Информатиканың іргелі негіздері



бет65/67
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116311
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
лекция ИТН

Таңдау арқылы сұрыптау - бұл сұрыптаудың ең қолайлы түрі. Әдетте бұл әдіс кестені реттеуді қажет еткен адам ойына ең бірінші келеді. Бұның мәні мынада, мысалы n элементтен тұратын А сандар массиві берілген. Оны таңдау әдісін қолданып элементтерінің өсуі бойынша сұрыптау қажет.Графикалық тәсілде алгоритм әрқайсысы бір немесе бірнеше әрекеттерге сәйкес келетін, бір-бірімен байланысқан функционалдық блоктар тізбегі түрінде бейнеленеді. Мұндай графикалық берілу алгоритм сызбасы немесе блок-сызба деп аталады. 

Псевдокод алгоритмдерді біркелкі жазуға арналған белгілеу лер және ережелер жүйелерін ұсынады, табиғи және формальды тілдер арасында аралық орынға ие. Псевдокодтың ортақ немесе формальды анықтамасы жоқ, сондықтан қызметтік сөздер жиынымен және негізгі (базалық) конструкциялармен ерекшеленетін әртүрлі псевдокодтар болуы мүмкін.

Практикада алгоритмдерді орындаушы ретінде арнайы автоматтар — компьютерлер қолданылады. Сондықтан, компьютерде орындауға арналған алгоритмдер оған түсінікті тілде жазылуы тиіс. Алгоритмді жазу тілі бұйрықтарды (командаларды) талқылаусыз дәл беруі тиісМұндай тіл - бағдарламалау тілі, ал осы тілде алгортимнің жазылуы —компьютерге арналған бағдарлама деп аталады.

Кез келген алгоритмнің логикалық құрылымы үш базалық құрылым комбинациясы түрінде берілуі мүмкін: 
тізбектік, тармақталу, цикл. Базалық құрылымдардың негізгі ерекшеліктері - оларда бір ғана кіру мен шығудың болуы. Алгоритмдерді жеке базалық (яғни, негізгі) элементтерден құралған құрылым ретінде беруге болады. Сондықтан алгоритмдерді құрастыру ұстанымдарын зерттеуді осы базалық элементтерді қарастырудан бастау қажет. 

"Тізбектік" базалық құрылымы. Бірінен соң бірі жалғасып отыратын әрекеттер тізбегінен құрылады. 

"Тармақталу" базалық құрылымы. Шартты тексеру нәтижесіне (иә немесе жоқ) байланысты алгоритм жұмысының альтернативті жолдарының бірін таңдауды қамтамасыз етеді. Жолдардың әрқайсысы ортақ шығуға әкеледі, сондықтан алгоритм жұмысы қандай жолдың таңдалуына қарамастан ары қарай жалғаса береді. Тармақталу құрылымы төрт негізгі нұсқалардан тұрады: егер - онда; егер – онда - әйтпесе; таңдау; таңдау - әйтпесе. 

"Цикл" базалық құрылымы. Цикл денесі деп аталатын кейбір әрекеттер жиынтығыныңбірнеше мәрте орындалуын қамтамасыз етеді.

Күрделі есептер үшін алгоритм құру кезінде декомпозициялар (жоғарыдан төменге қарай жобалау) және синтездің (төменнен жоғарыға қарай жобалау) қатысуымен жүйелік бағыт қолданылады. Күрделі жүйе құрылымын құру кезінде де, алгоритмді қалыптастыру кезінде де дедуктивті және индуктивті әдістер қолданылады. Алгоритмдерді құрудың көптеген әдістері бар, бірақ келесі негізгілерді атап өту қажет: жеке мақсаттар әдісі (декомпозициялар); өрлеу әдістері; шекара және тармақ әдістері; кері өңдеу әдістері; мәліметтер құрылымына негізделген әдістер, динамикалық бағдарламалау және т.б. әдістер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет