Информатиканың іргелі негіздері


ішкі сұрыптау алгоритмдері



бет67/67
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116311
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
лекция ИТН

ішкі сұрыптау алгоритмдері(массивтерді сұрыптау) және сыртқы сұрыптау алгоритмдері(файлдарды сұрыптау). Сандық емес алгоритмдер үшін жазбалар массивтерін сұрыптау тән. Кілттік өріс – сызықтық тәртіптегі қатынаспен анықталатындай мәлімет типімен берілген өріс. Егер бірдей кілтті элементтердің салыстырмалы реті сұрыптауда өзгермесе, онда сұрыптау әдісі орнықты деп аталады.Ішкі сұрыптаулар алгоритмдері – бұл ішкі жадтағы мәліметтерді сұрыптау алгоритмдері, бұл жағдайда қолайлы құрылым – массив. Массивтерді сұрыптау алгоритмдеріне қойылатын басты талап – жадтың экономды пайдаланылуы. Элементтерді in situ (яғни элементтерді қайта топтастыруды жадтың сол жерінде жүргізеді) сұрыптайтын қарапайым сұрыптау алгоритмдері бар: кірулермен сұрыптау, таңдаумен сұрыптау, алмасумен сұрыптау («көбікше» әдісі). Сұрыптаудың жетілдірілген қарапайым әдістері: кемімелі өсімшелі кіру бойынша сұрыптау (Шелл сұрыптауы), ағаш көмегімен сұрыптау (пирамидалық сұрыптау), бөліктеу арқылы сұрыптау (жылдам сұрыптау). Кірулермен сұрыптау – элементтер шартты түрде дайын тізбекке a1,…, ai-1 және кіретін тізбекке ai,…, aбөлінеді, содан кейін әрбір қадамда, i=2 бастап және i-ді бірлікке арттыра отырып, кіретін тізбектің i-ші элементін алып дайын тізбектің тиісті орнына кіргізе береді. Таңдаумен сұрыптау – ең кіші кілтті элемент таңдалады, содан кейін ол бірінші a1 элементімен орын ауыстырылады. Алмасумен сұрыптау – барлық элементтер қажетінше сұрыпталғанша көрші элементтер өзара салыстырылып және орын ауыстырылады.



Қарапайым таңдаумен сұрыптау әдісі қарапайым әдістердің ішіндегі ең жақсысы, алмасумен сұрыптау – ең жаманы, ал жылдам сұрыптау ең тезі және ең жақсысы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет