Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1) Сызба құрал- жабдықтарын атаңыз.
2) Рейсфедерді не үшін қолданады?
3) Сызу стандарттары дегеніміз не?
4) Стандарттау объектілерін атаңыз.
4) Сызба шрифтілерінің мемлекеттік стандарт бекіткен өлшемдерін атаңыз.
Қолданылатын әдебиеттер:
[1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение,19878. 23—36 бет.
[2] Боголюбов С.К., Волков А.В. Черчение. М., Машиностроения, 1981
14-17 бет.
[18] Егоров Ф.И. Черчение и рисование .М.,В.Ш.1981. 14-21 бет.
[6] Фролов С.А. и др. Машиностроительное черчение. М., Машиностроение,1981. 14-17 бет.
№ 2 дәріс
Тақырып: Сызба шрифтілері. Сызбаға өлшемдер түсірудің негізгі ережелері.
Дәрістің мазмұны: 1) Сызба шрифтілері
2) Жалпы талаптар.
3) Сызбаға өлшемдер түсіру
4) Өлшемдік сандар.
5) Шартты белгілер және жазулар.
Дәріс мақсаты:
Студенттерді конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындауға және жалпы ережелерді орындауға үйрету.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: өлшем сызықтары, шығарма сызықтар, радиус, диаметр, сызықтық және бұрыштық өлшемдер.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
1. Сызба шрифтілері.
Конструкторлық құжаттардағы жазулар 2.304-81 МСТ бекіткен сызба шрифтілерімен орындалады. Мұнда әріптердің пішіні, биіктігі, қалыңдығы, әріптердің ара қашықтығы т.б. берілген. Шрифт өлшемі бас әріптерінің биіктігімен Һ анықталады.
2. Жалпы талаптар.
Сызбада өлшемдерді өлшем сандарымен көрсетеді, олар өлшем сызығының үстіне жазылады. Өлшемдер сызықтық және бұыштық болып бөлінеді. Сызықтық өлшемдер сызбада миллиметрмен, өлшем бірліксіз көрсетіледі.
Бұрыштық өлшемдерді сызбада градуспен, минутпен және секундпен, өлшем бірліктерін көрсетіп салады.
3. Сызбаға өлшемдер түсіру.
Өлшемдер екі жағы стрелкамен шектелген тұтас жіңішке сызықтың үстіне түсіріледі. Бұйым кескінін оқуды қиындатпау үшін өлшемдер кескін контурынан тыс жерге сызылады. Өзара параллель көршілес өлшем сызықтарының арлығы және өлшем сызығы мен оған жақын нұсқа арлығы 8 мм-ден кем болмауы керек.
4. Өлшемдік сандар.
Өлшемдік сандар өлшем сызығының орта шамасына жазылады. Сызбада сандар биіктігі 3,5 мм-ден кем болмауы керек. Бірнеше параллель немесе концентрлі өлшем сызықтарына өлшем сандары шахматтық ретте жазылады. Бір өлшем, мысалы бөлшектің ұзындығы сызбада бір рет салынуы керек. Тек құрылыс сызбасында бір өлшемді бінеше рет жазу ұсынылады.
5. Шартты белгілер және жазулар.
Радиусты анықтайтын өлшем санының алдына радиус [R] белгісі қойылады.
Диаметр О белгісі де өлшем санының алдына қойылады. Сонымен қатар сызбада шаршы, сфера, көлбеулік және конустық белгілері болады. Бұлардың бәрі өлшем сандарының алдына қойылады.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1). Өлшемдері бойынша сызба шрифтілерінің биіктігін анықтаңыз.
2). Концентрлі шеңберлерге өлшем сандарын түсіріңіз.
3). Көлбеуліктің, конустықтың, шаршының, сфераның, диаметрдің және радиустың белгілерін біліп ал, оларды өлшемдері бойынша сызбаға түсіріп дағдылан.
4) Сызбада өлшем сандары өлшем сызығына байланысты қалай орналасады?
Қолданылатын әдебиеттер: [1] Борисов Д М и др. Черчение. М., Просвещение, 1988. 29-37 бет.
[2] Боголюбов С.К. ,Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982, 19-26 бет.
Ж.Есмұқанов Сызу Алматы, Рауан. 2000.
№ 3 дәріс
Тақырып: Сызбаға өлшемдер түсіру әдісі
Дәріс мазмұны: Техникалық бөлшектердің көрінісін тұрғызу
және өлшемдер түсіру.
Дәріс мақсаты: Бөлшек сызбасын дұрыс оқу және қажетті мәліметтерді сызбаға түсіру әдістерін үйрету.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: проекция, нұсқама, МСТ.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Сызбада кескінделген нәрсенің мөлшерін көрсету үшін өлшем сызықтарын жүргізеді де, оның үстіне өлшем сандарын жазады. Өлшем сандары сызбаның масштабына байланыссыз болады: олар сызбасы сызылған нәрсенің нақты өлшемдерін көрсетеді. Сызбадағы өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз болуы, бірақ нәрсені жасап шығару және оның өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Нәрсенің бір бөлігінің өлшемдерін әр кескінде қайталаудың қажеті жоқ.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1) Пластинканың қалыңдығы сызбада қалай көрсетіледі?
2) Сызбалар жинағының сыртын толтыру.
3) Формат жиегі қалай сызылады?
4) Негізгі жазу форматтың қай жеріне орналасады?
5) Негізгі жазуда қандай мәліметтер беріліеді?
Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение,1988; 37-42 бет.
[14] Брилинг А.С. и др. Задания по черчению. М., Стройиздат, 1984: 8-11 бет.
[2] Боголюбов С.К. ,Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982.
Ж.Есмұқанов Сызу Алматы, Рауан. 2000.
№ 4 дәріс
Тақырып: Геометриялық тұрғызулар.
Дәрістің мазмұны: 1) Шеңберді тең бөліктерге бөлу
2) Шеңбер доғасының радиусы мен ортасын табу.
Дәріс мақсаты: Қарапайым жазық фигураларды сызу және қарапайым геометриялық есептерді шешудің графикалық әдістерін үйрету.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: кесінді, доға, хорда.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
1. Шеңберді тең бөліктерге бөлу.
Жазықтықта геометриялық есептерді сызба құралдарының көмегімен шешудің графикалық әдісін тұрғызулар деп атайды. Бұйым сызбасын орындауда келесі тұрғызулар қолданылады: өзара параллель немесе өзара перпендикуляр түзулер жүргізіледі, кесіндіні, шеңберді тең бөліктерге бөледі, дұрыс көпбұрыштар тұрғызылады т.б.
2. Шеңбер доғасының радиусы мен ортасын табу.
Шеңбер доғасына кез-келген екі хорда жүргіземіз және оларға орталық перпендикуляр тұрғызамыз. Осы препендикулярлардың қиылысу нүктесі доға ортасы, ал одан доғаның кез-келген нүктесіне дейінгі ара қашықтық – радиусы болады.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1) Шеңберді тең тақ және жұп бөліктерге бөлуді орындаңыз.
2) Сызба құрал-жабдықтарын атаңыз.
3) Сызбаны орындау әдістерін атаңыз.
4) Сызбада қатені қалай түзету керек?
Қолданылатын әдебиеттер: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение,1988, 42-55 бет.
[2]Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982; 38-42,
35-37 бет.
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., Академия, 2006; 35-56 бет.
[16] Фролов С.А. и др. Машиностроительное черчение, 1981; 100-112 бет.
[12] Егоров Ф.И. Черчение и рисование М., В.Ш.1981; 44 бет.
№ 5 дәріс
Тақырып: Түйіндесулер
Дәрістің мазмұны: 1. Түйіндесу нүктелері
2. Түйіндесу сызықтары.
3. Түйіндесу ортасы.
Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау және жалпы ережелерді орындауды, техникалық формалардың пішінін сызуда геометриялық салуларды қолдануға үйрету.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: түйіндесу, іштей жанасу, сырттай жанасу.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
1. Түйіндесу нүктелері
Сызбада көптеген бөлшек беттері бір сызықтың екінші сызыққа біртіндеп өтуімен кескінделеді. Мұндай сызықтар бөлшектердің конструктивтік ерекшеліктеріне, олардың дайындалу технологиясына, атқаратын қызметіне, эстетикалық талаптарға байланысты анықталады.
Бір сызықтың екінші сызыққа біртіндеп өтуі сызбада түйіндесу деп аталады. Түйіндесуді тұрғызу үшін қажетті элементтер: түйіндесу нүктелері, түйіндесу доғасының радиусы мен ортасы. Түйіндесу нүктелері К әрпімен белгіленеді.
2. Түйіндесу сызықтары.
Түйіндесулерді тұрғызу үш теориялық жағдайға негізделген:
1).Егер жанасу нүктесі арқылы өткен түзу шеңбердің радиусына перпендикуляр болса, онда түзу шеңберге жанасады.
2).Егер жанасу нүктелері шеңберлерді ортасын қосатын бір түзудің бойында орналасса, ондай шеңберлер жанасады.
3).Радиустары бірдей екі шеңбердің түйіндесу доғасының ортасы осы шеңберлердің орталарын қосатын түзуге түсірілген перпендикулярда орналасқан. Екі шеңберді доғамен түйіндестіру іштей және сырттай жанасу болып бөлінеді.
3. Түйіндесу ортасы.
Екі шеңбер доғасын үшінші шеңбер доғасымен түйіндестіру үшін түйіндесу ортасын табу керек. Ол үшін берілген шеңберлер радиустарына түйіндесу доғасын жеке-жеке қосу немесе азайту керек.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Түйіндесулерді сызу.
Түйіндесу нүктелері, ортасы қалай табылады?
Екі шеңбер доғасының түзумен түйіндесуі.
Екі түзудің шеңбер доғасымен түйіндесуі.
Екі шеңбер доғасын радиусы берілген үшінші шеңбер доғасы арқылы түйіндестіру.
Әдебиет: [1] Борисов Д.Н. Черчение М., Просвещение ,1988; 46-66 бет,
[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение М. Машиностроение,1982; 42-49 бет.
[8] Чекмарёв А..А. Инженерная графика. М.,В.Ш.1980, 64-89 бет.
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., Академия, 2006;
[16] Фролов С.А. и др. Машиностроительное черчение, 1981;
[12] Егоров Ф.И. Черчение и рисование М., В.Ш.1981;
№ 6 дәріс
Тақырып: Аксонометриялық проекциялар.
Дәрістің мазмұны: 1) Тік бұрышты изометрия
2) Қиғаш бұрышты фронталь диметрия
Дәріс мақсаты: Аксонометриялық проекциялардың ережелерін пайдалана отырып заттың көрнекі кескінін салудың практикалық тәсілдерін меңгерту.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: аксонометрия, изометрия, диметрия, тік бұрышты, қиғаш бұрышты, перпендикуляр, параллель.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Кеңістіктегі нәрсені тік бұрышты координаттар осімен қоса қандай да бір жазықтыққа параллель проекциялау арқылы алынған кескінін аксонометриялық проекция деп атаймыз.
1) Тік бұрышты изометрия.
Проекциялау бағыты проекция жазықтығына перпендикуляр болса, аксонометрия тік бұрышты деп аталады. «Изометрия» грек сөзі, қазақшаға аударғанда «бірдей өлшем» дегенді білдіреді. Тік бұрышты изометрияда бұрмалану көрсеткіші 0,82-ге тең, бірақ бөлшек бұрмалану көрсеткішін пайдалану қолайсыз болғандықтан, іс жүзінде 1-ге тең деп аламыз.
2) Қиғаш бұрышты фронталь диметрия
Егер проекциялау бағыты проекция жазықтығына перпендикуляр болмаса, аксонометрия қиғаш бұрышты деп аталады. Диметрияда бұрмалану көрсеткіштерінің екеуі өзара тең, ал үшінші у осінде 0,5 деп алуға келісілген.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Техникалық бөлшектерді тікбұрышты изометрияда сызу.
Бөлшек сызбасын қиғаш бұрышты фронталь диметрияда орындау.
Аксонометриялық остер қалай аталады?
Тік бұрышты изометрия остерін әртүрлі тәсілмен салып көріңіз.
Тік бұрышты диметрияда бұрмалану көрсеткіштері нешеге тең?
Әдебиет: [1] Борисов Д.М. Черчение. М., Просвещение, 1988; 90-96 бет.
[2] Боголюбов С.К.Воинов А.А. Черчение. М., Машиностроение,1982; 77-85 бет.
[8] Чекмарёв А.А.Инженерная графика М., В.Ш., 1988; 123-133 бет.
[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М.,В.Ш.,1984; 91-93 бет.
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., Академия, 2006;
[16] Фролов С.А. и др. Машиностроительное черчение, 1981;
[12] Егоров Ф.И. Черчение и рисование М., В.Ш.1981;
№ 7 дәріс
Тақырып: Көріністер.
Дәрістің мазмұны: 1) Көріністер туралы жалпы түсінік
2) Басты көріністі таңдау
3) Косымша және жергілікті көріністер
Дәріс мақсаты: Сызбаларды орындауда тік бұрышты проекциялар жүйесін пайдалануды, көріністерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге үйрету.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: негізгі, қосымша, жергілікті, еуропалық және америкалық жүйе.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
1) Көріністер туралы жалпы түсінік
Нәрсе кескінін сызбада тік бұрыштап проекциялау әдісімен алады. Проекцияның негізгі жазықтықтары етіп кубтың алты қабырғасын алады. Нәрсе бетінің қараушыға көрінетін бетін көріністер деп атаймыз. Кескіндер санын азайту үшін сызбада нәрсе бөлігінің көрінбейтін жерлерін үзік сызықтармен көрсетуге болады. 2) Басты көріністі таңдау.
Нәрсені негізгі алты проекция жазықтығына проекциялау арқылы шыққан көріністер негізгі деп аталады. Олардың атаулары: алдыңғы, үстіңгі, сол жағынан, оң жағынан, астынан, артынан қараған көріністер. Сызбада фронталь проекция жазықтығындағы кескін басты көрініс болып есептеледі. Нәрсенің пішіні мен өлшемі жағынан көп мағұлмат беретіндей етіп, фронталь проекция жазығына параллель орналастырады.
3) Қосымша көріністер
Бөлшекті немесе оның бір бөлігін негізгі проекция жазықтықтарына параллель емес жазықтыққа проекциялау арқылы алынған көрініс қосымша көрініс деп аталады. Қосымша көрініс негізгі көрініспен проекциялық байланыста орындалса, оның үстіне жазып белгілемейміз, керісінше жағыдайда үстіне жазамыз да, кескіннен қарау бағытын бағыттамамен көрсетіп, әріппен белгілейміз.
4) Жергілікті көріністер
Бөлшектің жекелеген, шектеулі бөлігінің кескіні жергілікті көрініс деп аталады. Берілген көріністерде бұйымның қандай да бір бөлігінің пішінін көрсету мүмкін болмаған жағдайда жергілікті көріністер қолданылады.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Сызбадағы негізгі көріністерді атаңыз.
Сызбада басты көріністі қалай таңдайды?
Жазық фигураларды аксонометриялық проекцияда орындау тәсілдерін атаңыз.
Қандай жағдайларда қосымша және жергілікті көріністер белгіленеді?
Жазулар кескін үстіне қалай орналастырылады?
Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др.Черчение. М., Просвещение, 1988; 66-71 бет.
[2] Боголюбов С.К., Воинов В.А. Черчение. М., Машиностроение,1982.
128-132 бет.
[9] Чекмарёв А.А.Справочник по машиностроительному черчению. М., В.Ш., 2002; 40-43 бет.
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М.,Академия 2001г; 171-174 бет
[19] Василенко Е.А. Практикум по черчению. М., Просвещение, 1984; 41-46 бет.
[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., Ш., 1984; 91-94 бет.
№8 дәріс
Тақырып: Берілген екі проекциясы бойынша сызбаның үшінші көрінісін тұрғызу.
Дәріс мазмұны: Басты көрінісі бойынша бөлшектің горизонталь және профиль проекцияларын тұрғызу, өлшемдер түсіру.
Дәріс мақсаты: Сызбаларды орындауда тік бұрышты проекциялар жүйесін пайдалануды, көріністерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге, сызбаға өлшемдер түсіруге үйрету.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: проекция, горизонталь, фронталь, профиль, басты көрініс.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Басты көрінісі бойынша бөлшектің горизонталь және профиль проекцияларын тұрғызу, өлшемдер түсіру.
Нәрсенің берілген негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрісін салу - сызу пәнінің басты есептерінің бірі. Берілген негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші көрісін тұрғызу үшін, нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз алдымызға елестетеміз, яғни сызбаны оқи білуіміз керек. Сызбаны оқудың екі әдісі бар – талдау және толықтыру әдісі. Бұл әдістердің екеуі де геометриялық денелердің проекциялары қалай кескінделетінін білуге негізделген.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қосымша көрініс дегеніміз не?
Талдау әдісі дегеніміз не?
Толықтыру әдісі дегеніміз не?
Бөлшектің фронталь проекциясы қандай көрініс деп аталады?
Сызбаға өлшемдер түсірудің қандай тәсілдері болады?
Әдебиет: [1] Борисов Д.М., Просвещение,1988 г. 66-71 бет.
[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу Черчения. М.,В.Ш.,1984. Стр.80-94
[2] Боголюбов С.К., Воинов.В.А. Черчение.М., «Машиностроение», 1982; 131-132 бет.
[15] Мирзоян Э.Д. и др., «Машиностроительное черчение».,1981; 72-80 бет.
[8] Чекмарёв А.А. История графика М., В.Ш.,2003;2003; 150-153 бет.
[13] Суворов С.Г. Машиностроительное черчение в вопросах и ответах. М., Машиностроение , 1981; 170-178 бет.
9 дәріс
Тақырып: Қималар.
Дәрістің мазмұны: 1) Қима туралы түсінік.
2) Қабаттасқан қималар.
3) Оңашаланған қималар.
Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, қималарды орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: қималар, оңашаланған, қабаттасқан, симметриялы, симметриялы емес, қиюшы жазықтық.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
1) Қима туралы түсінік.
Сызбаны орындағанда көріністер саны ең аз болуы, бірақ нәрсенің пішінін осы сызба бойынша анықтауға жеткілікті болуы керек. Қима деп нәрсені жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескінін айтады. Қимада нәрсе ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді.
2) Қабаттасқан қималар.
Сызбада орналасуына қарай қима қабаттасқан және оңашаланған қималар болып бөлінеді. Қабаттасқан қима нәрсенің көрінісін шектейтін сызықтардың ішінде орындалады. Қабаттасқан қима фигурасын шектейтін сызық жіңішке тұтас болады. Қабаттасқан қима нәрсе көрінісін оқуды қиындатады, кейде қиманың өзін де түсіну қолайсыз болады.
3) Оңашаланған қималар.
Оңашаланған қима сызбада бос орынға салынады, оны негізгі тұтас жуан сызықпен шектейді. Негізгі тұтас жуан сызық нәрсенің көрінетін контурының кескіні үшін де қолданылады. Оңашаланған қиманы қима сызығының созындысына орналастыруға болады.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қабаттасқан қима дегеніміз не?
Оңашаланған қималар қалай орналастырылады?
Қиюшы жазықтықтың ізінің бағытына қарай қималар қалай болып бөлінеді?
Қималар сызбада қалай белгіленеді?
Қималар қалай штрихталады?
Қималарды орындауға арналған графикалық тапсырмалар. «Біліктің» қимасын орындау.
Көріністер. Қосымша және жергілікті көріністер тақырыбын қайталау.
Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; 72-75 бет.
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., Академия,2002; 174-178 бет.
[2] Боголюбов С.К., Воинов.В.А. Черчение.М., «Машиностроение», 1982; 131-132 бет.
[15] Мирзоян Э.Д. и др., «Машиностроительное черчение».,1981; 72-80 бет.
[8] Чекмарёв А.А. История графика М., В.Ш.,2003;2003; 150-153 бет.
[13] Суворов С.Г. Машиностроительное черчение в вопросах и ответах. М., Машиностроение , 1981; 170-178 бет.
№ 10 дәріс
Тақырып: Тіліктер.
Дәрістің мазмұны: 1) Тіліктер туралы түсінік.
2) Тілік пен қиманың айырмашылығы.
3) Тіліктің сызбада белгіленуі.
Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: тілік, қарапайым және күрделі тіліктер, тік, көлденең, көлбеу.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
1) Тіліктер туралы түсінік.
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзік сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзік сызықтар сызбаны оқытуды қиындатып жібереді. Сол себепті қимамен қатар тілік деп аталатын тағы да бір шартты кескін қолданылады. Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сыбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған тетікбөлшектің кескінін тілік деп атайды.
2) Тілік пен қиманың айырмашылығы.
Тілік пен қиманы шатыстырмау керек. Олардың арасындағы айырмашылықты жақсы түсініп алған дұрыс. Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетіледі. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқан кескінді де қосу керек.
3) Тіліктің сызбада белгіленуі.
Сонымен, тілік алу үшін тетікбөлшекті қиюшы жазықтықпен ойша қияды. Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қимадағыдай жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Осы үзік сызыққа перпендикуляр екі нұсқама салынады. Нұсқамалардың сырт жағына алфавиттің бас әрпі екі рет жазылады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылып, асты жіңішке тұтас сызықпен сызылады. Тетікбөлшектің қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Бөлшектің қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі қалай көрсетіледі?
Тілік пен қиманың айырмашылығы қандай?
Тіліктер қиюшы жазықтықтың орналасуына байланысты қалай аталады?
Тік, көлденең, көлбеу тіліктерге анықтама беріңіз.
Тік, көлденең, көлбеу тіліктерді орындауға арналған графикалық тапсырмалар.
Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; 75-84 бет.
[2] Боголюбов С.К. , Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1984; 131-138 бет.
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М. Академия, 2001, 174-178 бет
[13] Суворов С.Г. и др. Машиностроительное черчение в вопросах и ответах. М., Машиностроение, 1981, 20-28 бет.
[19] Василенко Е.А.. Практикум по черчению. М., Просвещение, 1984; 71-77 бет.
№ 11 дәріс
Тақырып: Қарапайым тіліктер. Кескін мен тілікті біріктіру.
Дәрістің мазмұны: 1) Қарапайым тіліктердің классификациясы.
2) Көрініс бөлігі мен тілік бөлігін біріктіру.
Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: тілік, қарапайым және күрделі тіліктер, тік, көлденең, көлбеу.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
1) Қарапайым тіліктердің классификациясы.
Қиюшы жазықтықтың санына қарай, тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Бір ғана қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тіліктк қарапайым тілік деп атаймыз. Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың горизонталь проекция жазықтығымен салыстырғандағы орнына қарай горизонталь, вертикаль және көлбеу болып үш түрге бөлінеді.
Нәрсені горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиғанда вертикаль тілік шығады. Вертикаль тіліктің өзі фронталь, профиль тілік болып бөлінеді.
Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына қандай да болмасын бұрыш жасай орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады.
2) Көрініс бөлігі мен тілік бөлігін біріктіру.
Егер тетікбөлшек симметриялы фигураларға проекцияланатын болса, сызбада көріністің жартысын тіліктің жартысымен қосып, біріктіріп сызуға болады. Мұндайда көрініс бөлігіне көрінбейтін бөліктердің сызықтарын салып қажеті жоқ. Көрініс пен тіліктің арасы жіңішке үзік нүктелі сызықпен бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |