Аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларды оқуға тартуға арналған қолдау стратегиялары
Кеңістік – физикалық орта
Бақылау және көмектесіп отыру үшін оқушыны мұғалімге жақын отырғызу.
Қарым-қатынас
Ақпараттық іс-әрекет: әңгімелесу, экскурсиялар, мазасыздықты азайту, қауіпсіздік сезімін арттыру.
Қарым-қатынас құру бойынша іс-әрекет: мұғалім-оқушы қатынасы, оқушы-оқушы қатынасы, мектептен тыс қарым-қатынас.
Үнемі ынталандыру.
Оқушының қол жеткізген ілгерілеуін/жетістігін көрсетуге мүмкіндік беретін бақылау жүйесін жасау. Оны мектеп әкімшілігімен және ата-анасымен талқылау.
Топтық жұмысқа қатысуын ынталандыру. Оқушының коммуникативті дағдыларына назар аудару.
Оқу процесі
Басшылыққа алатын ережелерді оқушыға таныстыру.
Оқушы үшін орындау қиын болып табылатын кез келген тапсырманың үлгісін немесе тапсырманы орындау бойынша кеңес беру.
Оқушы орындайтын тапсырма санын біртіндеп көбейту.
Көрнекіліктерге, тақырыптық таныстырылымдарға басымдық беру және сюжеттік-баяндау таныстырылымдарын пайдалануды азайту.
Компьютерді қолдану дағдысына мән беру.
Шынайы өмірлік жағдаяттар ұсыну.
Интерактивті жұмыстың әртүрлі әдіс-тәсілдері арқылы әлеуметтік және сөйлеу тілін дамытуға ықпал ету.
Өзара қарым-қатынасты бекітуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру (ән салу, доп ойнау, т.б.).
Аутизм спектрінің бұзылысы бар баланың барлық қылығын қоршаған ортаның орындауына және өмір салтын соған бейімдеуге жол бермеу. Бұл көбінесе өте қиын жағдайларға әкеледі.