Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты


Жалпы білім беретін мекемелердегі сурдопедагогтың қызметтік міндеттері



бет23/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Жалпы білім беретін мекемелердегі сурдопедагогтың қызметтік міндеттері:
Сурдопедагог болып дефектологиялық білім ,«сурдопедагог» мамандығы бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
Сурдопедагогика (латын сөзі «surdus»-саңырау) арнаулы педагогиканың бір бөлігі, бұл естуі бұзылған тұлғаларды зерттейді. Мүмкіндігі шектелген балалардың көпшілігі есту түрлерінің ауытқушылығының салдарынан айналадағы ортада ерекшеленіп байқалады.
Сурдопедагог жалпы білім беретін мекемелері мұғалімдері үшін белгіленген тәртіпке сай тағайындалады және жұмыстан босатылады.

Сурдопедагогтың міндеті:



  1. Саңыраулық пайда болу уақытына байланысты зерделеу жұмысын ұйымдастыру (ерте, кеш саңыраулану т.б)

  2. Есту анализаторының қалыпты дәрежеде қызмет етуі баланың жалпы дамуына үлкен әсерін тигізетіндіктен сөйлеуі мен психикалық ахуалын бағдарлап, түзету шараларын ұйымдастырады

  3. Есту қабілетінің үлкен қызметі болып табылатын естудің жәрдемімен бала өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай, оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға мүмкіншілігі болатындықтан жоспарлы жұмыс түрлерін ұйымдастырады

  4. Естуі нашар оқушылар дыбысты, сөзді анық, дәл қабылдай алмайды, дыбыстық бейнені естімейтіндіктен логопед мамандармен бірігіп, түзете- дамыту шараларының әдістерін түрлендіре отырып жұмыс жүргізеді

  5. Нашар есту немесе мүлдем естімеу жағдайлары баланың қоршаған дүниені тануын, сөйлеуді игеруін қиындататындықтан баланың ой қызметінің дамуында бұзылыс көрінеді. Сурдопедагог бұзылыстарды болдырмау немесе алдын –алу шараларын ұйымдастырып, көмек көрсетеді

  6. Дәрігер отоларинголог маманмен бірігіп баланың есту қабілетінің бұзылуынан тексере отырып, алдын алу сақтандыру шараларын да жүргізетін болады. (құлақты таза ұстау, кенеттен шыққан қатты айқай, топ шуылынан құлақты сақтау, дәрігерге жылына екі рет тексеріліп отыру)

  7. Естімейтін/ нашар еститін балаға қатысты сөйлеушінің тұрған орны және әңгімеге қатысушылардың саны да үлкен маңызға ие.Сондықтан арнайы маман әрқашан балаға қарама- қарсы тұру керек

  8. Маманның баламен жұмыстану барысында тұрған орнынан тым көп қозғалуына жол берілмейді, оқушыға еріннің қимылынан оқуға мүмкіндік беру керек

  9. Жұмысты жұптасып орындауға ынталандыру шарасын ұйымдастырады ( кітап беттерін, тапсырмалардың, нұсқаулықтардың және т.б көрсетуге көршісінен көмек қажет болады)

  10. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастырумен қатар баланың танымдық әрекетін және тұлғасын жан- жақты дамыту жүргізіледі [15]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет