Инженерлік-технологиялық факультет


Еңбекті қорғау бойынша оқыту және білімін тексеру, номенклатуралық шаралар



бет5/7
Дата19.05.2020
өлшемі40,63 Kb.
#69581
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ

1.3 Еңбекті қорғау бойынша оқыту және білімін тексеру, номенклатуралық шаралар
Инженерлік-техникалық жұмысшылардың қауіпсіздік техникасының ережелерін, өндірістік санитария мен еңбек туралы заң актілерін білуі – өндірістік жарақаттануды төмендетудің маңызды шарты. Жұмысшыларды қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияға үйрету және нұсқамашыларды ұйымдастыру кәсіпорынның бас инженері мен еңбекті қорғау қызметінің жұмысшыларына жүктелген. Барлық жұмысшылар міндетті түрде алғашқы және жұмыс орнында- нұсқамашының екі түрінен өтуі тиіс.

Алғашқы нұсқамашы жұмысқа қабылданушы негізгі еңбек туралы заңдарымен, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария, өртке қарсы ережелермен және осы кәсіпорынның ерекшелік спецификасымен танысады. Алғашқы нұсқамашы алған жұмысшыға оның мамандығына қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау немесе жадынама беріледі.

Жұмыс орнындағы нұсқамашы қызметінің жұмыс бабына бағытталған инженер техникалық қызметкері өткізеді. Нұсқама өткізуші жұмысшыға жұмыстың қауіпсіз әдістерін, көрсетіп, құрылғылардың құрылыс ережелерін түсіндіреді.

Нұсқамашы жұмысшыға:

- жұмыс орнында болғанда және жұмыстар орындау кезінде өндірістік санитария мен қауіпсіздік техникасының ережелерін;

- бұл жұмысты орындау кезіндегі өндірістік жарақаттанудың негізгі себептерін;

- мекеменің және жұмыс орнының негізгі талаптары мен міндеттерін;

- жұмыс жүргізетін қондырғылар, станоктар, машиналарындағы қауіпсіз жұмыс жағдайын;

- қорғаныс, бөгет, байланыс және ескерту құралдары мен оларды қолдануды;

- қауіпсіздік техникасы бойынша көрнекі үгіттеу құралдарының түрлері мен қолдану жолдарын;

- бақытсыздық жағдайларында алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі ережелерін;

- транспорт құралдары мен жүккөтергіш механизмдерді қауіпсіз қолдану ережелері;

- қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзғаны үшін тартылатын жауапкершілік шараларын үйретуге, жұмысшы үйренуге тиіс.

Нұсқаманың өткізу кезеңдерін жұмыс сипатына байланысты белгілейді, бірақ барлық жағдайда ол жылына бір реттен кем болмауы тиіс. Жоспардан тыс нұсқамашылар жұмыстың әдістемесі немесе технологиясы өзгерсе, және де басқа да бақытсыздық оқиғаларыннан кейін өткізеді.

Кезексіз нұсқамашы басқа жұмысқа ауыстырылғанда жүзеге асырылады.

Ағымдағы нұсқама басқа жағдайларындың барлығында жеке каточкада және өндірістік санитария мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамашылардың жалпы журналында белгі қояды.

Кәсіпорын басшылығы мен жұмысшылар ұжымы атынан кәсіподақ ұйымымен келісілетін ұжымдық келісім-шарттар, номенклатуралық шаралар жоспары түрінде бекітілетін еңбекті қорғау бойынша өзара міндеттемелерден тұрады.

Еңбекті қорғау бойынша номенклатуралық шаралар жоспарының құрамына келесі бөлімдер кіреді:

- бақытсыз оқиғаларының алдын-алу бойынша шаралар;

- өндірістегі аурулардың алдын-алу бойынша шаралар;

- еңбек жағдайын жалпы жақсарту бойынша.

Еңбек қорғау бойынша номенклатуралық шараларды жүзеге асыруға арналған материалдық ресурстар мен қаржыландыру көздерін басқа мақсаттарға жұмсауға рұқсат етілмейді. Еңбек қорғау бойынша номенклатуралық шараларды қаржыландыру цехтық және және жалпы зауыттың шығындар, амортизациялық қор есебінен (егер шаралар капиталдық жөндеу жұмыстарымен бір мезгілде өткізілетін болса), мемлекеттік капиталсалынымдар (бұл шығындар капиталдық болып табылатын болса, өндірісті жетілдіру және кәсіпорын фондтарын қоса отырып), банктік несие (егер шаралар өндірісті кеңейтуге немесе жаңа техника енгізуге жұмсалатын банктің несиеленген шығындар комплекіне енсе) есебінен жүзеге асады [10].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет