Инклюзивті білім беру Орындаған:Әптіқасым Н



Дата07.02.2022
өлшемі106,88 Kb.
#83592
Байланысты:
инклюзивті білім беру презентация 1 практика

Инклюзивті білім беру

Орындаған:Әптіқасым Н

Тобы:102-81

Қабылдаған: Нұрбекова А


SILKWAY Халықаралық университеті
Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

1. Барлық адамдар құқығының теңдігі;

  • 1. Барлық адамдар құқығының теңдігі;
  • 2. Адамдарды шектеудің болмауы;
  • 3. Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемеге және мектепке қабылдау;
  • 4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, мінез-құлықтың коммуникативті моделін игерту,
  • 5. Оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстыру;
  • 6. Арнаулы білім беру жағдайын жасау;
  • 7. Пәнаралық бағытты қалыптастыру (педагогтар, ата-ана, логопед, психолог, дефектолог, т.б. мамандықтардың өзара әрекеттестігі
  • 8. Өзгелермен қарым-қатынасқа және өзіне деген сенімділікке үйрету.

Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиындықтары, олар:


а) функционалдық қиындық;
б) науқастанудан туындаған қиындық;
в) дамудағы кемістіктен туындаған қиындық;
г) сыртқы ортаға бейімделе алмаудан туындаған қиындық;
д) қоғамдағы әр түрлі пікірлерден туындаған қиындық.

Мүмкіндігі шектеуліліктің туындау механизмдері:


а) Құрылымдық бұзылулар (медициналық, диагностикалық аппаратурада айқындалмауы);
б) Іс-әрекет түрлеріне қажетті дағдылардың жетілмеуі;
в) Әлеуметтік бейімделе алмау, сәтсіз әлеуметтену;
Инклюзивті оқыту – баланың тұрғылықты мекен-жайы бойынша оқуын және оқуға деген құқығын сақтау ұстанымына сүйенетін жалпы білім беретін мекемелердің білім беру жүйесі және ол үшін:
а) оқу бағдарламасы мен жоспарларын бейімдеу;
б) оқыту әдісі мен формаларын бейімдеу;
в) ерекше қажеттілігі бар балалардың әр түрлі оқу формасы мен жеке білім алу қажеттілігін есепке алу мен серіктестікте болу.
Инклюзивті білім беру – барлық балалардың жалпы білім беру үрдісіне енуі, әлеуметтік бейімделуі, жасына, жынысына, этникалық, діни өзгешелігіне қарамастан баланың жеке қажеттілігіне коррекциялық-педагогикалық, отбасылық, әлеуметтік қолдау көрсету, белсенді отбасының ықпалын қамтамасыз ету.
Кіріктірілген оқытудың формасы мен түрлері:
Толықтай кіріктірілген –
  • Дамуында бұзылуы бар балалардың нормаға сәйкес дамыған балалармен бірге оқуы ( балалардың дамуы жас ерекшелік нормаға жақын және психологиялық жағынан даяр болуы).

  • Толық емес кіріктірілген –
    - Психикалық дамуы жас ерекшелік нормадан төмен болуынан жүйелі коррекциялық көмекті қажет етуі, бірақ кейбір пәндерді бірлесе оқуға қабілеттілігінің жетіспеуі, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарға қатысуы

1)Барлық балалардың жалпы білім беру үрдісіне енуі; 2)Жасына, жынысына, этникалық, діни ерекшелігіне, дамуындағы тежелуіне қарамастан; 3)Баланың білімдік қажеттіліг мен даралық ерекшеліктеріне ортаны бейімдеу; 4)Адекватты білімдік жағдаятты тудыру.


Инклюзивті білім беру –
Инклюзивті білім беруде Қазақстан Республикасының төмендегідей заңдарына сүйенеді:
1)ҚР «Білім туралы заңы» ;
2)«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» .
Дәстүрлі білім беру жүйесінде «ерекше» балалар оқитын мекемелер:
- Арнаулы (коррекциялық) оқу орындары; - Үйде оқыту; - Арнаулы мектеп-интернаттар; - Коррекциялық мектептер және мектепке дейінгі мекемелер; - Оңалту орталықтары.

- 18 жасқа дейінгі дене және психикалық кемістігі бар балалар; - Туа біткен және жүре пайда болған науқастар; - Естуінде кемістігі бар балалар (естімейтін , әлсіз еститін, кейіннен есту қабілеті бұзылғандар); - Көруінде кемістігі бар балалар ( зағип, нашар көретін, кейіннен көру қабілеті бұзылғандар); - Қимыл-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар; - Сөйлеуінде кемістігі бар балалар; - Ақыл-ой кемістігі бар балалар; - Психикалық дамуында кемістігі бар балалар; - Эмоциялық-еріктік сферасы мен мінез-құлқы бқзылған балалар; - Күрделі кемістігі бар балалар.


Мүмкіндігі шектеулі балалар:
1971 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың одағы құрылып, жаңа әлеуметтік тұжырымдама әзірленіп, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиындығы қоғамдағы кедергілерге байланысты туындағаны талданды. Қоғам осындай кедергілерді тудыра отырып мүмкіндігі шектеулі адамдардың толыққанды дамуын тежейді.
1975 жылы –Мүгедектер құқығы туралы декларация. Ментальдық және өзге де денсаулығындағы ауытқушылығы бар адамдардың білім беру және әлеметтік құқығын қамтамасыз ету нормалары. Бұл құқықтар нәсілдік, жыныстық, тілдік, діни, саяси немесе өзге де және оның отбасы үшінде сақталуы тиіс.
XX ғасырдың 70 жылдарындағы “Білім беру – барлығы үшін” ұстанымын басшылыққа алып, әлемдік мүгедектерге қатысты әрекет ету бағдарламасы олардың өзгелермен бірдей білім алу құқығын қолдануына мүмкіндік берді.
Мүгедектер құқықтары:
  • Медициналық ем алуғы:
  • Психикалық ем алуы;
  • Ортопедиялық апараттарды қолдануға;

  • - Білім алуға;
    - Кәсіби даярлыққа;
    - Еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруіне.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет