МАЗМҰНЫ
1
|
Дәріс оқулықтар 4
|
|
2
|
Практикалық және зертханалық сабақтар 21
|
|
3
|
Студенттердің өздік жұмысы 31
|
|
|
|
|
ДӘРІСТЕР
Дәріс жоспары
Дәріс 1 Проекция әдісі
Дәрістің мазмұны
1. Центрлік проекция
2. Параллель проекция
3. Ортогональ проекция
1. Центрлік проекция
Егер барлық проекциялаушы сәулелер тек бір нүкте (центр) арқылы өтетін болса, онда проекция центрлік деп аталады.
Кеңістікте проекциялар жазықтығы П және онда жатпайтын S нүктесі берілген болсын (1-чертеж). S нүктесін проекциялар центрі деп атайды.
А нүктесінің проекциясын Р жазықтығына түсіру үшін, берілген А
нүктесі және проекциялар центрі S арқылы П жазықтығымен қиылысқанша SА түзуін жүргеземіз. SА түзуі П жазықтығымен а нүктесінде қиылыстын болсын деік. Сонда, а нүктесін А нүктесінің П жазықтығында центрлік проекциясы дейді.
2. Параллель проекция
Егер барлық проекциялаушы сәулелер өз ара параллель болса, онда проекция деп аталады.
Параллель проекцияны салу үшін алдын ала проекциялаушы сәулелер бағытын білу қажет.
Сондықтан нүктенің (А) параллель проекциясы (а) деп проекциялау бағытын анықтайтын түзуге (L) параллель етіп жүргізілген проекциялаушы сәуленің (Аа) проекция жазықтығымен (П) қиылысу нүктесін (а) атайды.
3. Ортогональ проекция
Егер проекциялаушы сәулелер өз ара параллель және проекциялар жазықтығымен тік бұрыш жасайтын болса, онда проекция ортогональ проекция деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |