Дәріс 5 Жазықтық пен түзудің қиылысуы
Дәрістің мазмұны
1. Жазықтық пен түзу сызықтың қиылысуының алгоритмі
2. Түзу мен жазықтықты салу
3. Бәсекелес нүктелері
Кеңістікте түзу сызық пен жазықтық:
а) қосылып жатуы мүмкін;
б) өз ара параллель болуы мүмкін;
в) өз ара қиылысуы мүмкін.
Екі жазықтықтың өз ара орналасауы
Екі жазықтық кеңістікте өз ара параллель немесе қиылысуы мүмкін.
1. Өз ара параллель жазықтықтар. Элементтар геометрияда екі жазықтықтың өз ара параллельдігінің мынадай негізі белгісі дәлелденген: егербір жазықтықтың (Р) өз ара қиылысқан екі түзуі (АВ және АС) екінші жазықтықтың (Р) өз ара қиылысқан екі түзуіне (DE және DF) параллель болса, онда мұндай екі жазықтық өз ара параллель болады.
2. Өз ара қиылысушы жазықтықтар. Өз ара қиылысушы жазықтықтарды қарастыруда олардың қиылысу түзуін анықтауға тура келеді. Бұл түзуді берелген жазықтықтарға ортақ екі нүкте арқылы құруға болады. Екі жазықтықтың өз ара қиылысу түзуінің проекцияларыр салу үшін осы жазықтықтарға ортақ екі нүкте проекцияларын салып, олардың ішіндегі аттастарын бастыра түзулер жүргізсе болғаны.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар
1. Жазықтық пен түзудің өз ара қиылысу нүктесін қалай анықтауға болады?
2. Көрінетін көрінетінбейтін бөлімдерін калай анықтаймыз?
3. Екі жазықтық өз ара қалай орналасады?
Ұсынылатын әдебиет:
1. Есмұханов Ж. М. Сызба геометрия есептері.– Алматы.: 1995, 272 б.
|
2. Акпанбетов Ғ. Сызба геометрия.- Алматы, 150 б.
|
3. Начертательная геометрия. / Под ред. Крылова Н.Н.-М.:1990, 240 с.
|
4. Левицкий В.С. Машиностроительное черчение. – М.: 1988.- 351 с.
|
Достарыңызбен бөлісу: |