ЖШС «Жаңафарм»
«Жанафарм» ЖШС дәрі-дәрмек өндірісі 1995 жылдан бері Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік лицензия негізінде құрылған және жұмыс істейді. Оларда өндірістік циклдің тұйық шеңбері жұмыс істейді, яғни барлық тұнбалар мен препараттарды өздері шығарады.
Шикізат өндіріске келгеннен кейін оны қант ұнтағымен немесе прополис тұнбасымен араластырады, одан әрі цехтар мен аппараттарда таблетка күйіне дейін өңделеді. Барлық тексерулерден өткеннен кейін, егер сәйкессіздік болмаса, таблеткалар оралып, қоймаға жіберіледі. Келген шикізат сары карантиндік жапсырмалармен белгіленеді, содан кейін олар сынақтан өткен жағдайда шикізаттың пайдалануға жарамдылығын көрсететін жасыл түсті стикерлермен белгіленеді. Сынақтан өтпеген шикізат жарамсыздығы туралы қызыл жапсырмамен кәдеге жарату сөресіне жіберіледі. Бірақ оларды «Жаңафарм» компаниясының өзі емес, келісім-шарт бойынша жеткізушілер кәдеге жаратуда. «Жанафарм» ЖШС ангисепттің бес түрін, агриппин және түрлі тағамдық қоспаларды шығарумен айналысады.
15.03.2023ж
|
11:00-14:00
|
ТОО «ВИВА ФАРМ»
"ВИВА ФАРМ" компаниясының Қазақстандық фармацевтикалық нарықта 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 1999 жылы "ВИВА ФАРМ" компаниясы өз қызметін шетелдік препараттардың дистрибьюторы ретінде бастады, содан кейін 2010 жылы өзінің дәрі-дәрмектерін өндіруді бастады.
Цехта рецептуралық және рецептісіз генерикалық дәрілік препараттар өндірілетіндігін білдік. Өндірістің негізгі бағыты: кардиологиялық, антигистаминдік, вирусқа қарсы препараттар мен дәрумендер.
Қазіргі заманғы толық циклді өндіріс, жабдықтар мен инфрақұрылым фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Өндірістік ортаның тазалығына тоқталсақ,бұл арнайы қабырға панельдері, терезелер, үш сатылы ауаны тазарту жүйесі,температура мен ылғалдылықты бақылау, микробиологиялық бақылау, ауадағы бөлшектердің құрамын бақылау; арнайы технологиялық киім.
|
Достарыңызбен бөлісу: |