«Информатиканың теориялық негіздері»



бет18/80
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#105341
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
Байланысты:
«Информатиканы теориялы негіздері»

Жарық толқыны


Жарық толқынының жиілігі мен амплитудасы

Телефон компьютер желісі

Электр тоғы

Байланыс сызығындағы электр тербелісінің жиілігі мен амплитудасы

Алайда жалғыз сигнал, біз әрі қарай көретіндігіміздей көп ақпарат ұстап тұра алмайды. Сондықтан ақпарат берілу үшін мына бірінен соң бірі берілетін сигналдар қатары пайдаланылады.

Сигналдардың бір ізділігі хабарлама деп аталады. Осылайша ақпарат берушіден қабылдаушыға хабарлама түрінде беріледі. Хабарлама берілу кезінде ақпарат көрсетілуі үшін материалды қабық ретінде шығады. Сондықтан, хабарлама ақпарат хабарлама мазмұны болады.

Хабарлама мен онда мазмұндалатын ақпараттың үйлесімділігі хабарлама түсіндірілуінің ережесі деп аталады. Бұл үйлесімділік бір мағыналы да бір мағыналы емес те болуы мүмкін. Бірінші жағдайда хабарламада түсіндірудің бір ғана ережесі болады. мысалы, Морзе әліпбиіндегі нүкте, сызықша, паузаның бірінен соң бірі келуі бойынша берілген әріп қалпына келтіріледі. Хабарлама мен ақпарат арасындағы үйлесімділік бір мағыналы болмауы екі нұсқада мүмкін:



  • бір ақпарат әртүрлі хабарламамен берілуі мүмкін.

  • бір хабарламада әртүрлі қабылдаушы үшін әртүрлі ақпарат болуы мүмкін.

Келесі бастапқы ұғым – ақпараттық процесті талқылаймыз. Жалпы процесс “термині” жүйені немесе объектіні сипаттайтын кейбір қасиет сыртқы әсердің немесе қандайда бір ішкі себептің нәтижесінде уақыт ағымымен өзгеретін жағдайда қолданылады. Материалдық ақпаратта уақыт ағымымен қандай ерекше белгілер өзгеруі мүмкін? Сірә, ақпарат, яғни хабарлама көрсетілетін оның мазмұны мен материалдық қабығы ғана. Осыған байланысты мына анықтаманы қабылдаймыз.

Ақпараттық процесс – бұл ақпарат немесе оның хабарламасы мазмұнының ауқыт ағымымен өзгеруі. Ақпарат процестерінің әр түрлі түрлері аз ғана:

- жаңа ақпарат тууы

- ақпараттың түрленуі

- ақпарат жойылуы

- ақпарат берілуі

Шыныдығында аталған барлық оқиғалар ақпараттың өзі арқылы болмайды, хабарлама арқылы, яғни материалды қабығы арқылы болады. Және бұл ұстанымнан процестің екі түрі ғана мүмкін: онда мазмұндалатын ақпарат сақтауымен хабарлама өзгеруі және ақпарат түрленуі мен бірге жүретін хабарлама өзгерісі. Бірінші типтегі процесске ақпараттың шығынсыз берілуі мен бастапқы қалпына келетін қайта кодтау жатады. Екінші типтегі процесске жасалу – жойылу, бастапқы қалпына келмейтін қайта кодтау, шығынмен берілу, жаңа ақпараттың пайда болуымен өңделу жатады.

Ақпарат сақталуына жеке тоқталған жөн. Айтылып кеткендей, сақтау әрі қарай уақыт ағымымен өзгермейтін материалдық таратушының параметрі белгіленуімен байланыстырылады. Сондыөтан таратушыға ақпарат жазылуы мен оның әрі қарай салыстырылып оқылуы ақпараттық процестің анықтамасына түседі, ал сақтаудың өзі – жоқ. Сақтауды ақпараттық жағдай деп атаған жөн еді, алайда, мұндай ұғым информатикада пайдаланылмайды.

Ақпарат берілуімен тағы екі бастапқы кездесетін ұғым байланысты, олар ақпараттың берушісі мен қабылдаушысы.

Ақпарат көзі – бұл ақпарат тудыратын оны хабарлама түрінде көрсететін субъект немесе объект.

Ақпарат қабылдаушы – бұл хабарламаны қабылдайтын және оны дұрыс түсіндіруге қабілетті субъект немесе объект.

Бұл анықтамаларда субъект немесе объектінің үйлесуі ақпаратты беруші мен алушы жанды немесе жансыз боуы мүмкін дегенді білдіреді. Объект ақпарат көзі болуы үшін ол оны тудырып қана қоймай, қандай да бір стационарлы емес процессті иницирлеуге мүмкіндігі болуы және ақпаратты оның параметрімен байланыстыруға, яғни хабарлама тудыруға мүмкіндігі болуы тиіс. Мысалы, егер адам бірдеңе ойласа, бірақ оны өз миында ұстаса, ол ақпарат көзі болмайды, алайда ол оны қағазға түсірсе немесе сөзбен айтса сол сәтте – ақ ақпарат көзі болады.

Ақпарат қабылдаушыны анықтауда хабарламаны қабылдау әлі ақпаратты алу дегенді білдірмейтіндігі маңызды көрсетіледі. Ақпарат, егер қабылдаушыға ақпарат түсіндірілу ережесі белгілі болған жағдайда ғана алынған болып санала алады. Басқаша айтқанда хабарлама қабылдаушы мен ақпарат қабылдаушы ұғымдары пара – пар емес. Мысалы, таныс емес тілде сөзді ести тұрып, адам хабарлама қабылдаушы емес.

Адамда сыртқы әлеммен байланыс үшін бес сезім мүшесі болатыны белгілі. Сондықтан біз хабарламаны солардың біреуі арқылы ғана қабылдай аламыз әйткенмен бұл ақпаратты беру немесе алу үшін адам олар қабылдай алмайтын, мысалы, радиотолқын сияқты қандай да бір басқа процесстерді пайдалана алмайды деген сөз емес. Бұл жағдайда ақпарат беруші адам оның хабарламасын радиотолқынға түрлендіретін аралық қондырғыны, ал қабылдаушы адам радиотолқындарды дыбысқа түрлендіретін радиоқабылдағыш басқа аралық қондырғыны пайдаланады. Мұндай амал белгілі түрде ақпаратты беру және қабылдауды іске асыруда адамның мүмкіндігін кеңейтеді. Аралық түрлендіруші қондырғылар байланыстың техникалық байланысы деген атауға ие болды, ал оларды ортамен қосатын жиынтықта олар байланыс сызыға деп аталады. Оларға телеграф, телефон, радио, теледидар, компьютерлі телекоммуникация және т.б. жатады. Мұндай құралдарыд пайдалануда хабарламаны алушы үшін ақпарат шығынсыз бір түрден екінші түрге түрлену қажеттілігі, сондай-ақ қабылдағыш пен байланыс сызығы мүмкіндіктерімен хабарлма беру жылдамдығының үйлесу қажеттілігі туындайды. Бұл екі мәселе де ақпарат теориясында орталық болып шығады.

Алдынғы пункте ақпарат берілу, сигнал көмегімен жүретіні, ал сигналдың өзі уақыт ағымымен таратушының кейбір сипаттарының өзгерісі болып табылатыны айтылған. Оған қоса уақыт ағымымен бұл сипаттамалар өзгерісінің ерекшеліктеріне байланысты сигнал үздіксіз және дискретті болып екі түрге бөлінеді.

Егер сигнал параметрі белгісін Z – деп , уақытты t – деп белгілесек, онда байланысы Z(t) үздіксіз функция болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет