Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
Күтілетін нәтижелер
Білу: - қауіпсіздік техникасы ережелерін;
- процессор анықтамасын;
- қатты диск анықтамасын;
- бағдарламалық қамсыздандыру анықтамасын;
- ақпараттың анықтамасын;
- ақпараттың әр түрлі формада берілуін;
- алгоритм анықтамасын.
Түсіну: - қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу зардаптары туралы;
- процессордың міндетін;
- қатты дисктің міндетін;
- бөгде жұмысты көшірудің заңсыздығы туралы;
- ақпарат пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарының экономикалық, құқықтық және этикалық аспектілерін;
- пайдаланушының жүйемен жұмыс жасауы үшін бағдарламалық қамсыздандырудың қажеттілігін;
- алгоритмнің сөз түрінде ұсынылуын.
Қолдану: - құжаттарға құпия сөз орнатуды;
- файлдарды жалпы қолданысқа рұқсат етілген етуді;
- жалпы қолданысқа рұқсат етілген файлдарды өзгертуді және жүктеп алуды;
- растрлы бейнелерді құруды және өңдеуді;
- орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысалдарды;
- ойын бағдарламалау ортасында (Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалар анимациясын;
- құжатты баспаға шығаруды тиімді ұйымдастыруды (парақ параметрін орнату, алдын ала көру және т.с.с.).
Талдау: - ойын бағдарламалау ортасында (Лого, Scratch) тармақталу және цикл командаларын;
- бөгде жұмысты көшірудің заңсыздығын.
Жинақтау: - өз ойларын көрсету және іске асыру үшін мәтін, графика және мультимедиа түріндегі ақпаратты.
- Бағалау:
- ақпараттың сапасын, маңыздылығын,пайдалылығын және тиімділігін;
- алгоритмнің тиімділігін және оның орындалу нәтижелерін;
- АКТ құралдарының адам денсаулығына кері әсерін.