Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың



Pdf көрінісі
бет15/69
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#121024
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
Байланысты:
mat005

 
 
2.3 Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды 
ұйымдастыру 
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері 
«Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы» (ТҚАБ) ұғымы жинақтамалық 
сипатқа ие және өзінің құрамына органикалық орталықты немесе шеткері 
пайда болған қимыл-қозғалыстық бұзылуды қамтиды. 


26 
Тірек-қозалыс аппараты бұзылған балаларды келесі санаттарға бөледі: 
-
балалардың сал ауруы (БСА); 
-
қалпына келген немесе қалдықты кезеңдегі полиомиелиттің 
салдарынан; 
-
миопатиямен; 
-
туа біткен және жүре пайда болған ақыл-ой кемістігінің және тірек-
қозалыс аппаратының бұзылуымен. 
ТҚАБ балалардың қимыл әрекетінің бұзылуынан басқа интеллектуалды 
даму кемістігі де байқалуы мүмкін: балалардың 40-50%-ында психикалық 
дамуының тежелуі болса, барлық балалардың 10%-ға жуығында – түрлі 
сатыдағы ақыл-ой кемістігі байқалады. Бұл кемістіктер мидың зақымданумен 
түсіндіріледі, сонымен қатар қозғалыс белсенділігінің шектелуі және 
дамудың 
қосымша 
бұзылуларының 
нәтижесінде 
пайда 
болатын 
депривацияның (қорқыныш) салдары болып табылады. Психикалық дамудың 
тежелуі ойлау қызметі қалыптасуының артта қалуында, түрлі психикалық 
функциялардың біркелкі дамымауында, астениялық (ағза әлсіздігі) 
жағдайлардың айқын байқалуында көрініс табады. 
ТҚАБ балалардың арасында саны ең көп топты БСА ауыратындар 
құрайды. Бұндай балалар қимыл-қозғалыс саласы және танымдық әрекеті 
кемістіктері байланыстарының нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің арнайы 
жағдайларын қажет етеді. БСА барысында әдетте, қимыл-қозғалыстың 
бұзылуы тілдік кемістікпен және жекелеген психикалық функциялардың 
қалыптасуының тежелуімен сәйкестікте болады. қимыл-қозғалыс және басқа 
да функциялардың жетіспеушілік деңгейінің айқын байқалуы арасында 
сәйкестіктің болмайтындығын да атап өту қажет. Даму құрылымы 
бұзылуының көптүрлілігінің байқалуы, бұл балаларға білім беруді 
стандарттандыруды қиындықтар тудыратыны сөзсіз. 
БСА кезінде болатын қимыл-қозғалыстық бұзылулар қол мен аяқтың 
зақымдануынан 
байқалады 
(бұлшық 
ет 
тонусының 
зақымдануы, 
патологиялық рефлекстер, қимыл-қозғалыстың күштеу арқылы болуы, тепе-
теңдіктің, кординацияның, шағын моториканың қалыптаспаушылығы). 
Қимыл-қозғалыс бұзылуының ауыртпалығы әр түрлі болады: кейбір балалар 
тік күйде отыра және тұра алмайды, тек арнайы арбада ғана қозғала алады, 
көптеген балалардың жүріс мәнері өгеше болады, көпшілігі ортопедиялық 
арнайы құрылдар – балдақтар, таяқтар және т.б. пайдаланады, сал ауруымен 
ауыратын балалардың аз ғана бөлігі қосымша құрылғылардың көмегінсіз 
қозғалу мүмкіндігіне ие. Оң жақ аяқ-қолдары зақымданған ауру балалар, іс-
әрекетті сол қолымен істеуге мәжбүр, бұл жағдай олардың өзіне-өзі қызмет 
ету және жазу дағдыларын меңгерулерінде қиындық тудырады. Барлық 
дерлік балаларда саусақтардың сезімталдығы дамымаған. 
БСА ауыратын балалардың көпшілігінде сөйлеу дағдыларының 
кемшілігі байқалады, соның ішінде жиі кездесетін жағдай – тіл күрмелудің 
(дизартрия) түрлі формалары. Тіл күрмелудің байқалуы әр түрлі: жеңіл 


27 
(өшірілген) түрінен мүлдем түсініксіз сөйлеуге дейін болуы мүмкін. Ең 
күрделі жағдайларда анартрия (сөйлей алмау) байқалуы мүскін. 
Дыбыстарды айтудың бұзылуы көптеген жағдайда жалпы сөйлеу тілінің 
дамымауының (ЖСТД) әсерінен қиындайды. 
Тілдік кемістіктің болуы көптеген жағдайда сөйлесу ықыласын 
төмендетеді және сөйлесу байланысында қиындықтар тудырады.
Балалардың 20-25%-да көру кемістігі бар: қитарланған және 
шашыранды қылилылық, нистагм, көру кеңістігінің шектелуі. 
БСА танымдық процестердің қалыптасуы жекелеген психикалық 
функциялардың тоқтап қалуымен және біркелкі дамымауымен сипатталады. 
Көптеген балаларда қабылдаудың дамуында, сонымен қатар кеңістіктік және 
уақыттық елестетудің қалыптасуында қиындықтар байқалады. 
Барлық балаларда дерлік астения (ағза әлсіздігі) байқалады: жұмысқа 
қабілеттіліктің төмендігі, барлық психикалық процестердің қалпына келмеуі, 
қабылдаудың бәсеңдігі, зейін аударудың қиындығы, есте сақтау көлемінің аз 
болуы. 
Бұндай балалардың көпшілігінде жоғары психикалық функциялардың 
даму әлеуетінің бар екендігін атап өту қажет, алайда дене бітімінде 
кемшіліктері (қимыл-қозғалыс, есту, көру фукцияларының бұзылуы), сөйлеу 
қиындықтары, астениялық көріністің және білім қорының шектеулілігі, 
әлеуметтік-мәдени депривацияның салдары бұл мүмкіндіктерді жасырып 
тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет