Байланысты: 1 Инклюзивті білім берудегі қазақстандық және шетелдік тәжірибе 1
Финляндия Финдік негізгі білім беру жүйесі әуелден инклюзияның философиясына негізделген. Негізгі білім барлығына бірдей. Трансляция болмағанмен, негізгі білімді сәтті аяқтауы үшін балаларға жеке қолдау көрсетіледі.
Негізгі білім туралы Заңға сәйкес білім беру негізгі ұлттық оқу бағдарламасымен сәйкес келуі керек. Балалардың дені сау болып өсуі мен дамуына оң ықпал ету үшін оқыту білім алушылардың жасын және қабілеттерін ескере отырып ұйымдастырылуы тиіс. Оқыту білім алушылардың отбасыларымен бірге ынтымақтастықта жүргізілуі керек.
Негізгі білім берудің негізгі ұлттық оқу бағдарламасы ұлттық негіз болып табылады және жергілікті оқу бағдарламаларын әзірлеуде негіз ретінде қолданылады. Білім беру провайдерлері жергілікті оқу бағдарламаларын дайындауға және әзірлеуге жауапты. Муниципалитеттер осы ауданда тұратын барлық баланы бала күтімімен, мектепке дейінгі және негізгі білім берумен қамтамасыз етуге жауапты.
Мектепке дейінгі және негізгі білім берудің негізгі ұлттық оқу бағдарламасындағы түзетулер мәселелердің туындауы мен дамуын болдырмау үшін мүмкіндігінше ертерек қолдау көрсетуге бағытталған. Өсуді, білім алуды және мектепке баруды қолдау үш санатқа бөлінеді: жалпы қолдау, күшейтілген қолдау және арнайы қолдау. Әр адамның жалпы қолдауға құқығы бар. Бұл оқу мен оқыту процесінің күнделікті үйреншікті бөлігі. Күшейтілген және арнайы қолдау көп кәсіби топтарда ұзақ мерзімді жоспарлау мен мұқият бағалауға, сондай-ақ білім алушыларға арналған жеке оқу жоспарына (IEP) негізделген.
Егер жалпы қолдау жеткіліксіз болса, онда білім беру провайдері педагогикалық бағалауды жүргізіп, күшейтілген қолдау көрсету үшін оқу жоспарын дайындайды.
Егер күшейтілген қолдау жеткіліксіз болса, білім алушы одан әрі кеңейтілген педагогикалық әсерге ұшырайды. Білім беру провайдері мұғалімдер мен басқа мамандардан ақпарат жинайды. Осы ақпараттың негізінде білім беру провайдері арнайы қолдау жөнінде ресми шешім қабылдайды. Осы шешімнің негізінде оқушыға арналған ИББ құрылады.
Білім алушыларға ерекше жағдайларда қолдау қажет болуы мүмкін, мысалы, ауруға немесе қиын өмірлік жағдайларға байланысты. Мұндай жағдайларда оқыту ауруханаларда және қоғамдық үйлерде жүргізілуі мүмкін. Аурухананың жергілікті билігі білім алушы пациенттердің денсаулығына және басқа жағдайларға байланысты білім алуын ұйымдастыруға жауапты. Қоғамдық үй білім беруге құқылы болған жағдайда білім алушыларды қоғамдық үйлерде оқыту сол үйде жұмыс істейтін мектептің міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Страновой базовый отчет Казахстана. ОЭСР Обзор политики по улучшению эффективности использования ресурсов в школах (обзор образовательных ресурсов), подготовлен акционерным обществом «Информационно-аналитический центр» в рамках совместного проекта с ОЭСР в сотрудничестве со Всемирным банком и МОН РК, Астана –2014
2. Европейского агентства по особым потребностям и инклюзивному образованию - https://www.european-agency.org/country-information