Қазақстан Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты – білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу. Орта білім алу кезінде әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға білім беру ресурстарын бөлу ҚР «Білім туралы» Заңында және үкімет қаулыларында бекітілген өлшемдерге сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ әлеуметтік көмекті қажет ететін білім алушылар тобына қосымша ресурстар бөлуге бағытталған бағдарламар мен акциялар бар. Инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше қажеттілігі бар балаларға қолжетімді қосымша қолдау түрлері, сонымен қатар жоғарыда аталған білім алушыларға арналған қосымша қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Инклюзивті білім беру – білім алушылардың өзге санаттарымен бірге оқытудың білім беру бағдарламаларына тең қолжетімділікті, арнайы жағдайлармен қамту арқылы дамудың түзетуге бағытталған педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін мүмкіндігі шектеулі балаларды бірлесіп оқыту мен тәрбиелеу. [1, 17]
Республикадағы әрекет ететін білім берудің жалпы білім беру ұйымдары балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі санатына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беруге «Білім туралы» Заң кепілдік береді. Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсаттарын жүзеге асыруда дамуында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды олардың білім алуы үшін арнайы жағдаймен, дамуының бұзылысын түзеумен және білім берудің барлық деңгейінде әлеуметтік бейімдеумен қамтамасыз етеді. Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидалары негізінде ата-аналардың немесе өзге заң өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, жергілікті білім беруді басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында дамуында мүмкіндігі шектеулі балдармен бірге дені сау балалар оқитын (бір сыныпта екіден аспайтын дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар білім ала алады) сыныптар немесе бұзушылықтардың түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкін. Инклюзивті және арнайы сыныптардың мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларына арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигрофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүргізеді. Жалпы сыныптағы мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды. [1; 145]
«Инклюзивті білім беру мен ерекше қажеттіліктер жөніндегі европа агенттігі» сайтында 31 елдің инклюзивті білім беру жүйесі туралы ақпарат жарияланған. Франция, Греция және Финляндия тәжірибесін қарастырайық.
Франция Франция конституциясы бойынша: «мемлекет барлық деңгейде тегін діни емес мемлекеттік білім беруді қамтамасыз ету керек».
Мемлекет оқыту бағыттарын, ұлттық бағдарламаларды, оқу бағдарламаларының мазмұны мен ұйымдастырылуын айқындауы қажет. Сондай-ақ білім беру жүйесінің жалпы жүйелігін қамтамасыз ету үшін білім беру саясатын басқаруы және бағалауы керек.
Францияда ерекше білім беру қажет ететін білім алушылар (SEN) қосымша қолдаудың әртүрлі түрін қолдана алады, SEN ресми атауын алған білім алушылар бойынша деректер тек мүгедектігі бар білім алушылардың шектеулі санатына қатысты. Бұл санатқа оқудың нақты бұзылыстары (мысалы, дислексия, дискалькулия, дисграфия), физикалық бұзылыстары (мысалы, қозғалыс, көру және есту қабілетінің бұзылыстары) және психикалық денсаулықтың немесе жүйке жүйесінің ауытқушылығы (мысалы, ГЗЖБ, аутизм, мазасыздық) жатады.
«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың тең құқықтары мен мүмкіндіктері, қатысуы және азаматтығы туралы» заң Франциядағы мектепке қосылудың негізін қамтамасыз етеді. Қарапайым білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі білім алушылар оқуға алынуы мүмкін:
- жергілікті мектептегі жай сыныпқа. Білім алушының кестесі мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы мен автономиясы бойынша Комиссия (CDAPH) анықтаған сағат санына сәйкес ұйымдастырылады, егер ол толық жұмыс күні болмаса. Білім алушыны тасымалдауға қатысты шектеулер және мектептен тыс күтімге қатысты кез келген міндеттер келесі үлгі бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
- білім беру инклюзивтілігінің жергілікті бөлімі (ULIS). ULIS – кейбір жалпы білім беретін бастауыш мектептерде, колледждерде және лицейлерде орналасқан инклюзивті ұйымдар. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың шағын тобын оқытуды жеңілдетеді. Жай қарапайым сыныптарда педагогикалық бейімделу мен арнайы шаралар жеткіліксіз болғанда және кішігірім топта арнайы оқыту қажет болған кезде білім алушылар ULIS-ке назар аударады. ULIS-ті оқытуды ұлттық бағдарламаға сәйкес оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне бейімдеуде маңызды рөл атқаратын бейінді мұғалімдер үйлестіреді. Бұл уақытша түзету жүйесі емес, жай қарапайым сыныпқа мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды біртіңдеп қосатын инклюзивті ұйымдар. Білім алушылар өздерінің жеке «эталондық сыныбында» өздерінің қабілеттерін ескере отырып, өз қарқынымен пәндік саланы (мысалы, дене шынықтыру, математика және т.б.) зерттей алады, бұл оларға өз құрдастарымен бірге белсеңді оқуға мүмкіндік беретін,.
- экстернализацияланған оқу бірліктері (UEE). Әлеуметтік-медициналық бөлімшелер бірнеше жалпы білім беретін мектепте, колледжде немесе лицейде орналасқан және денсаулық сақтау секторына тәуелді. Экстернализацияланған оқу бөлімшелері қарапайым білім беру ұйымдары шеңберінде білім беру мен денсаулық сақтау қызметкерлері арасында ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай, белгілі бір пәндік саланы жай қарапайым сыныпта оқуға болады.
Қажет болған жағдайда қарапайым мектептің жай сыныбына немесе арнайы бөлімге баратын мүмкіндігі шектеулі білім алушылар арнайы механизмдерді, соның ішінде адам көмегін, ассистивті технологияны немесе мектеп жүйесінен тыс болуы мүмкін әлеуметтік-медициналық қолдау қызметінің көмегін қолдана алады.
Жалпы білім беретін ұйымдарда SEN оқу бағдарламалары бойынша оқитын оқушылар туралы 2016 ж. 8 тамыздағы 2016-117 Заңында мектептерде колданылатын төрт жоспардың қолданылуы көрсетілген:
- мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған жеке оқу жоспар. MDP көпсалалы бағалау тобы жеке оқу жоспарын (PPS) жасайды. Жоспар білім алушының қабілеттері мен қажеттіліктеріне, сондай-ақ оның отбасысының жүзеге асыру жөнінде пікіріне сәйкес әзірленеді: педагогикалық бейімделулер (оқу бағдарламасын саралау/бейімдеу); бағалау шарттары (мысалы, қосымша уақыт); көмекші технологиялар; жалпы білім беру шеңберінде SEN ресми шешімі бойынша білім алушыларға жеке көмек көрсететін (AESH) қолдауы бойынша көмекшінің адами көмек. Қажет болған жағдайда сыртқы қолдау қызметтерінің көмегін (мысалы, логопедтер) қоса алғанда, арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін.
- оқуда ерекше қиындықтары бар білім алушыларға арналған жекелендірілген қолдау схемасы дербес, оқу бағдарламасын бейімдеу мектеп деңгейінде жүзеге аса алады. Тек білім беру шараларынан тұратын жеке қолдау бағдарламасы (PAP) академиялық қиындықтары оқудың бұзылуынан (дисклексия, тілдік бұзылыстар және т.б.) болған білім алушыларға арналады. PAP тек мектеп дәрігерінің хабарламасын талап етеді және бағалау мен педагогикалық бейімделу шарттарын белгілейді.
- мектепте уақытша кедергілері бар білім алушыларға арналған білім берудегі жеке жетістік бағдарламасы. Бұл сызба ресми емес, өйткені оны оқытушылар ұжымы және білім алушылардың отбасы белгілейді. Білім берудегі жеке жетістік бағдарламасы (PPRE) алты апталық цикл ішінде мектеп деңгейінде жүзеге асырылады. Ол білім алушыға қажетті білім мен дағдыларды дамытуға көмектесетін педагогикалық бейімделулерді орнатады.
- денсаулық жағдайы нашар білім алушыларға арналған жеке қолдау жоспары (PAI) денсаулығында бұзылыстары бар білім алушыларға (мысалы, аллергия, астма, диабет, созылмалы аурулар) емделу хаттамасын және бағалауға арналған құралдарды (қажет болған жағдайда) ұсынады.
Франция білім беру министрлігі қолданыстағы барлық жоспарды біріктіру және цифландыру үшін онлайн-қосымша әзірлеуде. Бұл «инклюзивті мектептегі мансап буклеті» бейімделгіш және дамитын болады. Оның мақсаты – MDPH, мектеп дәрігерлері, педагогикалық ұжым мен отбасылар арасындағы диалог пен процедураларды жеңілдету.
