Европа мен Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесінің салыстырмалы аспектілері
№
|
Еврапада
|
Қазақстанда
|
|
Ерекшеліктері
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Өткен ғасырдың 70-жылдарынан арнайы мектептер ман сыныптардың көп бөлігі жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланған. 1971 жылы жалпы білім беретін мектептерде оқу құқығы туралы алғашқы Заң пайда болды. 1977 жылы нақты нормативтерін бекітті.
|
Мемлекеттік бағдарламалар аясында инклюзивті білім беруді енгізу тек 2011 жылдан басталды. Осыдан кейін әлеуметтік орта мен жалпы білім беретін мектептерге «ерекше» балаларды жаппай енгізу басталды.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ЮНИСЕФ – БҰҰ Балалар қорымен тығыс ынтымақтастықта мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына ендіру бойынша зерттеулер жүргізіп, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасына ұсыныстар енгізді.
|
2
|
Еуропа елдерінде инклюзив-тік білім берудің бар тұжы-рымдамаларын зерттеуді екі аспектіде жүргізген тиімді болады: философиялық және аналитикалық, себебі зерттеу-дің бұл түрі кез келген әлеу-меттік саладағы қанадай да болмасын бір әлеуметтік құ-былыстың қалыптасу тарихын есепке алып қана қоймайды, сонымен бірге осы құбылыс-тың ары қарайғы дамуы мен пайда болуын дайындайтын қоғамның философиялық түсі-нігінің жетілуін көрсетеді.
|
Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің да-муы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасы-ның Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқы-тудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
|
3
|
Еуропада интеграциялау үде-рісі күшейе бастады және де 1957 жылы Еуропаның батыс елдері ғылым, мәдениет және білім беру мәселелеріне бір-ыңғай көзқарасты қалыптас-тыруға көмектесетін еуропа-лық экономикалық қауымдас-тықты құру туралы келісімге келді. 1961 жылы
қабылданған Еуропалық әлеуметтік хартия «дене бітімі мен ақыл-ойы дамымаған жұмысқа
қабілетсіз тұлғаларды кәсіптік дайындау, жұмысқа қабілеті мен әлеуметтік оңалтуды қалпына келтіру құқығын» бекітеді.
|
Инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
|
4
|
Инклюзивтік білім берудің нормативтік базасы Keystone Moldova
әзірлеген, Мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивтік білім беру
әдіснамасына сәйкес дамыған.
Keystone Moldova әдіснамасы инклюзивтік білім беруді ендірудің келесі кезеңдерін ұсынады:
-білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жіктеу;
-Мектепішілік көп бейінді комиссия құру және жанұялық білім беру
ортасын бағалау, бастапқы бағалау
және кешенді бағалау, ЖДБ әзірлеу;
-инклюзия үдерісінде балалар мен жанұяларға көмек көрсету;
-инклюзиялық ортаны әрбір мектептен педагогикалық кадрларды, көмекші
педагогтарды, көп бейінді комиссияның мүшелері мен орталықтардың үйлестірушілерін оқыту;
- ата-аналардың, сыныптастары мен қоғам мүшелерінің назарын аудару арқылы дамыту;
-мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивтік білім беруді мониторингілеу мен бағалау.
Әдіснаманың ережелеріне сәйкес
Инлкюзивтік білім беру мекемелерінің
Қызмет істеу стандарттары мен типтік ережелері әзірленді.
|
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада макемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.
Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.
|