Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалардың орын алған бұзушылықтарын түзетуге, оны жалпы білім беру процесіне және әлеуметтік бейімдеуге құқығын қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.
Инклюзивті білім берудің негізгі ұстанымы «Бәріне бірдей мүмкіндік» екен. Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау деген сөз.
Инклюзивті білім беру топтарын ашу кезінде келесі жағдайлар ескерілуі тиіс:
ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін арнайы жағдайлардың болуы, оның ішінде кедергісіз орта құру;
түзету жұмысының мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын анықтауға бағытталған ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаға кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүргізу;
инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалардың жеке білім траекториясын жобалау және жүзеге асыру;
ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балалардың білім алуы мен әлеуметтенуін қамтамасыз ететін біріңғай түзету психологиялық-педагогикалық кеңістігін құру аясында басқа мамандармен өзара бірлесіп әрекетету;
ата-аналарды түзету-педагогикалық міндеттерді бірлесіп шешуге тарту арқылы жүзеге асады.
Әрине, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту керек деп айта бергенімен, біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беретін мекемелер бар ма, арнайы жабдықталған ба? Талапқа сай ма? деген сұрақтардың көкейімізде тұрғаны анық.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, таным-білуге, қабылдауға үйренеді.
Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм [2].
Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін.
И.Г.Кузина «өмірлік қиын жағдай» ұғымын, «адамның өзінің айналасындағылармен әлеуметтік қарым-қатынасы мен қалыпты өмір сүру дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі» деп танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы әлеуметтік қорғау қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар» деп қарастырады [3].
Н.Г.Осухова болса, бұл ұғымды «сыртқы жағдайлардың немесе іштей өзгерістердің әсерінен баланың өмірге бейімделуі бұзылады да, нәтижесінде ол осыған дейінгі қалыптасқан мінез-құлық тәсілдері мен модельдері арқылы өзінің күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындай күйге жетеді»деп түсіндіреді [4].
«Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымын анықтаудағы түрліше көзқарастар мен ұстанымдарды зерттей және саралай отырып, оның нақты белгілерін ажырату мақсатында келесі анықтаманы қарастыруға болады: өмірлік қиын жағдай, бұл – адамның қалыпты және қауіпсіз өмір сүруіне зардабын тигізетін және оның бұл жағдайдан өз бетінше шығып кетуі екіталай, белгісіз болатындай күйге түсуіне жеткізетін күйзелісі». Бұл жағдайда адамға міндетті түрде көмек керек. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар көмекке аса мұқтаж болады. Олар үшін, қиын жағдайлардан шығудың мүмкін жолдарын табу өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл фактілерді ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларғакөмек көрсетудің барынша тиімді жолдарын табу мен болжау қажет. Мұндай қолдаудағы басты мақсат-баланың қалыпты өмір сүруі мен тәрбиеленуі үшін барынша қолайлы жағдай жасау.
Біздің елімізде, Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы», «Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медицина-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда бекітілген.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген және сол балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалып, қазіргі таңда қолданыста жүріп жатқандығын айтуға болады.
Осындай зерттеулердің нәтижесінде, Қызылорда қаласындағы мектептердің барлығында инклюзивті білім беру қолға алынып, жүргізіліп жатыр. Соның бірі -қаламыздағы № 6 орта мектептің базасында құрылған «Инклюзивті білім беру» орталығы. Зерттеу жұмысымызды теориялық-зерттеушілік әрекетпен қатар, практикалық бағытта да жұмыстарымызды аталған білім орталығымен жүргізіп келеміз. 0105000-«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша «Күтуші» біліктілігінің мазмұнында «Жас ерекшелік және отбасында өзін-өзі ұстау психологиясы», «Әртүрлі жастағы балаларды күту ерекшеліктері», «Балаларды ерте дамыту әдістемелері» кәсіптік модульдерін меңгерудеміз. Болашақ бастауыш сынып мұғалімі- тек білім мен тәрбие процесін ұйымдастырушы маман емес, баланың тұлғасын жан-жақты дамытушы тұлға. Сондықтан да арнайы қамқорлықты қажет ететін балаларды тек сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс уақытта арнайы кәсіби білімі бар мамандардың (дефектолог, психолог, т.б.) көмегінсіз мүмкіншіліктерін дамыту- бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметіне қойылатын талаптардың бірі. Менің міндетім- инклюзивтік білім берудің теориялық және практикалық негіздерін меңгере отырып, өзгермелі қоғамға бейімделе алатын кәсіби құзыретті маман болу.
Сөзімді қорыта келе, Инклюзивті оқыту –барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы дегім келеді. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгеретіні анық.