«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан СҰРАҚтары мен тапсырмалары


Базалық программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар



бет9/16
Дата10.10.2023
өлшемі4,9 Mb.
#184595
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
ГАК ИОӘ ответтери

Базалық программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар:
Информатика кабинетінде қолданылатын программалық қамсыздандыру
5 топқа бөлінеді:
- жүйелік программалық қамсыздандыру;
- базалық ақпараттық технологияға негізделген программалық қамсыздандыру;
- жалпы мәнді программалық құралдар;
- оқу үрдісіндегі программалық құралдар;
- мектептің сұранысын қанағаттандыратын баспалық қызметке көмекші программалық қамсыздандыру;
Программалық қамсыздандырудың барлық топтарына қойылатын жалпы талаптар:
- лицензиялық келісім (программалық қамсыздандырудың қолданылу тиімділігі);
- консультация беру мүмкіндігі;
- қолданылатын есептеуіш техниканың архитектурасына, компьютерлер типіне, класына және сипаттамасына сәйкестілігі;
- кез келген режимге және тілдік ортаға бейімделген жұмыс жасау қабілеттілігі;
- интерфейсі;
- программалық қамсыздандырумен жұмыс жасауға арналған құжаттардың бар болуы;
- қаріптерді пайдалану мүмкіндігі;
- ақпараттық және программалық құралдарға қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру.



  1. Информатиканы оқыту құралдары: оқу құралдары мен курстың программалық қамтамасыз етілуі біріңғай оқу-əдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі ретінде (мектеп информатика курсын программалық қамтамасыз ету құрамы жəне сипаттамасы).

Жалпы орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың рөлi қазiргi ақпараттық қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.
Информатиканы оқытудың мақсаты – ақпараттық ортада түрлі ақпараттарды қабылдау, беру, түрлендіру және тарату арқылы оқушылардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық мәдениет дегеніміз - тек компьютермен ғана дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көздерін, яғни сөздіктерді, техникалық бағдарламаларды дұрыс пайдалана білу.
Информатиканы оқыту әдістемесі әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі болып табылады.
Информатиканы оқытуда оқу-әдістемелік кешендер үлкен рөл атқарады және оқушылардың сапалы білім алуына үлесін қосады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Информатика пәнінің оқу- әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды қарастыру және 7-9 сынып аралығында оқулықтарға талдау жасау. Frontpage бағдарламасын қолдана отырып, “Paint графикалық редакторы” тақырыбына электрондық курс әзірлеу.
Қазіргі мектептегі информатика курсының оқытылуы - әлемдік педагогикалық практикада бұрын соңғы болмаған құбылыс.
Информатика пәнінің ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды анықтауды жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынады.
Информатиканы оқыту әдістемесі әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл стандарт информатика пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумы мен оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелеріне сәйкес оқушыларды информатика пәніне оқыту Қазақстан Республикасының орта жалпы білім беретін мектептерінде, олардың қай мекемеге тәуелді болғанына, ұйымдастыру- құқықтық нысанына және оқыту түріне тәуелсіз жүзеге асырылады.
Информатика пәнін ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу - әдістемелік құралдарына қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынды. Информатикадан ОӘК-дің әрқайсысының құрылымының компонентіне қойылатын талаптар іріктеліп, төмендегіше жүйеленді:

  • жалпы материалдардың ұсынылу реті оқу бағдарламалары мен

оқулыққа сәйкестігі қатаң сақталуы тиіс

  • дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинағы

оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сәйкестендіріліп, деңгейлік саралауды іске асыруға бағытталуы қажет

  • пәнаралық және пәнішілік байланыстың сақталуы қажет

  • ұсынылатын материалдар мектептердің қазіргі компьютерлік

  • технологиямен жабдықталу жағдайына сәйкес келуі керек

  • оқушылардың жеке қызығушылығын және түрлі қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс.

Информатика оқу-әдістемелік құралдың құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәнінің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау - осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады.
Бұл стандарт информатика пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумы мен оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Информатиканы оқыту әдістемесі - әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу- әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.



  1. Информатиканың негізгі ұғымдары жəне оны оқыту əдістері. Ұғым, жүйелі-ақпараттық ұғымдарды қалыптастыру кезеңдері. Ұғымдармен жұмыс істеу əдістемесі.

Информатика ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. «Информатика» термині
60-жылдардың ортасында деректерді өңдеу процесін автоматтандыру туралы ғылым ретінде «Информация» және «Автоматика» сөздерінен пайда болды. Сондықтан оны көздеген мақсатқа компьютердің көмегімен қол жеткізу үшін қолданады.
Кез келген пән сияқты информатика да ақпараттарды оқып-білудің жалпы пәні ретінде біріктірілетін әр түрлі пәндер жиынтығын ұсынады. Оған жататындар:
Ø Ақпараттар теориясы ;
Ø Кибернетика;
Ø Жасанды интеллект;
Ø Программалау;
Ø Ақпараттарды қорғау және т.б.
Адамдар әрқашан өз еңбегін жеңілдетуге тырысты. Ол үшін олар әр түрлі механизмдер мен машиналар ойлап тапты. Бұл құралдар ой еңбегін емес дене еңбегін жеңілдетті. Қазіргі уақытта дене еңбегімен қатар ой еңбегімен айналысатындардың саны күрт артуда. Адам өзіне көмекші құрал ретінде ақпараттармен жұмыс істей алатын сақтау, өңдеу, жылдам іздеу және алмастыру жүргізетін компьютерді ойлап тапты.
Информатиканың негізгі түсінігі ақпарат болып табылады. Ақпарат терминінің көптеген анықтамасы бар. Ақпарат адамдар мен автоматтар арасындағы мәліметтер, өсімдіктер және хайуанаттар әлемінде сигналдар алмасуды, бір денеден екінші денеге белгілер беруді қамтиды.
Информатика ақпараттық процестер, технологиялар және ресурстар түсініктерін байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет