Есту бұзылыстары бар балалардың, еститін балаларға қарағанда, заттармен
арнайы емес әрекет жасаудан арнайыға ауысуы нақты заттық әрекеттерді орындауы
баяу. Есту бұзылыстары бар балаларда бұл процесс арнайы үйретусіз баяу және
бірқалыпты емес өтеді, кейбір әрекеттер түрлері оларда 2 - 2,5 жаста, тіпті
мектепалды кезеңде ғана пайда болады. Балалар тек кейбір әрекеттерді орындайды,
жиі жақсы таныс заттармен ғана.
Заттық іс-әрекет негізінде есту бұзылысы бар баланың барлық қабылдау
түрлері дамиды, бірінші қатарда - көру /заттық әрекеттерді іске асыруда көмек етеді/;
қозғалыстары дамып, күрделенеді, негізгі ойлау түрі - бейнелі-әрекеттік қалыптасады. Сюжетті-рольдік ойын - мектепалды жастағы балалардың негізгі ісәрекеті. Ерекшеліктері: есту бұзылысы бар балалардың ойындарында үлкендердің
өмірлері, олардың іс-әрекеттері және қарым-қатынастары бейнеленеді. Ойын ісәрекетін меңгеру арқылы олардың әрекеттері күрделеніп, толықтырыла түседі.
Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін
анықтауда жанжақтылықты қамтамасыз ететін жүйелілік принципін сақтау қажет:
есту қалпын, вестибулярлы аппараттың қалпын, қозғалыс және сөйлеу дамуының
деңгейін.