Дәріс №12
Тақырыбы: Арамшөптер және олармен күресу жолдары
Дәрістің мақсаты: Арамшөптердің келтіретін зияндары, жүктелуі және күресу жолдарымен таныстыру.
Түйінді сөздер: ластаушылар, мамандандырылған, өсімталдық, паразитті.
Дәріс жоспары:
1. Арамшөптер жөнінде түсінік, олардың келтіретін зияндары
2. Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу, суармалы жерлерде көп кездесетін түрлері
3. Арамшөптермен күресу жолдары
1. Арамшөп дегеніміз – өз бетімен, ауыл шаруашылығында пайдаланы-латын жерлерде өніп-өсіп, дақылдардың мөлшері мен сапасын төмендететін жабайы өсімдіктер.
Ластауыштар (арамшөптер қоспасы) – осы танапта өсірілмейтін, бірақ ондағы негізгі дақылдың егісінде кездесетін басқа мәдени өсімдіктер. Мысалы: күздік бидай өсірілген танапта сұлы, арпа, жаздық бидай т.б. кездеседі – осылар ластауыштар болып есептелінеді.
Мамандандырылған арамшөптер – белгілі бір дақылдардың егісінде өсетін арамшөптер. Олардың биологиялық (өнуі, өсуі, пісу мерзімі) ерекшеліктері ұқсас болады. Мысалы – тауық тары – көбінесе күріш дақылының танабында өседі.
Арамшөптер табиғаттың, климаттың қолайсыз жағдайларына өте төзімді болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |