Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы


Электронды-кемтікті өткел (р-



бет5/7
Дата29.09.2024
өлшемі1,34 Mb.
#205315
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9-такырып

Электронды-кемтікті өткел (р-n өткелі)
Электронды - кемтікті өткел жартылай өткізгіштің біртұтас кристалындағы p - және n - аумақтың шекарасында түзіледі. Негізгі заряд тасымалдаушылардың диффузиясы нәтижесінде p-n өткелдің жапсарлас аумағында электр өрісі – потенциалды тосқауыл пайда болады. Бұл потенциалды тосқауыл жапсарлас аумақтағы негізгі заряд тасымалдаушылардың концентрациясының теңгерілуіне кедергі жасайды. Потенциалды тосқауылдың биіктігі дегеніміз потенциалды тосқауылдағы контактілік айырма. p-n өткелді электр тізбегіне қосу кезінде қоректендіру көзінің оң полюсіне р аумағын, ал теріс полюсіне n аумағын қосу тура қосылу деп аталады. Ал p-n өткелді, қоректендіру көзінің оң полюсіне n аумағын, ал теріс полюсіне р аумағын қосу кері қосылу деп аталады. Сонымен, тура бағытта қосылған p-n өткел кезінде электр тоғы өтеді, ал кері қосылған жағдайда p-n өткел арқылы ток өтпейді.
p-n өткелдің негізгі сипаттамасы кернеудің мәні мен полярлығының тәуелділігін көрсететін вольт-амперлік сипаттама болып табылады. Вольт-амперлік сипаттама келесі функциямен өрнектеледі:
, (2.9.2)
мұндағы жылулық ток, температуралық потенциал. Кері кернеу қандай-да бір критикалық мәнге жеткен кезде кері ток артады, бұл режим p-n өткелдің ойылып-тесілуі деп аталады. Ойылып-тесілудің негізгі екі түрін ажыратады: электрлік және жылулық ойылып-тесілу. Электрлік ойылып-тесілу көшкіндік ойылып тесіп өту және туннельді деп бөлінеді. Электрлік ойылып-тесілу қайтымды процесс, ал жылулық – қайтымсыз процесс.
р-п өткелдің сыйымдылығы. р-п өткелінде электрлік сыйымдылықтың екі түрі бар: тосқауылдық және диффузиялық сыйымдылық. Тосқауылдық сыйымдылық р-п өткелінің екі жағына орналасқан қоспа атомдардың теріс және оң иондарынан тұратын қос-қабат көлемдік заттармен анықталады. Диффузиялық сыйымдылық р-п өткеліне берілген тікелей кернеудің әсерінен р-п өткелінің екі жағында бейтарап тепе-теңдік бұзылған кезде пайда болған электрондар мен кемтіктердің шоғырлануынан туындайды.
Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің элементтері активті және пассивті болады. Егер элемент жұмысын - кедергі, - индуктивтілік, - сыйымдылық және - өзара индуктивтілік параметрлері түсініктерімен сипаттасақ, онда бұл элемент – пассивті. Егер элемент жұмысын сипаттау үшін электр тізбегі шамалары ( - ток күші, - кернеу, - ЭҚК) түсініктерін қолдану қажет болса, онда бұл элемент – активті. Активті элементке барлық қоректендіру көздері және кейбір қабылдағыштар (аккумуляторлар, қозғалтқыштар және басқалары) жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет