Информатика пәнінің мұғалімі: Н. Сағынаев 2014 жыл Тақырыбы



Дата31.01.2018
өлшемі83,05 Kb.
Т. Жүргенов атындағы орта мектебі



/ақыл-ой зерделі ойыны/

Информатика пәнінің мұғалімі: Н.Сағынаев

2014 жыл

Тақырыбы: “Информатика алғырлары” /сайыс/

Мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ақыл - ой зерделі ойыны

Жоспары:

1. Бәйге жарысы

2. Полиглот

3. «Жүйрік болсаң, озып көр»

4. Қандай құрылғы?

5. Көкпар? /пікір сайыс/

6. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар. Бүгінгі сайысқа қатысушылар, бүгінгі “Информатика алғырлары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “Информатика алғырлары” атына ие болады. Ойын 6 айналымнан тұрады.

1-ші топ Компьютер тобы

2-ші топ Принтер тобы

Жүргізуші: Ойынымыз 6 айналымнан тұрады:

1. Бәйге жарысы

2. Полиглот

3. «Жүйрік болсаң, озып көр»

4. Қандай құрылғы?

5. Көкпар? /пікір сайыс/

6. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе:



Топтарды таныстыру:

1 топ – «Компьютер»

Ұраны: Тетікті бассаң алаңсыз,
Жазамыз қалам-қағазсыз.

2 топ - «Принтер»

Ұраны: Компьютермен енеміз,
Қағазға басып береміз

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың барысын зерделеп, әділ бағасын беретін әділ-қазы алқасымен таныс болайық. Химия пәнінің мұғалімі Ш. Зәрубекова

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда –дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз.

Оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек.
1. Бәйге жарысы: 1)Лездік сұрақтары «Компьютер» тобына:

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)

2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)

3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)

5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл-Хорезми/

6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60-70)

7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).

8. Буып-түйілген файл (архив)

9. Енгізу пернесі? (enter)

10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)

11. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар? (12)

12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)

13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

14. Paint қандай редактор (графикалық)

15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)


2) Лездік сұрақтары «Принтер» тобына:

1. Файлдар жиыны. (папка)

2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. (MS Word)

3. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)

4. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)

5.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

6. Қандай архиватор бағдарламалары бар? (Win RAR, WinZip)

7. Windows сөзінің аудармасы (терезе)

8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

9. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (мәтін)

10. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (абзац)

11. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)

12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)

13. ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады? (5)

14. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)

15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (пішімдеу)



4. Жүргізуші: Келді кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын үш тілде де беруге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

15 ұпай шәкірт саған несібе.

Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.
Принтер тобына қойылатын сұрақтар:

1. . Құжатты сақтау командасы? /Файл-сақтау, файл-сохранить, Shif+F12/

2. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл – ашу, файл-открыть, file-open/

3. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы

/ Тышқан, мышь, Mouse/

5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete)
Компьютер тобына қойылатын сұрақтар:

1. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет-корзина - basket)



  1. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)

  2. Қиып алу командасы. (түзету-қиып алу, правка-вырезать, Ctrl+X)

  3. Терезені жабу? (файл-шығу, файл-выход, Alt+F4)

  4. Көшіру командасы? (түзету-көшіру, правка-копировать, Ctrl+C)

Келесі айналым

3. Жүйрік болсаң, озып көр: Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

- Екі топ тор көздегі сұрақтарға балдық жүйеде таңдап, жауап беру арқылы ұпай алады. Егер жауабы дұрыс болса, сол таңдаған ұпайды алады.


Қызыл 20 – Дербес компьютердің минимум тізімін ата /жүйелік блок, монитор, пернетақта/

Жасыл 20 – Принтердің түрлері /бүріккіш, лазерлік, матрицалық/

Көк 20 – Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы (пернетақта)

Қызыл 30- Нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер? /таңбашалар/

Жасыл 30- Желі арқылы хабарламалардың алмасу жүйесі. /Электрондық пошта/

Көк 30 – Түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, өлшемді жылжымалы объектілер

(бейне ақпарат)


Қызыл 40 – Компьютердің атасы /Чарлз Бэббидж/

Жасыл 40 – Компьютерде орналастырылған барлық жүйелерді, программаларды басқарады және компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. /операциялық жүйе/

Көк 40 – Монитор экранындағы бір нүкте не деп аталады? /пиксель/


4. Келесі айналым «Қандай құрылғы?» Экранда берліген төртбұрыштың кез-келген біреуін алып тастап астында қандай құрылғын екенін атау керек.

Компьютер тобына

  1. Пернетақта

  2. Тышқан

  3. Аналық жад

Принтер тобына

  1. Принтер

  2. Флеш карта

  3. Монитор

5. Келесі айналым «Көкпар» сайысы. Бұл айнылмда берілген тақырып бойынша екі топ қарама-қарсы пікірлер арқылы ой-толғау, қолдаушы және қарсы пікірлер айтады.



Ендеше Компьютер тобына

Тақырыбы: 1) “Компьютердің пайдасы” 2) “Компьютердің зияны”.

Принтер тобына
6. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бұл айналымда әр топ өз топтарының бірінші әрпінен келетін информатикалық сөздер айту керек. Әр дұрыс сөзге 5 ұпай беріледі.
Ендеше Компьютер тобы «К» әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:

(компьютер, картридж, клавиатура, ксерокс, Кбайт, калькулятор, компакт-диск, курсор, копировать, контур, курсив)


Келесі кезекте Принтер тобы «П» әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:

(принтер, плоттер, пернетақта, процессор, пішімдеу, паскаль, пробел, пуск, проводник, программа)


Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықты көрсеткен



Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –деп әділқазыларға сөз береміз.
“Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық демекпін! Зейін қойып тамашалағандарыңызға рахмет!
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет