Инклюзивті білім беруде ата-аналардың белсенділігі, олардың баланың даму нәтижелеріне жауапкершілігі
Отбасы - бұл бала өмір сүріп қана қоймай, оның адамгершілік қасиеттері, адамдармен қарым -қатынасы, идеялары мен қоршаған әлемге қызығушылығы қалыптасатын шағын қоғам
Ата – аналардың белсенділігі, балалардың даму нәтижесіне жауапкершілігі. Ата – аналар мен педагогтар бір команданың мүшелері деп те айтуға болады..
Ауытқуы бар баланың жаңа ұйымға үйренуі үшін ата – аналардың белсенділігі қажет.
Олар:
Біріншіден: Бала жаңа ортаға келгенде қорқыныш сезімі, ыңғайсыздану жағдайлары көп кездеседі. Бұл жағдайда, ата – анасының қолдауы қажет.
Екіншіден: Ата-ана баламен бірге үй тапсырмасын орындап қана қоймай , оқушыға қойылатын талаптар мен бағдарламалар мен таныс болуы қажет.
Үшіншіден: Балаға жаңа қарым – қатыныс орнатуға, жаңа достармен танысуға, жаңа ортаға бейімдеуге ата- ананың қолдауы қажет.
Ата-ана, дефектолог пен психологпен және басқа мамандармен көмегіне жүгінуі керек. . Дамуында ауытқуы бар балаларды кеңестікке қосуын жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің мұғалімдерін, ең алдымен дефектологтарды, сынып жетекшілерін, тәрбиешілерді және тәрбиешілерді арнайы даярлаумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |