Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар



бет4/4
Дата25.12.2021
өлшемі18,28 Kb.
#105540
1   2   3   4
Байланысты:
Кесте Наркоз Этил спирті

Маскүнемдікті емдеу: арнайы мекемелерде жүргізіледі (наркодиспансерде), ол жерде детоксикациялық терапиядан басқа психо- және фармакотерапия жүргізіледі. Дәрілердің әcepi әyecтіктi төмендету мен iшімдікке жиіркенушілік тудыруына бағытталған. Маскүнемдікті емдеу үшін тетурам және эспераль препараттары қолданылады.

Тетурам (антабус, дисульфирам). Тетурам этил спиртінің аз мөлшерімен қоса тағайындалады. Тетураммен емдеу курсы науқастарда этил спиртіне тepic рефлекстердің дамуына әкеледі. Тетураммен емдеуді дәрігердің бақылауымен абайлап жүргізу керек. Тетурамды қабылдап жүрген науқас этил спиртінің мөлшерiн тіпті аз ғaнa жоғарылату өлімге әкелетінін бiлyi тиic. Тетурамды 50 жастан асқан, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруы бар, бауыр және бүйрек патологиясы бар, зат алмасу үрдістері бұзылған адамдарға тағайындауға болмайды.

Эспераль (радотер) ұзақ әсер көрсететін препарат. Эспераль таблеткасын тepi асты шел қабатына жапсырады (имплантациялайды). Кейде тepic шартты рефлекстерді алу үшін орталық әсерлі құстыратын зат апоморфинді (этил спиртімен бipгe) қабылдайды.

Сонымен қатар, маскүнемдікті емдеуде опиоидты анальгетиктердің антагонисті налтрексон, сондай-ақ түрлі психотропты заттар кеңінен қолданылады. Өкінішке орай, этил спиртіне құштарлықты жеткілікті басатын тиімді дәрілік заттар жоқ.





178 о- ФАРМАКОЛОГИЯ о- Жеке фармакология

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет