Инклюзивті білім беру



бет1/3
Дата20.12.2021
өлшемі0,77 Mb.
#103863
  1   2   3
Байланысты:
инклюзив ұлыбритания хп71

Инклюзивті білім беру

Тексерген: Жамиля Зулкарнаева

Орындаған:Оразбаева Лариса

Құмар Айым

Айжарыкова Айдана

  • 1980-1990- жылдары Батыста мүгедектіктің табиғатын қоғамдық түсіндірудегі және соған сәйкес мүгедектерді толық экономикалық және әлеуметтік интеграциялаудың кепілдігі үшін қажет тәсілдер, шаралар мен қызмет түрлерін түсіндіруде трансформация жүзеге асырылды. Осы трансформацияның ортасында мүгедектердің өздері басқаратын және бақылайтын ұйымдардың санының өсуі болды.
  • Ұлыбритания инклюзия тәжірибесін таратудың заңнамалық базасын қамтамасыз ету жолымен жүріп келеді. Алғаш рет «арнайы білім беру қажеттіліктер» ұғымы елдің білім беру жүйесіне қатысты 1978 жылы арнайы комитеттің баяндамасында құрастырылды, онда оқушылардың арнайы білім алу қажеттіліктерін анықтау бойынша нақты процедура көрсетілді, мұндай ерекше қажеттіліктерді қамтамасыз ету жауапкершілігі білім берудің жергілікті басқармасына жүктелді, жалпы мектептің қосымша көмек арқылы осы арнайы білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыра алатыны көрсетілді. Көрсетілген идеялар 1981 жылы ерекше білім алу қажеттіліктері және мүгедектігі бар адамдарға білім беру туралы британдық заңды құрастырудың және қабылдаудың негізіне айналды.


  • Ұлыбританияда білім туралы Актінің қабылдануы (1981) жергілікті басқару органдарының арнайы мектептерді жабу және дамуында ауытқуы бар барлық балаларды жалпы білім беретін мектепке интеграциялау туралы бастамасына әкелді. 1981 жылдан бастап мемлекеттік саясат интеграцияға бағытталған. Арнайы білім беру қажеттіліктерін мамандар тобы анықтайтын болды: педагогтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер. Мұндай үлгі балаға бейресми түрде қатынас жасауға және реабилитациялық іс-шаралар жүйесін баланың өмір сүруінің сыртқы жағдайымен, оның ортасымен біршама дәрежеде арақатынаста болуына мүмкіндік береді. Сондықтан, білім беру саласындағы аталған заңның білім беру жүйесін мүгедектікті түсіндірудің медициналық моделінен әлеуметтік модельге әкелуін анықтауға болады.


  • Арнайы білім беру қажеттіліктерін ресми анықтау мен бағалау механизмі мен процедурасының әрі қарай дамуы, «Кодекс практики» (1994) арнайы құжатында өзінің жалғасын тапты. Кодекс заңнамалық талап болып саналмайды, бірақ арнайы білім беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету саласында, заңнаманы жүргізуге жауапты мектептерден, жергілікті білім беру басқармасынан, білім беру сервистері мен агенттіктерден, оны сөзсіз орындау талап етіледі. Арнайы білім беру қажеттіліктері саласында заңнаманың орындаулын қамтамасыз ету үшін, арнайы тәуелсіз соттар құрылды. Олар арнайы білім беру қажеттіліктерінің мазмұны және анықталу процедурасы бойынша, ата-аналар мен жергілікті білім беру басқармасы арасындағы кикілжіңді мәселелерді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет