Информатиканың іргелі негіздері



бет8/67
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116311
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
Байланысты:
лекция ИТН

Сигнал, таңба, символ.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.



Бейнелік  ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.

Хабарламаны бейнелейтін физикалық процесті сигнал деп атайды. Көпшілігінде радиотехникалық жүйелерде электрлік сигнал пайдаланылады. . Сигналдар табиғи және жасанды болады. Табиғи сигналдарға жататындары жарық, акустикалық (дыбыс) және басқа табиғатта кездесетін әртүрлі табиғи құбылыстарда кездесетін сигналдар. Жасанды сигналдарды адамдар ақпарат жіберу үшін құрастырады. Сигналдың материалдық негізі ретінде физикалық нысана немесе процесс пайдаланылады. Оларды ақпарат (хабарлама) тасымалдаушысы деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет