Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы



бет3/6
Дата02.10.2023
өлшемі5,12 Mb.
#183289
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-такырып
4-практика, 4-практика, Адалдық сағаты Қараша, Адалдық сағаты Қараша, Адалдық сағаты Қараша, Ядролық физика ,Емтихан тесті,2021, 5-кредит, Түсінік хат, витамин, травмотология сессия, АПН, Бактыкожа Алишер техникалық реттеу туралы заң, Стандарттау туралы заң
Тақырып бойынша тапсырма:





Тапсырма

Балл

1

Тұрақты тізбек бөлігінің эквивалентті кедергісі үшін:

20

2

тізбектелген кедергілерден;

20

3

параллель қосылған кедергілерден тұратын өрнекті жазыңыз:

20

4

Кирхгоф заңдарын тұжырымдап, олардың математикалық өрнектерін жазыңыз.

20

5

Тізбекті контур әдісімен есептеңіз.

20




Барлығы

100

Төмендегі нұсқаларды орындаңыздар:



1.


2.


3.


4.


5.


6.


7.


8.


9.


10.


11.


12.


Тұрақты ток тізбегі (схемасы) параметрлерінің мәндері





Тізбек параметрлері

E1

E2

E3

R1

R2

R3

R4

R5

R6

R7

Ncx, Nn

B

B

B

Ом

Ом

Ом

Ом

Ом

Ом

Ом


70

5

16

5

10

10

5

8

7

6


96

35

10

3

15

10

8

15

8

8


24

96

35

6

4

2

10

10

5

4


70

15

5

12

15

8

16

10

10

5


112

60

90

5

7

9

10

15

10

8


120

120

20

15

10

5

20

4

2

10


24

12

24

10

5

5

10

15

8

16


12

8

110

10

8

3

15

12

5

7


160

120

65

2

10

6

4

6

3

5


50

65

96

8

16

12

15

7

6

8


64

78

30

9

10

5

7

7

5

5


25

35

45

5

20

15

10

2

4

3



Әдебиет, оның ішінде электрондық ресурстар:
Негізгі:
1.Ш.Е.Жусипбекова, В.Б.Рыстыгулова, Г.Б.Алимбекова «Электротехника және электроника негіздері» Оқу құралы, Алматы 2022, [44-55 бет]
Қосымша:

  1. Ш.Е.Жусипбекова «Электротехника және электроника негіздері» Электронды оқу құралы, Алматы 2023.

  2. Е.Ғ. Нәдіров, С.Б.Балабатыров, К.О.Ғали, А.А.Әбдіқадіров, Р.Дағарбек «Электротехника және электроника негіздері», Алматы 2014ж, [5,6 бет].

  3. Д.В. Коврижных «Лабораторный практикум по медицинской электронике с использованием программы Electronics Workbench» -Волгоград 2010, [2-6 cтр].

  4. В.П. Бакалов «Медицинская электроника. Основы биотелеметрии 2-е издание» Москва : Издательство Юрайт, 2019. — 326 с. [8-15 стр].

  5. Китаев В.Е. «Электротехника с основами промышленной электроники» Москва, Высшая школа, 2015 г. 254 стр., [8-12 стр].

  6. «Электротехника және электроника негіздері» әдістемелік нұсқау 2022-2023\2 тақырып.



Бақылау сұрақтары:
1. Ом заңын, Кирхгоф I мен II заңдарын түсіндіріңіз.
2. Кирхгофтың заңдарын қолдану. Суперпозиция әдісі. Түйіндік кернеу әдісі. Контурлы токтар әдісі дегеніміз не?
3. Кирхофтың теңдеулер əдісімен электр тізбегін есептеуді түсіндіріңіз.
4. Электр энергиясы қорек көздерінің тізбектеліп жəне параллель қосылған түрлерін түсіндіріңіз.
5. Эквивалентті түрлендіру əдісі.
6. Потенциалдық диаграмма құру


Тест сұрақтары:

  1. Потенциальды диаграмманы тұрғызу үшін:

  1. тізбекті есептеу (барлық токтарды есептеп, оның бағыттарын анықтау қажет) керек;

  2. кедергіні және ЭҚК-ті бөліп тұратын ерекше нүктелермен тізбекті бөлу қажет;

  3. айналма бағытты беру керек;

  4. абсцисса өсіне ерекше нүктелер арасындағы кедергіні салу қажет;

  5. оордината өсіне ерекше нүктелердің потенциалдарын салу қажет:

  1. Кирхгофтың І – заңы:

    1. Электрлік тізбектің түйініндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең

    2. Кез келген тұйықталған контурдың ЭҚК-нің алгебралық қосындысы осы контур элементтеріндегі кернеулердің алгебралық қосындысына тең

    3. Электрлік тізбектің түйініндегі кедергілердің алгебралық қосындысы нөлге тең

    4. Кез келген тұйықталған контурдың ЭҚК-нің алгебралық қосындысы осы контур элементтеріндегі токтардың алгебралық қосындысына тең

    5. Күрделі тізбекті әрбір элементар тізбекте бір ток көзі болатындай бірнеше тізбекпен ауыстырады, басқалары ток көзінің ішкі кедергілеріне тең кедергілермен ауыстырылады.

  1. Кернеумен токтың арасындағы фазалардың ығысуы кернеудің бастапқы фазасынан токтың бастапқы фазасын шегеру арқылы анықталады: егер болса:

  1. Кернеу фаза бойынша токтан озады

  2. Кернеу фаза бойынша токтан кейін қалады

  3. Ток және кернеу фаза бойынша бір біріне сәйкес келеді

  4. Кернеу фаза бойынша кемиді

  5. Ток фаза бойынша кемиді

4. Крихговтың екінші заңы:

  1. Түйіндегі тоғысатын токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең.

  2. Кез келген тұйық контурда тізбектің жеке бөліктеріне түсетін кернеулердің алгебралық қосындысы контур бойындағы ЭҚК-тің алгебралық қосындысына тең

  3. Кез келген тұйық контурда тізбектің жеке бөліктеріне түсетін қуаттың алгебралық қосындысы контур бойындағы кернеудің алгебралық қосындысына тең

  4. Кез келген тұйық контурда тізбектің жеке бөліктеріне түсетін кернеулердің алгебралық қосындысы контур бойындағы ЭҚК-тің алгебралық көбейтіндісіне тең

  5. Түйінді тоғысатын кернеулердің алгебралық қосындысы нөлге тең

5. Айнымалы ЭҚК-ң бір секундтағы толық өзгеріс саны қалай аталады?

  1. Циклдық жиілік

  2. Жиілік

  3. Период

  4. Фаза

  5. Уақыт

6. Егер тізбекте бірнеше қоректендіру көзі бар болса, онда мұндай тізбекті есептеу үшін қандай әдісті қолдануға болады?

  1. Түйіндік кернеу әдісі

  2. Контурлы токтар әдісі

  3. Эквивалентті түрлендіру әдісі

  4. Суперпозиция әдіс

  5. Векторлық әдіс

7. Тармақтағы токтар түрленбей, өзгеріссіз қалатын түрлендіру әдісі қалай аталады?

    1. Түйіндік кернеу әдісі

    2. Контурлы токтар әдісі

    3. Эквивалентті түрлендіру әдісі

    4. Суперпозиция әдісі

    5. Векторлық әдіс

8. Егер электр тізбегі тек екі түйіннен тұратын болса, онда қандай әдіспен есептеуге болады?
A) Түйіндік кернеу әдісі
B) Контурлы токтар әдісі
C) Эквивалентті түрлендіру әдісі
D) Суперпозиция әдісі
E) Векторлық әдіс
9. Резистивті элемент (белсенді кедергі):

  1. Токтың лездік мәндері бірдей уақыт аралықтарында қайталанып отыратын токтар

  2. Токтың лездік мәндері бірдей уақыт аралықтарында бірқалыпты болатын токтар

  3. Ішінде электрлік энергиясы пайдалы жұмысқа немесе жылу энергиясына айналатын элемент

  4. Кернеудің ЭҚК және жиілігі бір токты кескіндейтін кеңістіктегі векторлардың жиынтығы

  5. Фаза бойынша біркелкі сағат тіліне қарсы бұрыштық жылдамдығымен кескінделген период

10. Келтірілген теңдіктердің қайсысы суретке сәйкес?


  1. I1+I2-I3+I4-I5+I6=0

  2. I3+I2-I1-I4-I6-I5=0

  3. I2+I3-I5-I1+I4+I6=0

  4. I1+I2+I3-I4-I5-I6=0

  5. I1+I2+I3+I4+I5+I6=0


АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Күрделі электр тізбектерін есептеуге Кирхгоф заңдары деп аталатын екі заң қолданылады. Г.Р.Кирхгоф (1824-1887) неміс физигі, аталмыш заңдарды 1847 жылы тапқан. Кирхгофтың екі заңы – бұл электрлік тізбектің негізгі заңдары. Бұл екі заң көптеген тәжірибелер негізінде тағайындалған.
Электр тізбегін есептеу үшін келесі түсініктерге тоқталайық: Тармақ - бірдей ток жүретін электр тізбегінің бөлігі. Түйін - үш не одан да көп тармақтардың бірігетін нүктесі. Контур – тізбектегі кез-келген тұйықталған электр тізбегінің бөлігі.
Кирхгофтың І – заңына (токтар үшін Кирхгоф заңына) сәйкес электрлік тізбектің түйініндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең:
(2.3.1)
яғни түйінге бағытталған токтардың қосындысы түйіннен шыққан токтардың қосындысына тең. Мысалы, 2.3.1 – суреттегі электр тізбегінің түйіні үшін








немесе (2.3.2)
Бұл заңнан шығатын салдар: электр тізбегінің түйінінде зарядтар жинақталмайды, керісінше жағдайда түйіндер потенциалы мен тармақтағы токтар өзгереді.

2.3.1-сурет. Электр тізбегінің түйінінде жинақталған токтар

Кирхгофтың ІІ – заңына (кернеулер үшін Кирхгоф заңына) сәйкес кез келген тұйықталған контурдың ЭҚК-нің алгебралық қосындысы осы контур элементтеріндегі кернеулердің алгебралық қосындысына тең:


, (2.3.3)
мұндағы контурдағы резисторлық элементтердің саны, ЭҚК саны.
Мысалы, 2.3.2-суреттегі күрделі тізбек үшін Кирхгофтың II-заңын жазайық:






(2.3.4)

2.3.2-сурет. Күрделі тізбек




Мысалы. 2.3.2 –суреттегі электр тізбегін есептеу үшін мынадай теңдеулер құруға болады:


;
;
; (2.3.5)

Егер қоректендіру көздерінің тізбекке қосқан кездегі бағыты ЭҚК бағытына сәйкес келсе, тізбектегі қорытынды ЭҚК тізбек бойындағы ЭҚК-дің қосындысына тең (келісімді қосу):


(2.3.6)
Ал егер қоректендіру көздерінің тізбекке қосқан кездегі бағытына ЭҚК-тің бағыты қарама-қарсы болса, онда оның ЭҚК теріс таңбамен алынады. Қарама-қарсы қосу (2.3.3-сурет). Мысалы:



2.3.3-сурет. Қоректендіру көздерін қосу:
а) келісімді қосу кезінде б) қарама-қарсы қосу кезінде

Кез келген электрлік тізбекте энергетикалық баланс – қуаттар балансы сақталу қажет. Қуаттар балансы түсінігі энергияның сақталу заңынан шығады: электр тізбегіндегі барлық қоректендіру көздерінің қуаты осы тізбектегі қабылдағыштар қуаттарының қосындысына тең.


. (2.3.7)
Егер ЭҚК пен токтың бағыты сәйкес келсе, онда ток көзі жүктемеге қуат береді. Бұл жағдайда көбейтіндісін «+» таңбамен алу керек. Егер ЭҚК пен токтың бағыты қарама-қарсы болса, онда ток көзі қабылдағыш тәртібімен (мысалы, аккумулятордың зарядталу тәртібі) жұмыс жасайды. Бұл жағдайда көбейтіндісін « - » таңбамен алу керек.
Қабылдағыштың қуатына ток көзінің ішкі кедергісінде бөлінетін қуатты да жатқызу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет