Перспектива заңдылықтары



бет4/4
Дата27.02.2022
өлшемі61,1 Kb.
#133617
1   2   3   4
Байланысты:
сөж

Пейзаж салу әдістемесі
Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай - ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез - құлқын айнытпай беруге тырысады.
XVIІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің "Жаңбыр алдында", К. Юонның "Қыс соңы", С. Герасимовтың "Жаз өтті", К. Коровиннің "Көктем", И. Айвазовскийдің "Тоғызыншы балл", т. б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген.
Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т. б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасскийдің "Көктем", Ә. Қастеевтің "Шалкөде жайлауы", Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы", Ә. Ысмайыловтың "Хантәңірі", Ж. Шарденовтың "Қыс", т. б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.
Пейзаж – табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.
Пейзаж түрлері:
Ауыл пейзажы
Саябақ пейзажы
Қала пейзажы
Теңіз пейзажы
Сәулет пейзажы
Индустриялық пейзаж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет