2. Қосарланған демиплегия Бұл БЦСА-ң ең ауыр формасы. Нәресте жаңа туған кезеңде толық диагностикадан өтеді. Себебі демиплегия аяқта да, қолда да болатын ауыр қимыл-қозғалыс бұзылулары. Мұнда интеллект БЦСАң басқа формаларына қарағанда көбірек зақымданады. Балалардың интеллектуалдық деңгейі олигофрен балалардың деңгейімен сәйкес 3. Гемипаретикалық форма Бұл ми қабығының қимыл-қозғалыс зонасының біржақты зақымдануымен байланысты. Ол көбінесе энцефалит науқасының нәтижесінде пайда болады. Энцефалит кезіндегі бұлшық еттер мен сіңірлердің құрысуы біртіндеп тоқтайды, бірақ біржақты сал болып қалу қаупі жиі кездеседі. Ол біртіндеп спастикалық түрге ауысуы мүмкін. Арнайы мектептердегі балалардың 20-25%-де кездеседі. Әрбір үшінші балада олигофрения, дизартрия, ал жартысында психикалық даму тежелуі кездеседі. Сіңір рефлекстерінде жоғары патологиялық рефлекстер көзге түседі. Көз жүйкелерінің зақымдануынан қыли көзділік пайда болады 4. Гиперкинетикалық форма Мұнда мидың қабық астылық бөліктері зақымданады, яғни ырықты қозғалыс жасауда маңызды рөл атқаратын бөліктердің жұмысы бұзылады. Ырықсыз, зорлық қимылдар – гиперкинездер пайда болады. Гиперкинездер еріктен тыс жасалады, ұйқы немесе тыныштық жағдайларында жоғалып кетеді. Ал қозғалыс кезінде, шаршау, толқу, эмоциональдық құбылыстар кезінде күшейіп кетеді. Олар әртүрлі бұшлық ет топтарын қамтиды. Бет, тіл, мойын, дене, аяқ-қол бұлшық еттерінде болады. Гиперкинездің формалары Хореиформдық гиперкинездер дегеніміз – жылдам, интенсивті, үйлесімсіз бұлшық ет қозғалыстары. Қабақты түю, маңдайды жиыру, көзді жыпылықтату, тілді шығару, аяқ-қолдың тәртіпсіз қозғалыстары, т.б. Атетоидті гиперкинездер. Бұл саусақтардың құрт тәріздес ақырын қимылдауы. Кейде таңдаиды тақылдату, ерін шығару, ауызын қисайту, беймаза түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |