ДАМУЫНДА АУЫТҚУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ СФЕРАСЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар «Тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылуы» деген ұғымға әр түрлі себептерден пайда болған және әр түрде көрініс беретін қимыл-қозғалыс бұзылулары енеді 1. Жүйке жүйесінің аурулары: 1. Жүйке жүйесінің аурулары: - БЦСА; - полиомиелит; 2. Тірек-қимыл аппаратының туа біткен патологиясы: - туа біткен жамбастың шығуы; - қисық мойындық; - маймақ аяқтық; - табан деформациялары; - омыртқа дамуының кемістіктері; - аяқ-қолдардың кеміс дамуы, - артрогрипоз (құбыжықтық). 3. Мидың, жұлынның және аяқ-қолдың аурулары мен зақымданулары: - полиартрит; - жұлынның және мидың жарақаттануы; - қаңқа аурулары (туберкулез, остеомиелит); - сүйек ісіктері; - қаңқаның жүйелі аурулары (хондродистрофия (ергежейлік), рахит) Қимыл-қозғалыс функциясының зақымдану дәрежесіне және қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай бұл категориядағы балалар үш топқа бөлініп қарастырылады: Қимыл-қозғалыс функциясының зақымдану дәрежесіне және қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай бұл категориядағы балалар үш топқа бөлініп қарастырылады: 1) қимыл-қозғалыс қызметінде ауыр бұзылулары бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы жартылай ғана қалыптасады; 2) орташа дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылулары бар балалар (сан жағынан ең көбі): балалардың басым көпшілігі өздіктерімен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, Бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан; 3) жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылулары балалар: олар бөлмеде де, көшеде де өздіктерімен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің
Достарыңызбен бөлісу: |