Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
«Информатика», 6 сынып бойынша күтілетін нәтижелер
Біледі:
есептеу техникасының даму тарихын;
операциялық жүйенің негізгі функцияларын;
алгоритмнің негізгі түрлерін.
Түсінеді:
ақпараттың екілік код түрінде ұсынылуын;
кезеңмен есепті шешуді;
«авторлық құқық», «плагиат» ұғымдарын.
Достарыңызбен бөлісу: |