Бұған медициналық білім беру, әлеуметтік немсе медициналық секторларға тән жоспарлардың басқа түрлері қосылады. Кейде олар бірнеше министрліктің агенттері немесе қызметтері қамтылған ынтымақтастық шеңберінде қалыптасады. Әлеуметтік-медициналық салада келесі схемалар немесе жоспарлар қолданылады: жеке оқу жоспары; мүмкіндігі шектеулі жастарды жеке қолдау жоспары; жеке қолдау жоспары, негізінен мінез-құлқы бұзылған білім алушыларға арналған.
Бастауыш және орта білім беру саласындағы инклюзивті тәжірибе бойынша кәсіби сертификаты (Cappei) бар мұғалімдер мемлекеттік және жеке жалпы білім беретін мектептердің мамандырылған сыныптарында сабақ береді. Мамандырылған мұғалімдер сондай-ақ медициналық білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандырылған ұйымдарына да тағайындалуы мүмкін.
Бастауыш мектеп және колледжде жалпы базаны игеруде қиындықтары бар білім алушыларға жеке көмек ұсыналады. Егер білім алушыда біліммен, дағдылармен және көзқарастармен айтарлықтай қиындықтары бар болса, олар оқудың кез келген кезеңінде білім беруде жетістікке жетудің жеке бағдарламасын (PPRE) қолдана алады.
Бастауыш мектепте оқуда қиындықтары бар барлық оқушы мектеп шеңберінде ұсынылатын жеке қолдау сағаттарын қолдана алады.
Үлкен қиындықтары бар мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арнайы ережелер қолданылады. Бастауыш мектепті бітіргенде расталмаған барлық білім мен дағдылар колледжде қайта бағалаудан өтеді. Дағдыларды лицей оқытушылары оқу бөлімшелерінде, бастапқы кәсіптік білім беру және бағдар бөлімінде (SIFPRO) немесе оқушыларды баярлау орталықтарында нұсқаушылар тексереді. Бағалау жағдайын ұйымдастыруды және, мүмкін, білім алушыға көрсетілетін көмекті қамтитын нақты ережелер арнайы қарастырылған.
Греция Барлық азаматтарға мемлекеттік білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тегін білім беруді ұсыну грек мемлекетінің негізгі конституциялық қағидаты болып табылады.
Барлық саладағы, ұйымдардағы және деңгейлердегі білім беру жүйесінің орталық әкімшілік органы Білім және дін мәселелері жөніндегі Министрлік болып табылады. Ол барлық оқушы үшін, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі және/немесе ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар (SEN) үшін де білім беру сапасын үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған саясат пен бастамаларды жүзеге асырады. Бұл тұрғыда инклюзивті білім беру грек білім беру жүйесінің басымдықтарының бірі болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі және/немесе ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар (SEN) санатына Заң бойынша мектеп өмірінің бүкіл немесе белгілі бір кезеңінде сенсорлық, интеллектуалды, когнитивті немесе даму проблемалары, психикалық денсаулық және нейропсихологиялық бұзылуларға байланысты оқуда айтарлықтай қиындықтарға тап болған мектеп оқушылары жатады. Олардың білім алушылардың мектептегі оқу процесіне және бейімделуіне әсер етеді.
Үлгерімі төмен немесе тілдік не болмаса мәдени әртүрлілік сияқты сыртқы факторлардың әсерінен оқуда қиындықтары бар мектеп оқушылары SEN санатына жатпайды. Күрделі когнитивтік, эмоционалдық және әлеуметтік қиындықтары бар, ата-ананың немқұрайлылығы және бас тартуы немесе отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан құқық бұзушылық мінез-құлқы бар білім алушылар, сондай-ақ бір немесе бірнеше арнайы интеллектуалды дағдылары мен таланттары бар білім алушылар SENSORI санатына жатады.
Заңға сәйкес SEN санатындағы білім алушылар келесі жалпы білім беретін ұйымдарда білім ала алады:
- сынып жетекшісінің қолдауымен жалпы білім беретін сыныпта. Білім берудің бұл түрі оқуда жеңіл қиындықтары бар білім алушыларға арналған;
- арнайы білім беру мұғалімдердің жеке параллель қолдауы бар жай қарапайым сыныпта. Бұл білім берудің түрі: тиісті жеке қолдаумен сыныпта оқу бағдарламасын орындай алатын білім алушыларға; өз аудандарында басқа арнайы білім беру ұйымы (арнайы мектеп, инклюзивті сынып) болмаса немесе оқушының қажеттілігіне байланысты параллель қолдау қажет болған кезде өте күрделі SEN бар оқушыларға арналған.
- жалпы білім беретін мектептерде арнайы ұйымдастырылған және қызметшілермен жасақталған инклюзивті сыныптарда. Инклюзивті сыныптар білім беру бағдарламаларының екі түрін қарастырады: жалпы және мамандырылған бағдарлама, аптасына 15 сағатқа дейін; аса күрделі қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған кеңейтілген кестенің жеке бағдарламасы немесе арнайы тобы.
Инклюзивті сыныптардың Заңмен анықталған негізгі мақсаты – ерекше қажеттілігі бар немесе мүмкіндігі шектеулі балаларды мектеп ортасына толықтай қосу. Бұл тұрғыда инклюзивті сыныптардың мұғалімдері сынып жетекшілермен бірлесіп, жалпы білім беретін сыныптардағы оқушыларға қолдау көрсетеді. Мұғалімдер білім беру тәжірибесінде сараланған тәсілдерді қолданады, білім беру ортасын және оқу материалын бейімдейді. Қолдау тек ерекше жағдайларда ғана жеке, бөлек инклюзивті сыныпта беріледі. Бұл жағдайда педагогикалық араласудың негізгі мақсаты – жай сыныпқа оқушыны болашақ толыққанды қосу.
Жалпы білім беру қызметтерінің бұл түрлері мүмкіндігі шектеулі және/немесе SEN білім алушылардың көбісінің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Жалпы білім беретін мектептерде немесе инклюзивті сыныптарда мүмкіндігі шектеулі және/немесе SEN білім алушылардың қатысымы олардың қажеттіліктері әсерінен әсіресе қиындаған кезде, олар: арнайы мектептерге барады; белгілі бір ауруханаларда, оңалту бөлімшелерінде, кәмелетке толмағандарға арналған тәртіптік мекемелерде, мүмкіндігі шектеулі балалар мен ерекше білім беру қажет ететін балалар бар созылмалы аурулар ұйымдарында автономды бөлімшелер немесе басқа мектептерге қосымша ретінде әрекет ететін мектептерге немесе филиалдарға барады; егер олар қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді денсаулық мәселелеріне байланысты мектепке бара алмаса, үйде білім алады.
Мектептердің барлық білім алушысының қажеттіліктерінің әртүрлілігіне жауап беру қабілетін арттыру үшін бірқатар ақылға қонымды материалды емес құрылғылар қарастырылған. Оларға жатады:
- қатысуға қатысты мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған арнайы жағдайлар. Егер олар мемлекеттік ауруханада немесе басқа мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында сертификатталған терапиядан немесе оңалту емінен өтсе, онда олар мектепке қатыспаудың нормативті уақытынан 30% ұзақ қатыспауларына болады;
- сараптама процедурасына қатысты арнайы шаралар. Заң бастауыш, орта, орта мектептен кейінгі, жоғары бірім беру (университетке түсу үшін А деңгейіндегі ұлттық емтихандар) және шет тілі бойынша ұлттық емтихан кезінде мүгедектіктің кейбір санаттары үшін жазбаша емтихандарды ауызша емтихандармен немесе емтихандардың басқа түрлерімен ауыстыруға мүмкіндік береді. Жүйелік емтихандар;
- екінші оқытылатын шет тілі бойынша емтихан бағасы бойынша арнайы ереже. Бастауыш және орта жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерге баратын мүмкіндігі шектеулі және/немесе ерекше қажеттілігі бар білім алушылар үшін екінші оқытылатын шет тілі бойынша емтихан балы қорытынды бағаны шығарғанда есептелмейді. Бұл ереже ата-аналардың өтініші бойынша қолжетімді;
- ЖОО-ға түсуге қатысты арнайы ережелер. Аурудың ауыр түрімен ауыратын білім алушылар орта мектепті сәтті бітірген жағдайда ЖОО-ға түсе алады.