Перспектива заңдылықтары Перспектива құбылысы табиғатта біздің көзімізге қалай көрінсе, қағаз бетінде де соған сәйкес бейнеленеді. Біз кәсіпқой суретшілердің картиналарын көру барысында кеңістіктің терендігін айқын сезінеміз. Мысалы, кейбір заттар бізге жақын, ал кейбірі алыс болып көрінеді. Суретші арнайы салу тәсілдері арқылы жазықтық бетіне белгілі жазықтықты, кеңістікті иллюзиялық түрде көрсетеді. Перспектива көрінетін нүктелердің өлшемдерінің бізден ұзақтаған сайын қысқарып, түстердің өзгеріп көріну құбылысы.
Перспектива заңдылықтарын білу арқылы картинадағы көріністің тереңдігін айқын бейнелеуге болады. Перспективаның түрлері: сызықтық перспектива, ауа және жарық пен көлеңке перспективасы болып бірнеше түрге бөлінеді.
Сызықтық перспектива – көрушіден алыстаған сайын заттардың бөлшектерінің және сызықтардың ара қашықтықтарының кішірейіп көріну құбылысы. Сызықтық перспектива фронталдық және бұрыштық болып екіге бөлінеді. Фронталь перспектива бойынша суретшіге заттың бір жақ беті толық көрінеді де, қалған беттері көрінбейді. Мысалы, заттың тура алдынан қарағандағы көрінісі. Бұрыштық перспектива бойынша көрушіге заттың бір бүрышы менен екі немесе үш қабырғасы айқын көрінеді.
Ауа перспективасы – кеңістіктегі заттар түстерінің көрушіден алыстаған сайын бұлыңғыр немесе солғын болып эзгеру құбылысы.
Жарық пен көлеңкенің перспективасы заттардың жарық көзінен ұзақтаған сайын заттардың беттеріндегі жарық деңгейлерінің көмескі тартып өзгеру сипаты, кілеңкелердің солғын тарту көрінісі. Бейнелеу өнерін оқыту үрдісінде оқушыларды перспективаның заңдылықтарымен таныстырып, оны мұғалім көрнекі құралдардың көмегімен көрсетіп отырады.
Сызықтық перспективаның заңдылықтары туралы мұғалімнің оқушыларға меңгертетін негізгі түсінктері мынадай бағыттарды қамтиды:
1. Белгілі бір бұрышпен горизонт сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады.
2. Параллель сызықтардың қосылу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады.
3. Көкжиек сызығына жақындаған сайын параллель сызықтардың арақашықтығы бір-біріне жақындай түседі. Мысалы, темір жолдың рельстері мен шпалдарының көрінісі.
4. Көрушіден алыстаған сайын вертикаль бағыттағы сызықтардың арақашықтық өлшемдері кішірейе түседі.
5. Көкжиек сызығы дегеніміз – біздің көз деңгейімізді білдіретін сызық.
Көкжиек сызығынан төмен орналасқан сызықтар, төменнен жоғары қарай бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағьпталады. Мысалы, қала көшесіндегі қатар орналасқан көп қабатты үйлердің жоғарғы және төменгі контур зықтарының жиынтығы.
Ауа перспективасының заңдылықтары туралы мұғалім оқушыларға меңгертетін түсініктері мыналар:
1. Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айкын, ал алыстағылардың түстері солғын және жиынтық түстер түрінде қабылданады.
2. Суретшіге жақын орналасқан заттар түрі айқын, ал алыстағылар бүлыңғыр, көмескі болып қабылданады.
3. Жақындағы барлық заттардың түстері қандай болса сол күйінде қабылданса, алыстағы әр түрлі түстердің ішіндегі біреуі басым больш көрініп, қалғандары соған жақындау түстерге айналады.
4. Қашықта тұрған жарық заттардың түстері өз түсінен қараңғылау, ал алыстағы қараңғы түстер жақындағы қараңғы түстерге қарағанда жарықтау болып көрінеді.
Жарық пен көлеңке перспективасының; заңдылықтарына кіретін мына қағидалар оқушылардың кеңістік түсініктерін арттыруға ықпал етіп, оларды дұрыс бейнелеуге жөрдемдеседі.
1. Жарық көзінен қашықта тұрған заттардың бетіндегі жарық деңгейі, жарық көзінен алыс түрған заттардың бетіндегі жарыққа қарағанда солғындау болады.
2. Жарық көзі мен бақылаушы арасындағы заттар басқа заттарға қарағанда өз түсінен қараңғы болып өзгереді.
3. Егер бақылаушы заттар мен жарық көзінің ортасында болса заттардың бетіндегі жарық деңгейі өз түсінен де жарығырақ болып өзгереді.
Бейнелеу өнерін оқыту процесінде мұғалім перспектива заңдылықтарын үйретумен қатар, перспективаның бейнелеу негіздері туралы мынадай мәліметтер беруі қажет:
Перспективаны бейнелеу негіздері картина жазықтығы, көкжиек сызығы, көру нүктесі, шығу нүктесі, көру деңгейі және т.б. түсініктердің жиынтығынан құралады.
Картина жазықтығы деп бейнеленетін зат пен суретшінің көзі арасындағы ойша алынған вертикаль бағыттағы жазықтықты айтамыз.
Көкжиек сызығы — суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.
Көру нүктесі — сурет салушының затты бақылайтын нүктесі немесе орны.
Шығу нүктесі — өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір-біріне жақындап, көкжиек сызығына барып қосылатын нүктесі.
Көру деңгейі — суретшінің көз деңгейін білдіретін, ойша алынған жазықтық.
Нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу сабақтарында мұғалім үнемі оқушыларға перспективаны бейнелеудің ережелерін көрсетіп бағыт беріп отырады. Сондықтан сызықтық, ауа, жарық пен көлеңке перспективаларының бейнелеу ережелерін оқушыларға көрсету, олардың кеңістікті бейнелеуге үйретудің ұтымды жолы.
Сызықтық перспективаның бейнелеу ережелері мыналар:
1. Суретшіден алыста түрған заттардың өлшемдері кіші болып бейнеленеді.
2. Табиғаттағы көкжиек сызығына параллель барлық сызықтар формат бетінде де көкжиек сызығына параллель етіп бейнеленеді.
3. Табиғаттағы вертикаль жағдайда орналасқан параллель сызықтар қағаз бетінде де вертикаль жағдайда бейнеленеді.
4. Белгілі бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтарды көкжиек сызығындағы бір нүктеге қосылатындай етіп бейнелеу қажет.
5. Конус, цилиндр формасындағы заттардың бойындағы шеңберлер перспектива зандылығына сәйкес оваль түрінде бейнеленеді.
Ауа перспективасының бейнелеу ережёлері мьгааларды қамтиды:
1. Суреттегі кеңістікті білдіру үшін жақында тұрған заттардың бейнесін анық етіп, ал алыстағыларын солғын етіп бояу қажет.
2. Жақындағы заттардың формаларындағы сыртқы сызықтарын айқын, ал алыстағыларын бұлыңғыр етіп бейнелейді.
3. Алыстағы түрған жарық түсті заттарды бейнелегенде сол заттың өз түсінен сәл қараңғылау етіп, ал қараңғы заттардың түсін сәл жарықтау етіп бейнелеу қажет.
4. Жақындағы заттарды көлемді форма етіп бейнелесек, өте ұзақтағы заттар тегіс жазықтық етіп бейнеленеді.
5. Жақындағы заттар айқын түстермен, ал алыстағылар солғын бұлыңғыр түстермен жазылады.
Жарық пен көлеңке перспективасын бернелеу кезінде мына ережелерді ескеру қажет:
1. Жарық көзінен алыста тұрған заттарға қарағанда, жақында тұрған зат бетінің жарығының деңгейін артық етіп бейнелеу керек.
2. Суретшіден алыстағы заттардың бетіндегі жарықтардың қарама-қарсылығы (контраст) жақындағы зат бетінің деңгейіне қарағанда әлсіз етіп бейнеленеді.
3. Заттардың алыстағы көлеңкесіне қарағанда жақындағы көлеңкесі айқын анық салынады.