Инклюзивті білім беру: балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүру
жағдайларын жақсарту
Ғалымжанқызы Нұрайым
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті,
Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы
Ғылыми жетекшісі: А.Нұрманова
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы, Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы
«Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 –2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Балалардың, оның ішінде өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарының бұзылуына уақтылы ден қоюдың жеткілікті дамымаған жүйесі, білім беру ұйымдарының едәуір бөлігінде инклюзивті білім беру және қарапайым ыңғайлылық үшін жағдайлардың болмауы балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүруіне қауіп төндіреді» деп атап көрсетілген.
Арнайы қамқорлықты қажет ететін балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылатын болса, біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып табылады.
Инклюзивті білім беру-ерекше білім алу қажеттіліктері мен түрлі жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық тәрбиеленушілер үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды түзету арқылы қолдау инклюзивті және арнайы білім беру аясында медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері:
-ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды түзеу арқылы қолдау үшін жағдай жасау;
|