1-билет
Пәні: Инклюзивті білім беру
Оқытушы: Исабаева З.М.
Инклюзивті білім беру ұғымын талдаңыз.
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін,ағылшын тілінде «араластырамын») немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім беру- мүгедек пен
дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары
бар балалардың дені сау балалармен бірге
олардың әлеуметтендіру және интеграция
процестерін жеңілдету мақсатындағы
бірлескен оқыту.
|
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаттары мен міндеттері салыстырыңыз.
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаттары :
-барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу;
-жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту;
-балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;
-арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері:
-инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық- экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;
-инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);
-білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;
-«кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;
-инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
-ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;
-инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
|
1.Инклюзивті оқыту:
А. мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада оқыту үрдісі
Б. мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беретін ортада оқыту үрдісі
В. мүмкіндігі шектеулі балаларды реабилитациялық орталықтарда оқыту үрдісі
Д. мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқыту үрдісі
Е. мүмкіндігі шектеулі балаларды кәсіби білім беретін ортада оқыту үрдісі
2. Қазақстанда біріктіріп оқыту тәжірибесімен инклюзивті білім беру үрдісі даму жолында өз үлесін қосқан
А. Р.А.Сүлейменова
Б. Г.Д. Хакимжанова
В. Г.А. Абаева
Д. А.Қ. Жалмұхамедова
Е. А.Қ. Ерсарина
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы мектепте біріктіріп оқыту:
А. инклюзивті оқыту
Б. интеграциялап оқыту
В. жекелей оқыту
Д. топпен оқыту
Е. деңгейлі оқыту
|
2-билет
«Психикалық дамудың тежелуі» және «ақыл-ой кемістігі» ұғымындарына сай келетіндерді сәйкестендіріңіз
|
Психикалық дамуы тежелген оқушыларды жалпыға білім беру мектебінде оқыту шарттарын талдаңыз.
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар. Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық, қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр.
Психикалық дамуында тежелуі бар балаларға тез шаршау, сөздік қорының аз болуы, ойын және іс-әрекеттің қалыптасу бәсеңдігі, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігі, логикалық ойлауының қалыптасу қиындығы тән.
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар – әдетте ұзақ уақытта әр түрлі себептегі науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және тұлғалық қарым-қатынаста шектеулі болып келеді. Көңіл-күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді әрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жете алады.
Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50 пайызын психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Дефектологтар В.И.Лубовский, К.С.Лебединская зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі болуы мүмкін екендігі, яғни, балалардың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігі ерекше атап көрсетілген. Психикасы дамуы тежелген (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі
|
1. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы арнайы педагогикасының болашақ бағыттарының бірі
инклюзивті оқыту
интегративті оқыту
жекелей оқыту
топпен оқыту
деңгейлі оқыту
2. Педагогикалық көмек көрсетудің кешенді сипаты:
Түзету
Сұхбат
Бақылау
Эксперимент
дұрыс жауабы жоқ
3. Білім саласында нақты бір үрдістің алдын ала қойылған мақсат пен нәтижелердің сәйкестігін қадағалау әдісі интеграциялап оқыту
Мониторинг
Скрининг
Сұхбат
Әңгімелесу
анкеттік
|
диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы
«Психикалық дамудың тежелуі» және «ақыл-ой кемістігі» ұғымындарына сай келетіндерді сәйкестендіріңіз
оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай-ақ бұл балалардың эмоционалдық ерік-жігер саласының жетілмеуі органикалық инфантилизммен түсіндіріледі.
оқытудың мазмұнына мыналар жатады: қоршаған орта туралы және ортаға
бейімделу туралы қолжетімді түсініктерді; коммуникативтік икемділіктерді;
заттық-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін игеру т.б.
Психикалық дамудың тежелуі
клиникалық белгілеріне байланысты оның үш дәрежесін ажыратады
Жалпы білім беретін мектепте балаларды
оқытудың анағұрлым дәл келетін жағдайлары арнайы сынып жағдайы болып
табылады.
Мұндай балалардың ойлау әрекеті ықтиярсыз есте сақтаудың жеткілікіз нәтижелілігімен, ықтиярлы есте сақтау, тұрақтылығының төмендеуімен сипатталады.
мектеп жасына дейінгі кезеңде үнемі танып білуге болмайды, оны әсіресе мектепке барардың алдында жаппай дәрігерлік тексеруден өткізу кезінде немесе жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбында анықтауға болады.
3-билет
Есту бұзылыстары бар балаларға және көру бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру жағдайларын венн диаграммасына салып салыстырыңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |