«Информатика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту»


Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың 3 сатысы



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#89828
1   2   3   4   5
Байланысты:
phpmxsdHU

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың 3 сатысы

3 сатысы


Ой толғаныс сатысы
Ой толғаныс сатысы
Мағынаны тани білуі
Мағынаны тани білуі

Қызығушылықты ояту


Ойлану
Жұптық талқылау
Болжау
Әлемді шарлау
Түртіп алу
Топтау
Болжау
Әлемді шарлау
Түртіп алу

Мағынаны тани білу


Өз бетімен жұмыс жасау
Жаңа ақпаратпен
Тақырып бойынша жұмыс істейді
Тапсырмалар орындайды

Ой толғаныс сатысы


Семантикалық карта
Бес жолды өлең
Венн диаграммасы
Еркін жазу

Сын тұрғысынан ойлаудың алғашқы нәтижелері


Оқушы
Оқушы
Эссе жазады
Мәтін құрастырады
Өлең жазады
Рефлекция жасайды
Мұғалім
Мұғалім
Мектептен тыс мекемелермен байланыс орнатады
Жұмыс дәптерін жүргізеді
Зерттеу жүргізеді
Ата- аналар
Ата- аналар
Қолайлы жағдай жасайды
Құштарлық білдіреді
Стратегиямен танысуға

Сыни тұрғыдан ойлау жобасында топпен жұмыс жасау қарастырылатын болғандықтан, онда коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шешімін де табуға болады. Топта жұмыс істеу барысында балалар бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға үйренеді. Оқушылар өткен сабақтарда топта жұмыс істегендіктен топта жұмыс істеу ережелерін біледі.


Топтарға алдын ала әзірленген бағалау парақтарын таратып беріледі. Бағалау парағында әрбір тапсырма бағаланатындығы көрсетілген. Оқушылар өз топ басшыларын сайлады, сол топ басшысы бүкіл топ мүшелерін осы бағалау парақтарында бағалауға тиіс болды. Сабақтың мазмұнын ашу мақсатында оқулықтан тыс екі топқа сыни ойлауға дағдылантыратын арнайы сұрақтар берілді. Оқушылардың іс-әрекеті тақырып бойынша ой қозғайды, ұжыммен жұмыс жасайды, өздерінің жұмыстарын тиімді жолмен екінші топқа таныстырады. Оқушылар мәтіннің мазмұнымен өздері танысты. Және топ ішінде сұрақтарға сын тұрғысынан ойлау арқылы әр түрлі нұсқада жауаптар ұсынып талқылау жүргізеді.

Сабақ барысында оқушылар өз пікірлерін, ойларын қорытып, плакатқа сурет, жазба түрінде түсірді. Жұмыс істеу барысында оқушылар белсенді болды, әрқайсысы ойларын айтып жатқандары көрінді. Сонымен қатар теориялық алған білімдерін практика жүзінде еркін көрсетіп отырды. Постер жасап болған соң, топтардың спикерлері жұмыстарын қорғады. Сабақтарда балаларға ерік беріп, өздеріне спикер таңдауға мүмкіндік беріп отырдым. Бағалаудың критерийіне сай оқушылар сол жұмыстарын ауызша қағазға қарамай қорғау болды. Спикерлер үлгерімі жақсы оқушылар болғандықтан, постер қорғауда аса қатты қиындық болған жоқ.

Сабақты қорытындылау мақсатында балаларға өткен жаңа тақырып бойынша рефлексивтік және тест сұрақтары ұсынылады. Балалар сұрақтарға жұпта, кейін топта талқылап, жауап берді. Бағалауда бағалау парақтарында топ көшбасшысы қойған бағалармен таныстыра отырып, оқушыларды бағалаймын. Кері байланыста балалар «Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдым?» деген сұраққа смайликтер арқылы жауап береді. Балалардың жауаптарынан сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтап отырдым


-оқушының - ойлау, талдау, іздену, дәлелдеу қабілеттері артады; -сабақта шешуші рөл атқаратын оқытушы емес, керісінше, оқушы екені туралы пікір қалыптасады; -оқушыны өз пікірін білдіруге және өзгенің пікірін құрметтеуге қалыптасады; - оқушы шығармашылықпен ойлауға жетеленеді; -әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін, бүгінгі және ертенгі нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикaсына мониторинг құруға мүмкіндік алуға болады; - оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай туады; - алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алады; -оқушы мен оқытушы арасындағы өзара сыйластық, бір-бірінің үйренудегі және үйретудегі көмегі зор болады; - пәнге деген қызығушылығы артады; - сыныпта психологиялық жағымды климат орнайды; - сабаққа балалар 100% қатысады;
Өткізілген сабақтарға сараптама жасай отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің келесі тиімді жақтарын анықтадым:

Назарларыңыз үшін рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет