дамуы елдің экономикалық құрылымының және еңбек өнімділігінің өсу деңгейін көрсетеді, сол себепті ол елдің экономикалық қуаттылығының көрсеткіші бола алады.



Санау жүйелері сан деп аталатын, символдар көмегімен бейнеленетін атаулар тәртібінің жиынтығы. Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді. Позициялық емес санау жүйесіне мысал — рим сандары: бірнеше сандар негізгі болып алынған (мысалы, І, V, X), ал қалғандары осы негізгі сандарды қосу арқылы алынады ( VІ, VІІ сияқты) немесе алу ( ІV, ІX сияқты). Ал позициялық санау жүйелеріне екілік, ондық, сегіздік, оналтылық сандар жатады. Мұндағы кез – келген сан сәйкес алфабиттің цифрлары арқылы жазылады, және де әрбір санның мәні осы тізбекте орын алатын, оның орнына тәуелді (позициясына). Мысалы, ондық санау жүйесінде жасалған, 555 жазбасында, 5 саны ғана қолданылған, бірақ оның орын алу ретіне байланысты ол әртүрлі сандық мәнге ие бола алады — 5 бірлік, 5 ондық немесе 5 жүздік. Сондықтан теңдік дұрыс (астынғы индекстер санның қандай санау жүйесінде жазылғанын көрсетеді):

555,510 =5-102 +5-101 +5-100 +5-10-1;

11,012 =1*21+1*20+1*2-1+1*2-2

Екілік санау жүйесінде қосу. Алдын – ала қаралып кеткен ойлардан кейін екілік санау жүйесіндегі бірразрядты сандарды арифметикалық қосу ережесінің орындалу ретін жазайық:

0+0=0; 1+0=1; 0+1=1; 1+1=10.

Демек, аса толу болғанда, үлкен разрядқа ауысу кезінде белгілі есте сақтауды пайдалана отырып, келесіні аламыз:

11101010011,111 +1111100101,011+101100111001,010


Екілік санау жүйесінде алу. Алу амалы қосу амалының керісіншесі болғандықтан бірразрядты сандардың арифметиаклық алынуының ережесін екілік санау жүйесінде жазамыз:

0-0=0; 1-0=1; 1-1=0; 10-1=1.

Осы ережені қолдана отырып, кез – келген жоғарыда келтірілген қосындыны алынған қосылғыштарды қолдана отырып, алумен тексеруге болады. Бұдан, қандай – да бір разрядтағы нөлден бірді алу үшін, «қарыз алу” яғни жетпей тұрған санды көшілес үлкен разрядтардан алу қажет (сондай - ақ, ондық санау жүйесіндегідей үлкен санды кіші саннан алу сияқты).

Екілік санау жүйесінде көбейту. Бірразрядты екілік сандарды көбейту ережелері ең анығырағы:

0.0=0; 1-0=0; 0-1=0; 1-1=1.

Яғни, екі көпразрядты екілік санды көбейту процесін оларды баған бойынша жазу арқылы келесі нәтижені аламыз:

1011,01


х 101,11

101101


101101

101101


101101

1000000,1011

Ескерту, бұл есепті шешу кезінде әрбір разрядта төрт разрядты екілік санның қосындысын табу керек болды. Бұдан екілік санау жүйесіндегі келесі жағдайларды да ескердік

1 +1 +1 =10+1 = 11;



1+141+1=11+1 =100.

Екілік санау жүйесінде бөлу бұл да көбейту мен алуды қолдана отырып ондық сандардағыдай іске асырылады:



Ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне өту

1210 санының екілік санау жүйесінде ұсынылуын табу керек болсын. Келесі түрде көрсетеміз: 12 – ден бастап әрбір дара алынғанды 2 ге ауыстыратындай жүйенің негізіне бөлеміз. Аламыз.

Одан кейін, соңғы дарадан бастап (біздің жағдайда ол әрқашан 1-ге тең болады), барлық қалдықтарды ескере отырып, үлкен разрядқа жазылатын екілік көрсетілуді қалыптастырамыз. Қорытындысында келесі жауапты аламыз: 1210 == 11002.

Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне өту. Бұл өту — жоғарыда көрсетілгенге қарама – қарсы. Бұны орындау жеңіл, яғни екілік санау жүйесінің позициясына негізделе отырып жасаймыз. Екілік санның заңды жазылуы негіздерін дәрежелеу қосындысы түрінде, Яғни екіні дәрежелеу түрінде көрсетілген. Осындай жазба жасау арқылы, алынған қосындының ондық мәндерін санау керек:

1000001001,1012 = (1 • 29 + 0 • 28 + 0 • 27 + 0 • 26 + 0 • 25 + +0•24+1•23+0•22+0•21+1•20+1•2-14-0•2-2+1.2-з)10 = (512 + 8 + 1 + 1.2+ 1/8)10= (521 + 5/8)10= (521,625)10.

(Ескерту, берілген екілік жазбаның ұзындығына қарамастан, 2 санының дәрежесін керек кезде қол астынан табылмайтын, калькуляторсыз оңай есептеуге болады. Шындығында, белгілі, 25 = 32; 28 = 256; 210 = 1024. Яғни белгілі санды екіге бөлу немесе көбейту оңайырақ.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1 Ақпарат дегеніміз не?



2 Ақпараттық процестердің тірі табиғатта, техникада, біздің арамызда бар екендігін дәлелдейтін мысылдар келтір.

3 Адамның ақпараттық әрекеті жайлы не айтуға болады?

4 Адаманан адамға ақпартты қандай формада беруге болады және ол форманы таңдау неге байланысты?

5 Ақпаратты берудің қандай құралдары болуы мүмкін?

6 Формалды тілдерге мысал келтір.

7 Ақпартты кодтау процесі немен анықталады және оның керектігін айт?

8 Ақпаратты өлшеу әдістерін айт.

9 Ақпаратты өлшеу бірлігінің қандай түрлерін білесіңдер?
Ұсынылатын әдебиеттер :

негізгі Әдебиеттер

  1. Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

  2. Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000

  3. Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 1997

  4. Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 1997

  5. Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 1995

Қосымша Әдебиеттер

  1. Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS

  2. WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001

  3. Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004

  4. Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 1998

  5. Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,1997

  6. Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001.

  7. Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001.

  8. Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 1996

  9. Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 1997.

  10. Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 1998


2-3 Дәрістер. ДК архитектурасы

Дәріс сабағының мазмұны:

Базалық аппараттық конфигурация.

Жүйелік блоктың ішкі . құрылғылары.

Дербес компьютердің периферийлі құрылғылары.


Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьтердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады.Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:

  • Жүйелік блок;

  • Дисплей немесе монитор;

  • Пернетақта;

  • Тышқан

Жүйелік блок . Компьютердің ең негізгі құрылғысы - жүйелік блок . Ол тік қораптың ішіне салынған . Оның ішіне дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан . Жүйелік блок құрамына процессор , жедел жад (RAM), тұрақты есте сақтау құрылғысы , қоректендіру блогы , енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді .

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар (периферийлі) деп аталады .



Монитор . Монитор – мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы . Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады . Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері :экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы ,бейнені жаңартудың максималдық жиілігі , қорғау класы .

Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған . Экранның стандартты мөлшерлері : 14 ,15, 17, 19, 20, 21. Қазіргі кезде мөлшерлері 15,17 дюйм болатын мониторлар кеңінен таралған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді мониторларды пайдпланған тиімді.

Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған . Осы тік сымдар арасындағы қадым неғұрлым кішкене болған сайын , алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25-0,27 мм.

Пернетақта – дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік – цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.

Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады.

Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген.

Алфавиттік – цифрлық пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты енгізуге арналған.

Функционалдық пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі перне кіреді. Бұндағы әрбір перне қандай да бір функционалдық қызмет атқарады.

Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында орналасқан.Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі сипатталған :


  • Enter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі .

  • Alt және Ctrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді.

  • Tab пернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін қолданылады.

  • Esc пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін қолданылады.

  • Print Screen – ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған.

  • Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдррмен мен бас әріптерді енгізу үшін, сонымен қатар пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданылады.

  • Home – меңзерді жолдың басына алып келеді.

  • End – меңзерді жолдың аяғына апарады.

  • Delete –мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран обьектілерін жою үшін де қолданылады.

  • Page Up және Page Down – бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу.

  • Caps Loks пернесі бас әріптер режимін қосады немесе ағытады .

  • Num Lok s пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.

Тышқан. Тышқан-графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы.Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес.Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.

Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі-графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп,басқару элементтері әрекетке келтіріледі.

Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары

Аналық плата. Аналық плата дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады .Онда келесі құрылғылар орналасады :


  • Процессор

  • Шина

  • Жедел жад

  • Тұрақты жад

  • Слоттар

Процессор. Процессор-көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатын білдіреді.

Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады.Бұлардың негізін қалаушы 16- разрядты Intel-8086 процессоры болып табылады.IBM PC компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Intel 80286, Intel 80386, Intel 80486 , Intel Pentium 60,66, 75,90,100,133;Intel Pentium MMX, Intel Pentium Pro, Inteil Pentium 2, Intel Celeron, Intel Pentium 3 процессорлары шығарыла бастады.Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Intel фирмасы болса, кейінірек ADM, Cyrix фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.

Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік- олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді.Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар75,90,100,120,133,150,166,200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді.



Шина. Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.

Компьютердің жадысы. Компьютердің жады- оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне , ақпаратты сақтау мерзіміне параметрлеріне қарай ажыратылады. Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз бииттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады.Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға болады. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт , мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша өрнектеген ыңғайлы:

  • 1 Гбайт=1024Мбайт

  • 1Мбайт=1024 Кбайт

  • 1Кбайт=1024 байт

Жедел жад немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез-келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді.Pentium типтес компьютерлердіңжедел жадының көлемі 8 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.

Тұрақты жад-стандартты програмаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад.Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады ,ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар арқылы жүргізіледі.

Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған.Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталғаннан соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.



Қатқыл диск. Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ сақтауға арналған негізгі құрылғы.Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады.Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады.Қазіргі кезде қатқыл дискінің көлемі 40 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда.

Иілгіш дискілерге арналған дискенгізгіш. Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшір, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан. Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 дюймдік дискеттер қолданылады.Оған 1,44 байт көлеміндегі ақпарат жазылады.

Жинақы-дискіге арналған дискенгізгіш. 1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып , оның орнына өлшемдері тура осындай болатын CD- ROM тасуыштарын енгізді. СD- ROM (Comact Disc Read-Mtmory)сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға тән, сондықтан CD-ROM дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жатқызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды.

Бейнекарта. Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады.Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптер SVGA.Ол16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді.Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған .Мысалы, өлшемі 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640х480, ал 19 дюймдік экрандар үшін 1280х1024 шешу пайданылады.Мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу үшін 640х480 шешулі мониторлар жеткілікті.Көптеген қолданьалы программалармен жұмысжасау үшін шешуі 1024х768 болатын мониторлар қажет болады.

Дыбыстық карта. Дыбыс картасы программасы барлық компьютерлік жүйенің дыбысын реттейтін базалық реттеуішке жатады. Яғни ол дыбыс қаттылығын барлық түрін реттейді. Программалық және аппараттық құралдар дыбыстары осы дыбыс ретеуіш қойылған шек көлемінде жұмыс істейді, дыбыс реттеуіштерді индекация тақтасында орнатып болған соң оған таңбаша құрылады. Тышқанның сол жақ басқышын осы таңбашада шерту арқылыреттуіш – мастер ашылады.

Ол компьютерде орнатылған барлық дыбыс құрылғыларына әсер етеді. Тышқанның осы таңбашада оң жақ басқышын шерту кеңейтілген терезені ашады да, дыбысты анықтауға болады: стерео баланс және әр құрылғыға өз дауыс тембірін беруге болады.

Дербес компьютердің периферийлі құрылғылары

Периферийлі (сырқы) құрылғылар. Сырқы құрылғылар (принтер және т.б.) компьютер аппаратурасына сыртқы құрылғыларды басқару құрылғылары деп аталатын арнайы контроллерлер арқылы қосылады.


  • Мәліметтерді енгізу құрылғылары

  • Мәліметтерді шығару құрылғылары

  • Мәліметтерді сақтау құрылғылары

  • Мәліметтерді алмастыру құрылғылары

Мәліметтерді енгізу құрылғылары

Пернетақта. Басқару сигналдарын беру және компьютерге ақпарат енгізу үшін керек. Ол алфабитті – сандық пернелердің стандартты жиынтығынан, сондай – ақ басқарушы және функциональдық, курсорды басқару пернелері, кіші сандық пернелер деп аталатын қосымша пернелерден тұрады. 

Монитор — ақпараттың визуальды бейнесі көрінетін құрылғы (мәтін, кесте, сурет, және т.б. түрінде).  

Сканер — компьютерге графикалық бейнелерді енгізу үшін керек құрылғы. Құжаттың цифрланған бейнелерін құрады да, оны компьютер жадысына апарып орналастырады.  

Егер принтер ақпаратты компьютерден шығарып беретін болса, сканер керісінше қағаз бетіндегі ақпараттарды компьютер жадысына апарып орналастырады. Сканерлердің қолмен жасалатын түрлері, яғни құжат бетін қолмен домалату арқылы және планшеттік сканерлер сыртқы түріне байланыстыкөшіру машиналарына ұқсайды



Манипуляторлар (тышқан, джойстик.) — бұл курсорды басқару үшін қолданылатын арнайы құрылғылар.

Тышқан алақанға толығымен сиятын кішкентай қорап түріндегі құрылғы. Тышқан компьютермен адаптер арнайы блогымен кабель арқылыбайланысқан және оның қимылы дисплей экранындағы курсордың қимылына сәйкес. Құрылғының жоғарғы бөлігінде басқарушы батырмалар орналасқан (әдетте үшеу). Ол қимылдың басы мен соңын беруге, менюде таңдау жасауға көмектеседі.

Джойстик —бұл стержень – қалам. Тік күйден басқа жаққа ауытқуы манитор экранындағы курсордың өзгертілуіне сәйкес келеді. Әдетте компьютерлік ойындарда қолданылады. Кейбір модельдерде джойстикке басу датчигі орналастырылады. Бұл жағдайда пайдаланушы қаламға неғұрлым көп күш түсірсе соғұрлым дисплей экрандағы курсор тез жылжиды.

Трекбол —Корпустың жоғарғы бөлігіне орналастырылған шаригі бар кішкентай қорапша. Пайдаланушы шарикті қолмен жүргізіп отыру арқылы сәйкесінше курсорды қозғалтады. Тышқаннан ерекшелігі оған компьютер қасынан бос орын бөлудің қажеті жоқ, оны машина корпусына да орналастыруға болады.

Мәліметтерді шығару құрылғылары

Принтер — баспаға шығару құрылғысы. Компьютерде кодталған ақпараттарды печатталған мәтін көшірмелері түрінде немесе графика түрінде шығаруды орындайды. Принтерлердің мыңдаған атаулары бар. Бірақ негізгі принтерлердің үш түрі бар: матрицалық, лазерлік және жылжымалы(струйный).

- Матрицалық принтерлер кіші тетіктер комбинациясын қолданады, олар бояғыш лентеларға ұрып отыру арқылы,символдарды қағаз батіне басып шығарады. Принтерде басылатын әрбір символ, тік қатарлар түрінде қалыптастырылатын 9, 18 немесе 24 ине жиынтығымен құрастырылады. Бұл арзан принтерлердің кемшіліктеріне оның жұмысының шулылығы, сапасыз басып шығарылуы жатады. Ол негізінен үй мақсаттарында қолданылады.

- Лазерлік принтерлер ксерокстар (көшірмелер) сияқты жұмыс жасайды. Компьютер өз жадысында мәтін бетінің “бейнесін” қалыптастырадыда, оны принтерге жібереді. Бет жайлы ақпарат электрлік қасиеттерін жарықтандыруға байланысты өзгертетін, жарық сезгішпен жамылған, айналып тұрған барабанға лазерлік сәуле арқылы беріледі

- Жәй жылжымалы принтерлер сия нүктелері арқылы тізбектелген символдар түрінде генерацияланады. Принтердің баспаға беру тетігінің ұсақ каналдары болады. Олар арқылы беттерге тез кебетін сиялар шашылады. Бұл принтерлер қағаз сапасын талап етеді. Түрлі – түсті жәй жылжу принтерлері 4 негізгі түстен тұратын сияларды араластыра отырыптүсін құрады. Олар ашық көк, қып – қызыл, сары және қара.

Принтер компьютермен прнтер кабелі арқылы байланысқан. Ол кабелдің бір ұшы принтер тетігінің ұясына, ал екінші ұшы компьютер принетрінің портына қосылады. Порт – бұлсыртқы құрылғы мен компьютер процессорын қосады.



Плоттер (графқұрастырғыш) — Компьютердің басқаруымен графтар, диаграммалар және суреттер салуға арналған құрылғы.  

Плоттер іс схемеларын, географиялық және метеорологиялық карталар, архитертуралық жобалар және күрделі конструкциялық сызбаларды алу үшін қолданылады. Плоттер бейнелерді қалам көмегімен салады.



Мәліметтерді сақтау құрылғылары

Ақпараттарды сақтау принциптері. Компьютерде өзінің функционалды белгіленуіне байланысты және ақпаратты сақтау әдістеріне байланысты, сондай-ақ конструкциясына байланысты қолданылатын жадының бірнеше типі ерекшеленеді. Компьютер жадысы негізгі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Қазіргі кездегі компьютерлердің сыртқы жадықұрылғылары компьютерді өшіргеннен кейінгі ақпаратты сақтап қалуға мүмкіндік береді., өйткені оларда магниттік немесе оптикалық ақпаратты жазу-оқу әдістері қолданылады. Бұл жағдайларда ақпаратты тасымалдаушы ретінде магниттік және оптикалық дискілер қолданылады. Негізгі жады кей кездері ішкі жады –деп те атайды, ол жүйелік блоктың ішінде орналасады.Ол кез-келген компьютердің міндетті құрама бөлігіне жатады., персоналды компьютерлерде материндік платада орналасады және электрондық микросхема түрінде таратылады. Негізгі жады тұрақты және жедел жадыдан тұрады.

Тұрақты жады немесе тұрақты есте сақтау құрылғысы — ПЗУ (Read only memory - ROM), — тек оқуға арналған жады. Жоғарыда айтылғандай ол электрондық схема түрінде таратылған және компьютердің бастапқы жүктемеленуі кезіндегі программаларды сақтаументораптарын тестілеу үшін қызмет етеді. Бұл жадының типін біз тұрақты деп атаймыз, өйткені мұнда жазылған ақпарат компьютерді өшіргеннен кейін өзгермейді. Ол энергияға байланысты емес, сондықтан ондағы командалар электронды микросхемамен контактыға түскен бірінші ток импульсының берілуімен-ақ орындалады.(Айта кетейік ТСҚ –да сақталған ақпаратты компьютерді өшіргеннен кейін өзгертуге болмайды дегенді білдірмейді, өйткені сақталған ақпараттарды өзгертетін қайта программаланатын тұрақты жады- деп аталатын жады да кездеседі.)

Жедел жады немесе жедел есте сақтау құрылғысы (ОЗУ), процессормен орындалатын өңдеу операциялары кезінде өзгертілетін ақпараттарды өзгертуге немесе керек кезінде қолдануға болады. Бұнда сақталатын барлық ақпарат компьютер қосылып тұрған кезде ғана жадыда сақтауға болады. Құрылымдық түрде жедел жадыны сақтау үшінразрядтарға бөлінген және осы разрядтардың әрқайсысында бит ақпараттар сақтау үшін арналған жады ұяшықтарының жиынтығы ретінде қарауға болады. Сәйкесінше әрбір жады ұяшықтарына нөл мен бірден тұратын жиынтықтар жазылады немесе биттердің реттелген тізбектері компьютердің ақпараттық бөлігін бүтін ретінде қарайтын тиянақты – машиналық сөз. Машиналық сөз компьютердің типіне байланысты әртүрлі ұзындықта болуы мүмкін ( 8 ден 64 битке дейін) және жады ұяшығында кідіретін ең үлкен санды анықтайды. Байтпен өлшенетін архитектура кезінде ақпараттың ең кіші өлшеу бірлігі ретінде байт алынады, бұл кезде машиналық сөз 2, 4-ке немесе 8 байтқа тең болуы мүмкін.Сәйкесінше компьютер жадысының көлемін Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, байтпен өлшеуге болады. Сондай-ақ жедел жадыда машиналық сөз тізбектері түрінде деректер және программалар сақталады. Кез-келген уақытта ұяшықтың кез-келген жерінен таңдау жасауға болады. Сондықтан бұл жадыны еркін таңдау жадысы деп те атайды RAM(Random Access Memory).

Ақпаратты сақтау және оның тасымалдағыштары. Компьютердің сыртқы жадысы (жұмсақ және қатты дискілер, СD-RОМ-дискілер)

XX ғасырдың аяғында ақпараттар ағымының көбеюіне байланысты оларды үлкен көлемде және ЭЕМ-нің пайда болуына байланысты ақпаратты тасымалдағыш, яғни ең ықшам түрде ақпараттарды көп уақытқа сақтау қажеттілігі туды. Қазіргі төртінші кезеңдегі компьютерлерде қолданылатын тасымалдағыштарға жұмсақ және қатты магниттік дискілер және СD-RОМ-дискілер жатады. Олар компьютердің сыртқы жадысының құрамын құрайды.

Тасымалдағышқа ақпаратты жазу сондай-ақ оны іздеу, оқу және жедел жадыға орналастыру үшін қолданылатын құрылғыны жинақтағыш - деп атаймыз. Жазбаның негізіне ақпаратты сақтау және оқу үшін екі принцип болады: — магнитті және оптикалық. Олар компьютер өшкеннен кейін де, ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді.

Магниттік дискілер (МД), олар қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. Жұмсақ(ЖМД) дискіге 5,25 дюйм (133 мм) қазіргі кезде1,2 Мбайта ақпаратты сақтауға мүмкіндігі бар.

Қатты магниттік дискі немесе винчестер, әдетте дисководпен бірге жүйелік блок корпусына орналастырылады(сыртқа орналастыруға болады). Кез-келген, магниттік алғашқы кезде жұмысқа дайын емес. Оны жұмысқа дайын күйге өткізу үшін, оны форматтау керек, яғни диск құрылымы құрылуы керек. ЖМД-үшін бұл магниттік таңбалармен белгіленген секторларға бөлінген магниттік топталған жолдар. Ал қатты МД немесе цилиндр-деп қарауға болады. Дискінің барлық жұмыс істеубеттерінде бір-бірінің үстіне орналасқан.

CD-RОМ (Сотрасt Dіsc Rеаd Оп1у Метоry) 3 Гбайт көлемге дейін игереді. Ақпаратты сақтау сенімділігіменен ұзақ төзімділігіменен ерекшеленеді. (Сапалы түрде қолданғанда 30-50 жылға дейін жұмысқа жарамды болуы мүмкін).Диск диаметрі 5,25, және 3,5 дюйм болуы мүмкін. Оқу және жазу принципі- оптикалық.

Компакт-дискіден ақпараттарды оқу лазерлік сәулелердің көмегімен орындалады.



Магнитті-оптикалық дискілер. Мұнда магнитті және оптикалық жетістіктері ескерілген, оларда кемшіліктер жоқ. Магнитті-оптикалық дискілерге ақпараттарды тез жазуға және оқуға болады. Олар ЖМД- қасиеттерінің артықшылықтарының барлығын сақтай отырып,(бөлек сақтау мүмкіншілігі және компьютер жадысының кеңейтілуі сияқты). Магнитті оптикалық дискінің конструктивті құрамы қалың шыныдан төселген, үстінен мөлдір қорғайтын пластикамен сәуле шашатын алюминдік пленка және ферромагниттік тасымалдаушы жағылады, дискіге қапталады. Өте үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады.

Мәліметтерді алмастыру құрылғылары

Модем — телефонның байланыс желілері арқылы алыс ара қашықтықтағы компьютердің деректерін жеткізу үшін арналған құрылғы. Компьютермен өңделетін сандық сигналдарды телефондық желі арқылы тікелей беруге болады. Өйткені ол адам тілімен сигналдардың дыбыстық жиіліктерін үздіксіз беру үшін арналған.

Модем — дыбыс диапозонының айнымалы ток жиілігіне компьютердің цифрлық сигналдарын ауыстыруды орындайды. Бұл процесс модуляция деп аталады, сондай – ақ кері ауыстыруды да жасайды. Ол ауыстыруды демодуляция деп атаймыз. Модем сөзі осы модулятор/демодулятор сөздерінен шыққан.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қандай сыртқы құрылғылар енгізу құрылғыларына жатады?

  2. Қандай сыртқы құрылғылар шығару құрылғыларына жатады?

  3. Ақпаратты сақтаудың негізгі принциптары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет