Олигрофренопедагог мамандықтың қасиеттері Арнайы білім беру жүйесіндегі олигрофренопедагог балалардың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау, жас ерекшеліктерін ескеру, баланың көбірек ұнататын әрекет түрлерін іріктеу, әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі.Балаларда тез шаршауды болдырмау мақсатында бір әрекет түрінен екіншісіне ауыстырып отыру, сабақ түзету шараларын түрлендіріп отыру арқылы танымдық көрінісін қолдау және көтермелеу керек.
Олигрофренопедагог маманның құжаттары 1.Ақыл- ойының дамуында бұзылысы бар балаларды тіркеу журналы;
2.Түзету сабақтарына қатысуды тіркеу журналы;
3.Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін тексеру журналы;
4.Әр баланың танымдық картасы;
5.Әдістемелік (бағдарламалар) жұмыстың жылдық жоспары;
6.Оқушылардың әр тобына арналған күнделікті жұмыс жоспары;
7.Түзету сабақтарының үлгілері және жоспарлары;
8.Жұмыс дәптерлері;
9.Мінез-құлықтары мен әрекеттерін түзетуге арналған жеке сабақтардың күнделік- дәптерлері;
10.Кабинеттің паспорты, құрал- жабдықтардың, оқу құралдары мен көрнекіліктердің тізімі;
11.Атқарылған жұмыстың жылдық есептерінің көшірмелері.[30]