«Информатика» пәнінен
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация
10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
МАЗМҰНЫ
1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ 3
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН
ҚҰЖАТТАР 3
3. «ИНФОРМАТИКА», 10 СЫНЫП БОЙЫНША КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР 3
4. ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ 3
ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ 5
6. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 5
7. МОДЕРАЦИЯ ЖӘНЕ БАЛЛ ҚОЮ 5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 31
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы.
«ИНФОРМАТИКА», 10 СЫНЫП БОЙЫНША КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Білу және түсіну:
Білім алушы Интернеттің қызмет ету принциптерінің негізгі идеяларын түсінеді, IP-адрестің мақсаты мен көрсетілуін білетінін көрсетеді, «ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялық», «тұтастық» және «қолжетімділік» ұғымдарының мағынасын, қауіпсіздік шараларын, реляциондық деректер қоры ұғымын, веб-программалау дағдыларын, санау жүйелерін түсінетінін көрсетеді.
Қолдану:
Білім алушы есепті шешу үшін логикалық өрнектер мен амалдарды қолданады, бүтін сандарды ондық жүйеден екілік, сегіздік, он алтылық жүйелерге және керісінше түрлендіреді, деректер қорын құра алады, SQL-ды қолданады, деректер қорына сұраныстар құрады, веб-дизайн құрады, HTML, CSS қолданады, программалық код құрады, практикалық есепті шешу үшін сұрыптау мен іздеу алгоритмдерін қолданады.
Жоғары деңгей дағдылары:
Білім алушы ақпаратты үлестіру үшін іздеу қатарын талдайды, есепті шешудің ең тиімді тәсілдерін сараптайды және Bigdata-ның артықшылығы мен кемшілігін бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |