Дискретті канал – дискретті хабарламаларды беру үшін қолданылатын байланыс каналы.
Дискретті құрылғылар – бұл ішкі күйлері, кіру және шығу сигналдары, сонымен қатар кіру сигналдарының берілген уақыт моменттері дискретті болатын және де ішкі күйлері өзгеріп, шығу сигналдары берілетін құрылғылар.
Ақпаратты ұсынудың дискретті формасы –белгілердің (алфавиттің) ақырлы санымен берілген ақпаратқа ие болатын хабарламаның сипатталуы.
Құжат – белгілі бір программаның орындалу нәтижесінде құрылған өнім.
Логикалық жазу –мағыналы соңы бар қарапайым мәліметтердің атауланған жиыны.
Физикалық жазу – тасыушының бекітілген физикалық принциптеріне сәйкес берілгендердің орналасуына ие болатын және логикалық жазуды құрайтын тасушының беткі элементі.
Кездейсоқ рұқсаты бар есте сақтау құрылғысы –бұл берілгендердің сақталған ұяшықтарына рұқсат алу арқылы жүзеге асырылған құрылғылар.
Белгілер – бір бірінен маңызы жағынан ажыратылатын, дискретті сигналдарды сипаттауға қолданылатын ақырлы жиынның қандай да бір элементі.