Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Оқу қабілеті/мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық қолдау көрсету



бет4/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
2.3-ресурс

Оқу қабілеті/мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық қолдау көрсету
Оқудағы қиындықтар – баланың оқуындағы белгілі бір проблемаларды, қиындықтарды сипаттайтын жалпы термин. Оқудағы қиындықтар балалардың дамуындағы ерекешіліктерге байланысты әртүрлі болады. Олар қозғалыс дағдыларына (қимыл-қозғалыс, қимыл-қозғалысты үйлестіру, кеңістікте бағдарлану), интеллектуалдық қабілеттерге (қабылдау, есте сақтау, ойлау, зейін, тіл/сөйлеу) әсер етеді. Мұндай қиындықтар оқу үлгерімінен (оқу, жазу, санау, т.б.), мінез-құлық пен эмоциядан көрініс табады.



Оқудағы қиындықтың түрлері:

  • вербалды, олар сөйлеу бұзылыстарымен және негізгі тілдің бұзылуымен байланысты (дислексия және дискалькулия);

  • бейвербалды, соның ішінде психомоторлық қиындықтар (диспраксия, дисграфия).






Дислексия, дискалькулия, дисграфия, диспраксия, оқытудағы анағұрлым кең таралған қиындықтар болып табылады.
Дислексия – оқуда сауаттылық дағдыларын (оқу, жазу, сөздерді (мағыналарды) декодтау), математикалық санау, тыңдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін және тілді дамытумен және қолданумен байланысты арнайы қиындық болып табылады. Дислексия когнитивтік қабілеттердің бұзылуынан (оперативтік (жұмыс) жады) көрінеді.

Дислексия оқу дағдыларын дамытуға кедергі келтіретін әлемдегі ең көп таралған оқудағы ауытқу болып табылады.


Дислексияның белгілері.
Дислексия белгілері баланың жасымен байланысты өзгереді. Дислексиясы бар балаларда жиі кездесетін даму белгілері:

  • бала сыныптастарына қарағанда кеш сөйлейді;

  • басқа балалардан айырмашылығы, сөйлеу дыбыстарын, сөздерді айтуда үлкен қиындықтар туындайды;

  • әліпбиді, сандарды, апта күндерін, түстерді есте сақтауда үлкен қиындықтары бар, өз атын жазуда және оқуда қиналады;

  • өлең оқудағы, мәтіндерді, әңгімелерді, оқиғаларды және т.б. қайталап айтудағы қиындықтар,

  • сөздерді буынға әрең бөледі, қолмен жазылған мәтінді оқу қиынға соғады;

  • сөздердегі әріптердің акустикалық және артикуляторлы ұқсас дыбыстардың(б-п, д-т, с-ш, ж-ш т.б) орнын, сандарды санауда/есептеуде шатастырады;

  • грамматика, орфографияны үйрену өте қиын, оқу мен жазуды нашар меңгереді;

  • жазуы түсініксіз, әдетте қаламды немесе қарындашты ебедейсіз, жұдырықпен ұстайды немесе оны өте қатты ұстайды;

  • жаңа сөздерді, фактілерді, оқиғаларды есте сақтауы қиын;

  • сөздік қоры жеткіліксіз, оқылған мәтіндерден жаңа ақпарат, идеяларды қиын қабылдайды;

  • өз уақытын ұйымдастыруда, жұмысты жоспарлауда және т.б. қиналады.

Дислексия белгісі бар балаларды оңалту арнайы терапияның келесі әдістерін қолдану арқылы арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асырылады: Мейкснер әдісі, Шиндлер әдісі, Айрес әдісі, Делакато әдісі, Фростиг әдісі және т.б. Ерте бастан қолдау көрсету дислексиясы бар балалардағы ауытқулардың дамуын жеңілдетеді және алдын алады.


Дислексиясы бар әрбір бала түрлі белгілермен ерекшеленеді және жеке қолдауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет