11
Мұғалім ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың
даму ерекшеліктері
туралы кешенді пәнаралық білімді, дамуындағы ауытқуларды тудыратын
себептер туралы, сондай-ақ жалпы білім беретін әр түрлі пәндерді оқытудың
арнайы әдістемесін меңгеру қажет.
Мұғалімдерді оқыту тұрақты болуы тиіс –курстық дайындау
(модульдік) түрінде және біліктілікті арттыру
институттар базасында ғана
емес сонымен қатар мектептерде де жүргізілуі керек. Теориялық
дайындықпен қатар оқыту орнында практикалық оқытуды қарастыру қажет,
мұғалімдерге өз мәселелерін талқылауға үнемі кездесуге,
тәжірибесімен
бөлісуге мүмкіндік жасау қажет. Ұқсас жағдайларда мұғалімдердің қалай
жұмыс жасап жатқаны туралы ақпарат басқа педагогтарға өзіндік іс-
әрекеттерін талдауға, жаңа идеяларды жүзеге
асыруда сенімділік пен алға
ұмтылуға көмектеседі.
Тұрақты қолдау мен кеңес беруді мұғалімдер түзету-дамыту жұмысын
жүргізетін арнайы педагогтардан алуға тиіс. Олар психологиялық-
педагогикалық сүйемелдейтін мектептегі қызметтің немесе психологиялық-
педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандары.
Білім беру үдерісінде ерекше орынды ата-аналар алады. Олар білім беру және
түзете-дамыту үдерісінің белсенді қатысушылары болуы керек. Ата-аналарға
арнайы педагогпен балаларының түзету және консультативтік сабақтарына
қатысуға мүмкіндік жасалуы тиіс. Арнайы
педагог баланы оқыту мен
тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға ұсыныстар жасайды. Бала үйде
оқыған материалмен сабаққа келгенде бірін бірі қайталайтын оқытуды
болдырмау өте маңызды. Егер табысты оқыту үшін бұл жалғыз мүмкіндік
болса, баланы жалпы мектепте оқыту туралы мәселе туындайды. Бұл
оқушыға дені сау балалармен сабақтан тыс жұмыстарды, мерекелер және
спорттық іс-шараларды бірге өткізуді ұйымдастыру пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: