Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің аурулары: тұмау, өкпе түберкүлезі ауа арқылы



бет1/5
Дата08.09.2017
өлшемі330,59 Kb.
#30167
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Д. Қонаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:



Тыныс алу мүшелерінің аурулары:

тұмау, өкпе түберкүлезі - ауа арқылы

берілетін аурулар. Кох таяқшасы – туберкулездің

қоздырушысы. Өкпе рагы. Тыныс алу гигиенасы.

Жасанды тыныс алдыру.

(тамыз кеңесіндегі панорамалық сабақ)

Пән мұғалімі: А. Арысбаева

Сарыөзек ауылы

10 сабақ

8сыныптар «ә»-11.02.2014 ж., «а,б» - 12.02.2014ж.

Сабақтың тақырыбы

Тыныс алу мүшелерінің аурулары: тұмау, өкпе түберкүлезі,- ауа арқылы берілетін аурулар. Кох таяқшасы – туберкулездің қоздырушысы. Өкпе рагы. Тыныс алу гигиенасы. Жасанды тыныс алдыру.

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға тыныс алу мүшелерінің аурулары түрлерімен, олардың таралу жолдары және таралуға қолайлы жағдайларымен, тыныс алу гигиенасы және жасанды тыныс алдыру жолдарымен таныстыру.

  2. Тынысалу мүшелері аурулары туралы түрлі мәліметтер ала отырып, өз бетінше іздену қабілетін дамыту.

  3. Тыныс алу мүшелерінің сыртқы ортада адам қолымен жасалынатын жағдайларды айта отырып, салауатты өмір салтын насихаттай отырып тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Тыныс алу мүшелеренің аурулары, олардың алдын алу шараларымен танысады.

Керекті құрал-жабдықтар

Плакаттар, маркерлер, желім, 3 түсті арнайы ленталар, түрлі-түсті суреттер, интерактивті тақта.

Сабақта қолданылатын әдістер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

АКТ –ны пайдалану.

Жас ерекшелігіне қарай білім беру.


Түйінді идея

Салауатты өмір салтын насихаттау.

Сабақ кезеңдері

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырамасын сұрау

Жаңа тақырып материялымен танысу

Үйге тапсырма

Бағалау

Рефлексия



Ұйымдастыру

кезеңі


Оқушыларды қалаулары бойынша арнайы төс белгілерін 3 түрлі түс бойынша таңдау жасай отырып, 3 топқа орналастыру. (Өздерінің мінездеріне сипаттама алады, дүние жүзілік «ракке қарсы» төс белгісі, тек 3 түс бойынша)

  1. Ақ түс - барлық түске жақын, барлық түске өзгеріс бере алатын идеал адам. Сонымен бірге қатқан мұзда бола алады, ақ түстей жарқылдай да алады.(теоретиктер)

  2. Күлгін түс - жаны жылы, жұмсақ, жайсаң адамдар. Өмір сүруге құштар, кез- келген жағдайда ойлана іске көшетін адам.(практиктер)

  3. Жасыл түс – табиғат пен көктемнің түсі,яғни не болсада адал дос, шынайылықты, шындықты қолдайтын адам, қиыншылық кездессе төзіп, артын тосатын адам.(профилактиктер)

Үй тапсырмасын сұрау

Төмендегі сурет бойынша тыныс алу

органдарының құрылысы, атқаратын қызметтері



туралы түсінік беріп өтіңдер

Жаңа тақырып материялымен танысу


3 топ мүшелеріне алдарына арнайы тапсырма беру.

1-топ. Теоретиктер тапсырмасы 1. Ауа арқылы берілетін аурулар: тұмау, өкпе туберкулезі

2-топ. Практиктер тапсырмасы 1.Өкпе рагы, кох таяқшасы – туберкулездің қоздырушысы

3-топ. Профилактиктер тапсырмасы 1.Тыныс алу гигиенасы, жасанды тыныс алдыру.



2. 3 топқа тақырыпқа сәйкес адамзатқа қандай кеңес берер едіңдер. (1.Хат жазу, 2.4 жол өлең жазу, 3.Символ салу)

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

Тобыңның тақырыбының негізін дәптерге түсіріп, сол мәліметтен түсінгеніңді айтып бер.

Өткір респираторлық вирусты инфекциялар (ӨРВИ)аурулар, өкпенің асқынуы- туберкулез, пневмония, бронхтардың асқынуы-бронхит, бронхиалды астма.ӨРВИ- әлемдегі ең таратымды аурулар тобы, тұмау, паратұмау, т.б.Бронхит- өкпеге ауа баратын тыныс жоолдарындағы немесе түтікшелеріндегі, инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит – негізінен, тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болады.Бронхиалды астма- жоғарғы белсенділігімен сипатталатын созылмалы кесел. Оның пайда болуына жұқпалы агенттер әсері мол.Пневмония- себебі негізінен бактериялық инфекция болатын, өкпенің респираторлық бөлшектерін зақымдануы. Пневмония ең жиі кездесетін аурулардың бірі (әр 1000 тұрғын ішінде 3-15 адам ауырады). Ауруханадан тыс пневмонияда өлім 5 пайыз жағдайда, нозокомиялық пневмонияда 20 пайыз жағдайда кездеседі. Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы –микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм. Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты Туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Өкпе қатерлі ісігі, өкпе рагы – адам өкпесіне түскен қатерлі ісік; созылмалы ауру. Өкпе қатерлі ісігінің пайда болуына сыртқы және ішкі себептер әсер етеді. Сыртқы себептерге: тыныс алу жолдары мен өкпеге физикалық, химиялық, канцерогендік заттармен ластанған ауаның, зиянды заттардың (шаң-тозаң, асбесвт, хром, т.б.) енуі, темекіні жиі тарту; ал ішкі себептерге: өкпедегі әр түрлі созылмалы қабынулар, иммундық жүйке қызметінің төмендеуі жатады. Өкпе қатерлі ісігіне әйелдерге қарағанда 45 – 60 жас аралығындағы ер адамдар жиі шалдығады. Бұл дерт анатоммя тұрғыдан төрт топқа (жалпақ клеткалы, бездік, бронхоальвеолярлық, пісіп жетілмеген) жіктеледі. Ісік клеткаларының пісіп-жетілуі неғұрлым төмен болса, соғұрлым оны болжау қиынға түседі, ісік тез өсіп, ауру асқынады, яғни бөгелме ісіктер пайда болады. Өкпе қатерлі ісігінің клиникалық белгілері оның орналасқан жеріне, кеңірдек қуысының ісікпен бітелу дәрежесіне, бөгелме ісіктердің болу, болмауына тікелей байланысты. Дерт алғашқыда кеуденің шаншып ауруымен (әсіресе дем алған кезде) басталады. Бұл кезде науқас құрғақ жөтеледі, сонан соң жабысқақ қақырық пайда болып, оған қан араласады. Адам ентігіп, демігеді, дене қызуы көтеріліп, қатты жүдейді. Ауру асқынғанда қатерлі ісік клеткалары қан мен лимфаға араласып, бүкіл организмге таралуы мүмкін. Мұндай жағдайда ешқандай ем қолдануға мүмкіндік болмайды. Ауруды анықтау үшін: жалпы клиника (анамнез, сипау, кеудені тыңдау, т.б.); параклиника (рентген, компьютерлік томография, ультрадыбыс арқылы, т.б.);бронхоскопия, бронхография, т.б. әдістер қолданылады. Диагноз қою қиындағанда диагностик. және емдік торакотомия (кеуде қуысын ашу) жасалынады. Емі: ісікке қарсы дәріні кешенді және араластыра беру, хирургиялық операция жасау, сәулемен емдеу, химиялық терапия әдістерін қолдану.
Гигиеналық талаптары - ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу т.б. Киім кию де дұрыс дем алу және дем шығаруға әсер етеді, сондықтан киім жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі қажет. Қолдан тыныс алдыру – ауру адамның қалыпты тыныс алу қабілеттілігі бұзылған жағдайларда жасанды түрде өкпеге, тыныс органдарына ауаны енгізу және шығару әдісі. Бұл әдіс кейбір ем шараларын қолдану барысында (өкпеге операция жасау, наркоз беру), тынысы уақытша тоқтағанда (иіс тию, әр түрлі газдармен улану,суға бату, электр тогымен жарақаттану, т.б.) қолданылады. Қолдан тыныс алдыру кезінде жәрдем көрсетіліп жатқан адамның қанын оттекпенқамтамасыз етумен қатар, өкпеге баратын ауа кезеген жүйке талшықтарын тітіркендіріп, мишықта орналасқан тыныс алу орталығын қоздыру арқылы тыныс алу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қолдан тыныс алдыру әрекеттерін ауру (жарақат алған) адамның жүрек қызметі тоқтамаған жағдайда ғана қолдануға болады. Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже береді. 

Бекіту тапсырмасы

Өкпе рагының сыртқы белгілері бейнеленген суреттердің екінші бетіне тақырыпқа байланысты 1- топ хат жазады, 2- топ 4 жол өлең жазады, 3- топ арнайы символ салады.

Бағалау

Формативті бағалау

Үйге тапсырма

Тақырыпқа сәйкес қосымша мәлімет дәптерге жазып келу, тақырыпты оқу, мазмұнын айту.







Рефлексия

«Біз салаутты өмірді қолдаймыз!

Біз өкпе рагын болдырмауға үлес қосамыз!» - ұранын тастау арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет