9
Арнайы сыныптар қажетті жағдай жасалғанда (материалдық, кадрмен қамту,
оқу-әдістемелік) ашылады.
Арнайы сыныптардағы оқу процесі, есту қабілеті, көру, сөйлеу, тірек-
қозғалыс аппаратының бұзылыстары, психикалық дамуы тежелген білім
алушылар үшін ҚР МЖБС талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының мазмұны бойынша жалпы білім беру нәтижелеріне қол
жеткізу үшін, ал жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар
үшін қолжетімді білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін, МЖМБС
талаптарынсыз қоғамдағы жеке және тәуелсіз өмір салтын қалыптастыруға
қажетті бастапқы кәсіби-еңбек дағдыларын меңгерту арқылы жүзеге
асырылады.
Білім беру мерзімі арнайы сынып жағдайында бастауыш деңгейінде,
нөлдік сыныпты енгізу арқылы 1 жылға ұзартылды және оқу-танымдық
әрекеттердің баяу қарқынын ескере отырып, сонымен бірге түзете-дамыту
және оңалту шараларын іске асыру мақсатында негізгі орта білім беру
сатысына 10 сыныпты енгізу есебінен 1 жылға ұзартылды.
Достарыңызбен бөлісу: