Инженерлік-технологиялық факультет


«Ақ Берен» РМҚК  Батыс Қазақстан  филиалы



бет2/7
Дата19.05.2020
өлшемі40,63 Kb.
#69581
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ

«Ақ Берен» РМҚК  Батыс Қазақстан  филиалының тарихы

ҚазССР геология министрлігі «Казнефтегазгеология» бірлестігінің 1981 жылғы 17 маусымдағы № 361 бұйрығымен «Ашық мұнай газ атқыламаларын жою және алдын алу бойынша Қазақ әскерилендірілген бөлімі» жанынан 1981 жылы «Ашық мұнайгаз атқыламаларын жою және пайда болуының алдын алу бойынша Орал әскерилендірілген жасағы» Орал облысы Фурманов ауылында құрылды. Орал әскерилендірілген жасағының құрылу мақсаты - Орал мұнайгаз экспедициясында ұнғыманы жаңарту жұмыстары кезінде атқыламаға қарсы кауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-1998ж.ж. реформалау бағдарламасымен «Ашық мұнай газ атқыламаларын жою және алдын алу бойынша Қазақ әскерилендірілген бөлімі «Қазыналық кәсіпорындарды  акционерлеу туралы» Мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі департаментінің  1997 жылғы 07 мамырдағы № 83 қаулысына байланысты, сондай-ақ Мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі Атырау жер комитетінің 1997 жылғы 13 маусымдағы № 134 қаулысы негізінде «Қазақ әскерилендірілген атқыламаға қарсы бөлімі» қазыналық кәсіпорыны Атырау қаласында «Берен - Тест» Ашық типті акционерлік қоғам түрінде қайта құрылды.

«Ашық мұнайгаз атқыламаларын жою және алдын алу бойынша  Орал әскерилендірілген жасағы» «Берен - Тест» ашық типті акционерлік қоғамының 1997 жылғы 07 тамыздағы № 3 бұйрығы негізінде  «Берен - Тест» ашық типті акционерлік қоғамының (АТАҚ)  Орал бөлімі болып қайта тіркеуден өтті. Мемлекеттік тіркеу куәлігі 1998ж. 25.02.№325-1926 Ф-л.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.11.1998 ж. №1139 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің 1998 ж. 17 қарашадағы №248 бұйрығымен Атырау қаласында орналасқан таукен және өнеркәсіптегі қауіпсіздік жұмыстарын жүргізу, төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау жөніндегі бағыныстағы департаменттерімен «Ақ Берен» РМҚК  болып құрылды.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.11.98 жылғы №1139 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан филиалы «Ақ Берен» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  оқшауланған бөлімшесі болып, оның функцияларын толық жүзеге асырды.

«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі  Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі РМҚК комитеттерін қайта құру» 2007 жылғы 30 қарашадағы  Қазақстан Республикасы Үкіметі Жарғысына сәйкес, «Ақ Берен» РМҚК  Батыс Қазақстан  филиалы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау  комитеті «Ақ Берен» «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штаб» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалы болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 16 шілдедегі № 536 Қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.

«КӘАҚҚ» РМК Батыс Қазақстан филиалының штаттық саны - 62 бірлікті құрайды, филиал Батыс Қазақстан облысы аумағында ашық мұнайгаз атқыламаларын және газмұнайсудың пайда болуын жою және алдын алу жұмыстарын атқарады.

 Филиалдың бірінші басшылары (Орал жасағы)

- Немцов Ф.И. (1982 жылдан 1984 жылдар аралығында);

- Логинов А.В. (1984 жылдан 1990 жылдар аралығында);

- Бискалиев М.Д. (2000 жылдан 2007 жылдар аралығында);

-  2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін Кубенов А.Ж.   

 

Филиал құрылған кезеңнен бергі уақытта 2 ірі апат жойылды:



        -  1991 ж. Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны,  апатты жою 3 ай мерзімді алды.

        - 1988 ж. Каменск мұнай кен орны, апатты жою 7 күн уақытты алды.

Үнемі жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде  соңғы 20 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысының аумағында өңірдің қауіпті өндірістік объектілерінде ашық фонтандар болған жоқ.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

Құрғақта, теңізде және Қазақстан Республикасының аумағындағы су қоймаларында операциялар жүргізу кеізнде ашық газ және мұнай атқыламаларының пайда болуының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар, қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілерде және арнайы техникалық құрылыстың суасты бөлігінде профилактикалық жұмыстар жүргізу;

Құрлықта, теңіздер мен ішкі су қоймаларында теңіз операцияларын жүргізу барысында және ашық газ және мұнай атқыламаларын, газмұнай шығарындыларын жою кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды атқару;

Ашық газды және мұнай, газ-мұнай атқыламаларын жою кезінде авариялық-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын орындау;

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, соның ішінде тау-кен құтқару ісі, сондай-ақ атқыламаға қарсы және газ қауіпсіздігі мәселесі жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу;

Құтқару жұмыстарын жүргізу саласында шетелдік ұйымдармен ынтымақтасу;

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;

Мұнай мен газдың ашық атқыламалары маңында орналасқан елді мекендерге төнетін қауіптің алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау;

қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғалардың шығу себептерін тексеру, пайдалануға тапсырылатын және тау-кен құтқару қызметіне кіретін жаңа және қайта құрылған шахталарды, деңгейжиектерді, учаскілерді, карьерлерді, бөліктерді қолдануға қабылдау бойынша комиссия жұмысына қатысу;

Қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілерде болған техногендік аварияларды есепке алу мен талдау және олардың алдын алу бойынша іс-шаралар әзірлеу;

Құтқарушы мамандығы бойынша Кәсіпорынның жеке құрамын даярлау, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектілердің мамандарын оқыту мен қайта даярлауға қатысу;

табиғи және техногенді сипаттағы авариялар кезінде тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды, жоғарыдағы және жерасты өрттерін сөндіру, газ жарылыстары мен шаңның, кенеттен болған көмір мен газ шығарындыларының, тау жыныстары соққысының, опырылудың, су-газ атқылама шығарындыларының, газдану мен су басудың салдарын жою және қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілердегі басқа да шұғыл жұмыстарды атқару;

Зардап шеккендерге және кәсіпорын қызметкерлеріне тікелей жұмыс орнында және көшіру барысында алғашқы медициналық көмек көрсету;

Жедел жәрдем көрсетуге арналған емдік дәрі-дәрмектер, зертханалық және газ талдау жұмыстарын жүргізуге арналған прекурсорлар сатып алу, сақтау және пайдалану;

Өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін, жер қойнауын пайдаланушылардың нысандарының аварияларды жоюға, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға дайындығын тиісті деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу, желдету жүйелерінің тиімділігін тексеру, ұнтақтардың өрт сөндіру қасиеттерін анықтау;

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инженерлі-техникалық жұмысшылары мен жұмысшыларының еңбегін қорғау мәселелері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, кейін оларды Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органының бекітуімен.

Өрттің алдын алу мен өшіруге, сонымен қатар газ бен шаңның жарылысын жоюға, тау соққыларының, опырылудың, тау қазбаларының, нысандардың газдалуы мен су басуын және қызмет көрсету нысандарында төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін арнайы жұмыстарды орындау.

төтенше жағдайлардың алдын алудың мемлекеттік жүйесі қызметінен шығатын жұмыстарды (радиоактивті сәулелендіру мен СДЯВ байланысқан авариялар мен апаттардан басқа) орындау;

кәсіпорын қызметінің профилі бойынша қызмет көрсету нысандарында техникалық жұмыстарды орындау.

Стандартты емес жабдықтарды өндіру, техникалық, сервистік қызмет көрсету (метрологиялық тексеріс), авариялық-құтқару жабдықтарды, тыныс алу және газдыаналитикалық аппаратураны, зертханалық және медициналық жабдықтарды, құралдарды, авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін қажетті арнайы жабдықтардың қосымша бөліктерін және өзге де түрлерін сынау, куәландыру және жөндеу, диагностика, техникалық қызмет көрсетуді жүргізу, Кәсіпорынға жататын көлік құралдарын жөндеу;

қауіпті жүкті тасымалдау, соның ішінде түрлі газдар, жанар-жағармай материалдары, сұйық азот және соның ішінде аварияларды жою үшін арналған өзге де шығын материалдарын тасымалдау.

Жанғыштықты бақылау, куәландыру мен жөндеуді жүргізу, өртке қарсы жабдықтарды, құтқарушыны қорғайтын топтық құралдарды, жеке бақылау құралдарын, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, хроматографтарды, медициналық көмек құралдарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және қалпына келтіру, Кәсіпорынның қызметінің профилі бойынша өрт сөндіру құралдарының сапасын қалпына келтіру.

Қызмет көрсету кәсіпорындарында газ бен шаң сынамаларын алу, соның ішінде пласттардың өздігінен жануына бейімділігін анықтау, сонымен қатар ауа ортасын, прекурсорларды пайдаланумен зертханалық газдыталдау жұмыстарын талдау.

Көлікті және азлитражды баллондарды жөндеу және куәландыру; өрт сөндіргіштерді сынау және қайта толтыру; метанды-ауалы қоспаларды дайындау, оттегімен, сығынды ауамен және аз литражды баллондардың метанымен толтыру, транспортерлі таспалардың жанғыштығын анықтау, отты өшіретін ұнтақтардың өрт сөндіру қасиеттерін анықтау және қалпына келтіру.

Газ-химиялық анализаторлар мен индикаторлы түтіктерді, аспираторларды, бақылау құралдарын және тау-кен құтқару жабдығын тексеруді, вентильдерді, ажыратқыш респираторларды, ауа-тыныс алу аппараттарын, тау құтқарушы зембілдерін және өзге де арнайы жабдықтар түрлерін, қосымша бөліктерді өндіру және тексеру, сонымен қатар Кәсіпорынның қызметінің профилі бойынша жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың авариялық-құтқару жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет