Информатикадан сынақ сабақтарын ұйымдастыру және өткізудің әдіс-тәсілдері



бет1/3
Дата11.01.2022
өлшемі26,7 Kb.
#111168
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
12деңг сұрақ инфо Ілесбек Сымбат ППм-811
14.12.20ж қазіргі қ т, 14.12.20ж қазіргі қ т, Латын әліпбиіне көшу – нағыз халықтық ұйғарым, Сынып Геометрия 2-нуска, Harry Potter and the Philosopher\'s Stone - Harry Potter 1, «Мәңгілік ел» және «рухани жаңғыру» Жаңа Қазақстан философиясы-melimde.com, Дезинфекциялық ерітінділер.

Ілесбек Сымбат

ППМ-811


2-деңгейдің сұрақтары Информатикадан сынақ сабақтарын ұйымдастыру және өткізудің әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз.

Информатикадан сынақ сабақтарын ұйымдастыру және өткізудің әдіс-тәсілдері.

Оқушылардың білімін бағалау – оқу үрдісінің негізгі элементі болып табылады. Информатика пәнінің мұғалімі сынақ сабағын жүргізу кезінде қандай проблемаларға кездеседі, мысалы Word текстік редакторын өту кезінде.

Біріншіден, теориялық білімді тексеру керек: терминдерді, анықтама беру және т.б., мысалы: абзац, редакциялау, форматтау. Сол уақытта текстік редакторда кейбір іс-әрекеттерді орындата отырып практикалық тұрғыдағы біліктілік деңгейін тексеру қажет. Қарап отырғанымыздай жазба жұмысын және практикалық жұмысты косарласа өткізуіміз керек. Бұлардың барлығын бір сабақтың ішінде қалай үлгеруге болады? Бұл проблемены шешу мақсатында бір теория немесе практика түрінде дейтін болсақ онда қателескеніміз.

Екіншіден білімді бағалаудың проблемасы: кеңес беру және көшірту. Сондықтан білім-біліктіліктің дәстүрлі жазбаша және практикалық түрлерін тексеруде ойлануға тура келеді.

Үшіншіден, практикалық жұмысты ұйымдастырудың проблемасы. Жасыратыны жоқ, оқушылардың компьютерде жұмыс жасау жылдамдықтары әртүрлі, онымен қоса компьютерде үздіксіз жұмыс істеу санитарлық нормалармен шектеулі.

Бұл проблемаларды шешу үшін оқушыларды жеке-жеке теориялық та және практикалық та тапсырмаларды орындайтындай етіп ұйымдастыру керек. Оны қалай істеуге болады? Негізінен информатика кабинетінде компьютерлер кабинет периметріне қарай орналасады, ал ортаңғы бөлігінде парталар бар. Сондықтан негізгі жұмысты жүргізу кезінде оқушылар не партада, не компьютер алдында отырады. Әрине компьютерлер саны көп жағдайда жетіспейді. Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Нәтижесінде әр топтан 6-7 оқушы аламыз, оларды бір-бірлеп партаға және компьютерге отырғыза бастаймыз. Сабақ уақытысын екі бөлікке, практикалық және теориялыққа бөлеміз. Осымен бірге түрлі типтегі тапсырмалармен қамтамасыз етеміз.

Нәтижесінде сабақтың бірінші бөлігінде бірінші топ теориялық тапсырманы орындайды, ал екінші топ практикалық тапсырманы орындайды. Сабақтың екінші бөлігінде топтар өзара орындарымен ауысады. Осы сияқты мұғалім оқушының жеке жұмыс істеуін ұйымдастырады, онымен қоса теорияны және практиканы тексереді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет