Информатика сабағын талдау әдістемесі
Мұғалімнің әдістемелік дайындығының маңызды бөлігі сабақты талдай білуі болып саналады. Дидактика және оқыту әдістемесі жөніндегі әдебиеттерде психологиялық, психологиялық-педагогикалық талдау, сабақты өздігінен талдау, ұсынымдар мен ұсыныстардың алуан түрлі нұсқалары бар.
Педагогикалық талдаудың барлық сызбаларында мына инварианттық (өзгермеушілік) элементтері бар:
- сабақ мақсаттары мен міндеттерін қою дұрыстығы мен толықтығы; сабақ жүйесінде сабақтың тақырып бойынша орыны;
- мазмұнды таңдау негіздемесі;
- сабақ құрылымының негіздемесі;
Есептердің негізгі компоненттері. Есептерді шығару əдістемесі.
Оқушылардың өзіндік іс-əрекетін ұйымдастыру.
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалімнің оқушылардың сабақтағы өзіндік іздену қызметін тиімді ұйымдастыра білуіне, әдістемесіне, шеберлігіне байланысты болады. Оқушылардың өзіндік ізденуіне не жатады? Оны қалай ұйымдастыра аламыз? Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажет.Өз бетінше жұмыс оқушылардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Американдық психологтардың анықтамасы бойынша өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – бұл, өз бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша да бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мұғалімнен шығармашылықты, шеберлікті, жоғары методикалық дайындықты талап етеді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі талаптары мыналар:
- мұғалім оқушының жас ерекшеліктерін, жеке ерекшеліктерін ескере отырып нақты тапсырмалар беруі;
- жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
- өздік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс;
- оның орындалуы жайлы оқушыларға бағыт-бағдар беріліп жұмыстың орындалуы қадағалану керек;
- өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, қосымша материалдар дайындап әкелу керек.
- өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
- өзіндік жұмыс сабақтың мақсатына, формасына, түріне сай барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізілу керек.
- өзіне-өзі, басқа топ жұмыстарына талдау жасау, салыстыру, ұсыныс айту, бағалауға дағдыланады;
Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйренеді, техникалық құралдармен жұмыс жасайды, ақпараттық технологияны қолданады, интерактивтік тақтамен жұмыс жасайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Оқушы өзі іздеп, өзі тауып, талдап, керегін ала білсе, есте сақтау қабілеті де жақсарады. Қосымша әдебиетпен жасалатын жұмыста оқушы сөздік, анықтама, ережелерді, журналдарды ақтара отырып, баяндама, реферат, презентация жасайды. талдау түрлері оқушыны ойланып жұмыс жасауға, келешекте тиянақтылыққа үйретеді. Мысалы, реферат жазу оқушыға үлкен жауапкершілік жүктеп қоймай, сонымен қатар ғылыми кітаптармен , арнаулы құжаттармен, ғалым, зерттеушілердің еңбектерімен танысуға, оқуға деген , ізденіске деген қажеттілік құштарлығын туғызады. Оқушыны жұрт алдында сөйлеуге дағдыландырады. Реферат жазу жұмысы , ең алдымен ,таңдаған тақырыпқа байланысты кітаптарды оқып қараудан басталады. Өзіндік жұмыстың бір түріне конспект те жатады. Қазақ әдебиетінде жекелеген пікірлер мен үзінділердің айырмашылығын, ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығын конспектілеу . Кейбір мәтіннің мазмұнын , тарауларын қысқаша өз беттерімен конспектілейді.
Әдебиет сабағында оқушының өздік жұмысы мәнерлеп оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мәтін бойынша жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады.
Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат қоюшылық, ізденушілік, қызығу, т.б.) қалыптасуына әсер етеді.
Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттауға, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың, үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп,онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың, шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Мектеп информатикасының базалық курсын оқыту əдістемесі (5-9 сыныптар). Орта мектептің 5- сыныптарындағы информатика. 5-6 сыныптарда сабақ жүргізу əдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |